ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық бойынша арнайы қосымшасы аясында «Күміс теңге» операциясы» атты балаларға арналған қаржы детективінің алғашқы шығарылымы шықты. Арнайы қосымша бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған және республикалық «Дружные ребята» және «Ұлан» газеттерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Басты кейіпкерлер – Мұрат, Ерке және Алиша есімді үш дос, олар ақшаның қайдан келетінін және қайда жоғалып кететінін, жеке ақшаны қалай басқаруды, алаяқтық пен қаржы пирамидаларын тануды үйренеді. Бұл ретте оларға дана тасбақа Қорғау, Ричи есімді спаниель және қолға үйретілген Галла атты сауысқан көмектеседі.
Әрбір шығарылым әр түрлі викториналармен, бас қатырғыш жұмбақтармен, лабиринттермен, қаржылық сауаттылық бойынша логикалық тапсырмалармен сүйемелденеді, бұл жас оқырмандарға өткен материалды бекітуге мүмкіндік береді.
Толығырақ Балаларға арналған бөлімнен оқыңыздар.
«Соза берген іс сорға бастар: берешекті жеке сот орындаушысына жеткізбеудің тиімді жолдары
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Абайлаңыз, цифрлық алдау: алаяқтар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін қалай пайдаланады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық