2021 жылғы қыркүйекте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Алматы қ. әкімдігі, Банк омбудсманы, банктер және қоғамдық бірлестіктер арасында халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын қарыз алушылардың ипотекалық қарыздары бойынша азаматтардың жалғыз баспанасын сатуды және баспанасынан шығаруды тоқтата тұруды көздейтін Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты Тараптардың проблемалық берешекті, оның ішінде Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының талаптары бойынша қайта қаржыландырылған берешекті реттеу шараларын қабылдауы арқылы ХӘОТ-қа жататын қарыз алушылардың (қоса қарыз алушылардың, кепілгерлердің, кепіл берушілердің) құқықтарын қорғау болып табылады.
Меморандумға сәйкес, проблемалық берешекті реттеу, баспанасынан шығаруға байланысты мәселені шешу және келісімге қол жеткізу, сондай-ақ қарыз алушының қол жеткізілген келісімді тиісінше орындау кезеңінде банктер:
Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енді және тараптар оған қол қойған күннен бастап 12 ай бойы қолданылатын болады.
Қазақстандықтардың назарына: 2024 жылдың басындағы интернет-алаяқтықтың неғұрлым өзекті түрлері
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қарыз алушылардың ақы төлеу мерзімі өтіп кеткен жағдайда не істеу қажет?
Микрокредиттер және макрожауапкершілік: кредиттік берешекті қалай реттеуге болады
ХӘОТ қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сатуды және одан шығаруды тоқтата тұру жөніндегі меморанду...
Интернетте балаларды алдау: онлайн-ойындар арқылы алаяқтық түрлері