Оқу үшін қалай жинақтауға болады? Бұл сұрақтың жауабын «Күміс теңге» операциясы» балалар қаржы детективінің басты кейіпкерлері іздеді.
11-ші шығарылымда Мұрат, Ерке және Әлиша Қазақстанда 2013 жылдан бастап мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жұмыс істейтінін білді. Оған тек екінші деңгейдегі банктер арқылы ғана емес, сонымен қатар өмірді сақтандыру компанияларына хабарласу арқылы да қатысуға болады.
Шығарылым «Білім беру депозиті – арманға апаратын жол» оқу-комиксімен және «Қалай ЖОО студенті атануға болады?» экономикалық ойын – лабиринтпен қоса жүреді, бұл жас оқырмандарға өткен материалды бекітуге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, балалар қаржы детективі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде шығады. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.
Балалардың шытырман оқиғасы туралы толығырақ "Балаларға арналған қосымша" бөлімінен оқыңыз
Қазақстандағы исламдық қаржыландыру: нелерді білу маңызды
Қазақстандықтарды онлайн ойындардағы алаяқтардан сақ болуға шақырды
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Дропперлік: алаяқтық схемаға қалай серіктес болып қалмау керек