Күн сайын қазақстандықтар қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды көбірек пайдаланады. Ұлттық Банктің мәліметі бойынша, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша айналымда 62 миллионнан астам төлем карточкалары болған. Операция түрі бойынша банктік карталар кірістер (жалақы, жәрдемақы, стипендия) түсетін дебеттік және кредиттік болып бөлінеді.
Fingramota.kz сізге кредиттік картаның ерекшеліктері туралы айтып береді және кредиттік жауапкершілікті еске салады.
Алдымен кіріс пен шығысты есептеп, қаржылық мүмкіндігіңізді байқаңыз. Есіңізде болсын, кредит алу оны қайтарудан гөрі оңай және оны шартта белгіленген мерзімде қайтару керек екенін естен шығармаған жөн. Егер сіз кредиттік картаны ресімдеуді шешсеңіз, онда оны ресімдеу шарттарын мұқият зерделеңіз: картаға жылдық қызмет көрсету үшін алынатын төлем неше, жылдық сыйақы мөлшерлемесі және ай сайынғы төлем мерзімі қандай, қарызды уақтылы төлемегені үшін қандай өсімпұл, қолма-қол ақшаны алу үшін қанша пайыз көзделген және басқалары. Менеджермен кеңесіңіз, картаның жеңілдік кезеңі болғаны жөн (кредиттік лимитті пайызсыз пайдалану мүмкіндігі), картаны қолдану барысында онымен есептескенде негізгі қарыз сомасына пайыздың есептелмеуіне көз жеткізіңіз. Бұл уақыт аралығы грейс-кезеңі деп аталады.
Грейс-кезеңі – бұл жеңілдік кезеңінің, оның қолданыс кезеңінде кредиттік картаны пайдалануды банк тегін ұсынатын және кредиттік ақшаны пайдаланғаны үшін пайыздар есептелмейтін, белгілі бір күндерінің саны. Яғни, грейс-кезеңі – бұл карта пайдаланушысы кредит сомасын пайызсыз төлей алатын уақыт аралығы.
Грейс-кезеңі қанша уақытқа созылады?
Жеңілдікті кезеңнің ұзақтығын әрбір банк дербес белгілейді, әдетте ол қазақстандық банктерде орта есеппен 50-ден 100 күнге дейін құрайды. Жеңілдікті кезең жағдайында төлем ағымдағы айдан кейінгі айдың 20-күніне дейін жүргізіледі.
Кредиттік карталарды есептеу айдың соңында/басында жүзеге асырылады, сондықтан грейс-кезеңі сатып алу күнінен бастап өзгеруі мүмкін. Пайызсыз кезеңнің шарттары шартта жазылады. Сондықтан қол қоймас бұрын шартты мұқият оқып шығыңыз!
Банктер жеңілдік кезеңін әр түрлі есептеуі мүмкін.
Картаны алған күннен басталатын грейс-кезең. Бұл жағдайда жеңілдік кезеңі сатып алу күніне тәуелсіз, картаны сатып алған айдың бірінші күнінен бастап есептеледі. Яғни, сіз айдың бірінде немесе отыз бірінде сатып алғаныңызға байланысты болмайды. Грейс белгіленген кесте бойынша жалғасады және сәйкесінше барлық сатып алудың жалпы санын қоса отырып есептен шығарылады.
Мысалы, сіз кредиттік картаны 2022 жылғы 1 желтоқсанда сатып алдыңыз делік, грейс-кезеңі 50 күнді құрайды. Бұл кезеңді есептеу 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 19 қаңтарға дейінгі аралықты қамтиды.
Сондай-ақ, қазақстандық банктер көбінесе операция жасалған күннен бастап келесі айдың 20-на дейінгі жеңілдікті кезеңді есептейді. Мәселен, егер сіз 50 мың теңге жұмсап, 1 және 15 желтоқсанда екі рет сатып алған болсаңыз, онда бұл соманы артық төлемсіз 20 желтоқсанға дейін өтеуіңіз керек.
Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар
«Жаңа жылдық фейктер»: мереке қарсаңындағы қарбаласта алаяқтардың қақпанына түспеу жолдары
AQYL дегеніміз не және білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады
Егер сізде бірнеше кредитіңіз болса: оларды мерзімінен бұрын қалай дұрыс өтеуге болады
Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?