Гаджетіңізді кибершабуылдардан қалай қорғау керек

time 5.06.2023
aye 7833
Гаджетіңізді кибершабуылдардан қалай қорғау керек

Гаджеттерге алаяқтық шабуылдар күн сайын жасалып тұрады. Алаяқтар пайдаланушылардың есептік деректерін және телефондардан басқа да жеке ақпаратты ұрлауға маманданған зиянды трояндарды белсенді түрде таратқан. Fingramota.kz негізгі қауіпсіздік шараларын еске салады.

Алаяқтар қандай деректерді алғысы келеді

Сіздің картаңыздың немесе шотыңыздың нөмірін және сіздің атыңызды, тегіңізді, ЖСН білу, алаяқтардың шоттан ақша алуына жеткіліксіз. Бұл үшін оларға картаның толық деректемелері қажет: жарамдылық мерзімі және қауіпсіздік коды, мысалы, VISA карталарына арналған CVV коды немесе MasterCard карталары үшін CVC-код. Сондай-ақ олар сіздің телефоныңызға SMS, логин, онлайн-банкингтен пароль, мобильді банктік қосымшадағы жеке кабинеттер түрінде келіп түсетін банктің кодтары мен хабарламаларын білуі қажет. Сонда ғана олар сіздің шотыңыз бойынша кез келген операцияларды кедергісіз орындауға мүмкіндік беретін барлық төлем ақпаратына ие болады.

Әлеуметтік инженерия мен фишингті қолдана отырып, алаяқтар сіздің гаджеттеріңізге, атап айтқанда ұялы телефонға қашықтан қол жеткізу және осылайша құпия ақпаратты ұрлау мақсатында конфиденциалды деректерді білуге тырысады.

Қаскөйлер түрлі бағдарламалық қамтылымдарды (БҚ) пайдаланады. Мысалы, трояндарды іске қосады, трояндар - рұқсат берілген БҚ түрінде бүркемеленген зиянкес бағдарлама. Олар пайдаланушылардың жүйелеріне рұқсатсыз қол жеткізуге көмектеседі және қажетті қаражатты ұрлайды. Көп жағдайда трояндар мобильді қосымшалар мен мессенджерлерге шабуыл жасайды, себебі адамдар үнемі өз телефонын банктік қосымшалар орнатылған, парольдер мен басқа да маңызды ақпараттар сақталатын сенімді құрылғы ретінде қолданады. Сонда-ақ, шабуылдар кезінде электрондық хаттар, SMS немесе push - хабарламандыру қолданылады.

Мұндай шабуылдардан қорғану үшін тексерілген вирусқа қарсы бағдарламаларды пайдалану қажет. Оларды өзіңіз қолданатын барлық құрылғыларға орнатып алыңыз, және оларды жиі-жиі жаңартып отыруды ұмытпаңыз, себебі алаяқтар үнемі БҚ мен қосымшалардағы кемшіліктер мен осалдықтарды іздеп отырады.

Сіздің поштаңызға келетін сілтемелерге назар аударыңыз, егер де домен күдік туғызатын болса, сілтемені ашпаңыз, бұл жерде бұзып кіру қауіпі бар. Спамдарды бұғаттаңыз және оны корзинаға жөнелтіңіз. Операциялық жүйені жаңартып отырыңыз және барлық қосымшаларға, пошта жәшіктеріне, әлеуметтік желілердегі аккаунттарға сенімді және әртүрлі құпия сөздерді орнатыңыз. Қосымшалардың және басқа да маңызды сервистердің парольдерін/кіру кодтарын телефонда сақтамаңыз. Құрылғының жадында электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) кілтін сақтамаңыз. Құрылғылардың жадында банк карталарының фотосуреттерін, сондай-ақ парольдің жазылуы мен дербес/құпия деректердің ұрлануына әкелуі мүмкін басқа да ақпаратты бейнелейтін фотосуреттерді сақтамаңыз және мессенджерлерде жібермеңіз.

Ұялы телефоныңызды жоғалтқан жағдайда не істеу қажет? 

Бұғаттауды пайдаланыңыз. Телефонның теңшеулерінде экранның автоматты бұғатталуын қосыңыз, саусақ ізінің немесе Face ID көмегі арқылы биометрикалық құпиясөзді қолданыңыз.

Қадағалау теңшеуін орнатыңыз. Құрылғының орналасқан орнын қашықтан қадағалауға мүмкіндік беретін бағдарламаны пайдаланыңыз. Телефоныңызды жоғалтып алған жағдайда сіз өзіңіздің гаджетіңіздің қай жерде екенін қадағалап, оған қосылып, өзіңіздің барлық деректеріңізді өшіре аласыз.

Мысалы, Android базасындағы құрылғыларда Google Find My Device телефонды іздеу функциясы бар, Samsung девайстарында – Samsung Find My Mobile ұқсас опциясы, iOS алаңында – Find My iPhone опциясы бар. Оларды гаджеттің теңшеуінде міндетті түрде алдын ала іске қосыңыз.

Резервтік көшірмелер жасаңыз. Міндетті түрде деректеріңіздің резервтік көшірмелерін жасаңыз. Бұл опция теңшеу конфигурациясын, барлық қосымшаларды және жеке ақпаратты сақтау үшін ойлап табылған. Берілген функция жоғалған құрылғыдан деректерді қалпына келтіруге және оларды жаңа құрылғыға көшіруге көмектеседі.

Егер сіздің телефоныңыз ұрланған болса, қандай әрекеттер жасау керек?

Сіздің банктік картаңызға тікелей байланысты нөмірі бар телефон жоғалған жағдайда, сізге қызмет көрсететін банкке шұғыл түрде хабарласуға кеңес береміз. Барлық карталарды бұғаттауды сұраңыз. Оларды кейін қайта шығаруға тура келеді. Басқа құрылғылардан пошта жәшіктеріне, әлеуметтік желілердегі аккаунттарға құпия сөздерді шұғыл түрде өзгертіңіз.

Егер сіз телефоныңыз ұрланғанына сенімді болсаңыз, ұрлық туралы құқық қорғау органдарына өтініш жазуды ұсынамыз, тіркелген көшірмені өзіңізде сақтаңыз. Сіздің шотыңыз бойынша операциялар соңғы рет қашан жасалғанын банктен нақтылаңыз.

Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге