Инвестициялар саласындағы алаяқтық схемалар: алданып қалмаудың амалдары

time 16.06.2025
aye 380
Инвестициялар саласындағы алаяқтық схемалар: алданып қалмаудың амалдары

Соңғы жылдары, жаппай цифрландыруға байланысты онлайн форматта инвестиция жасайтын адамдардың саны айтарлықтай өсті. Ісін жаңадан бастаған инвесторлар инвестициялар туралы ақпарат алу үшін әлеуметтік желілер мен трендтерге жиі жүгінеді. Әлеуметтік желілер инвесторлар үшін көптеген артықшылықтар бере алғанымен, алаяқтар үшін де көп мүмкіндіктер туғызады.

Қаскүнемдердің арбауына түспеудің жолдарын Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық.

Жылдам табысқа кенелуге  уәде беретін жалған сайттар

Қазақстанда алаяқтардың жиі қолдана бастаған тақырыбы - ресурс өндіруші кәсіпорындарға инвестициялау. Қаскүнемдер компаниялардың ресми сайттарының көшірмелерін - жалған веб-сайттар жасап, болашақта компанияның пайдасынан өз үлесін алу үшін қымбат металдар немесе мұнай өндіруге инвестиция салуды, не ірі компаниялардың акцияларын не жалған «токендерін» сатып алуды ұсынады. 

Алаяқтар танымал әлеуметтік желілер (Facebook, Telegram, YouTube) арқылы онлайн жарнама жасап, белгілі адамдардың немесе білікті қаржыгерлердің атынан шығып, жоғары табыс әкелетін күмәнді құралдарды жарнамалайды. Мұндай платформа туралы жазбалардың астында, әдетте, осы платформаға ақша салуға шақыратын, табысын жариялап, алғыс айтқан жалған инвесторлардың пікірлері жарияланады.

Олардың мысалы, KAZMinerals, Қазақмыс, ҚазМұнайГаз, Қазатомөнеркәсіп және ірі қазақстандық банктердің бірегей инвестициялық жобалары-мыс.  Алаяқтар пайдаланушыларды мұнай-газ және мыс өндіруші  компаниялардың командасына қосылуға шақырып, «53 мың теңге бастапқы инвестициямен 4 аптада 890 мың теңгеге дейін «табыс алуға» уәде береді.

Мұндай схеманың алғашқы қадамы – адамды платформаға тіркелуге мәжбүрлеу, екіншісі – виртуалды шотты толықтыру, яғни ақша аудару. Бұдан кейін алаяқтар «қаржылық сарапшы» деген атпен адамға кеңес беретін  бір адамды бекітіп береді, ол адам барынша тиімді бағалы қағаздарға немесе табыс процесіне тікелей ақша салуға көмектеседі-мыс. Алайда ондай жалған сарапшының басты міндеті – адамды көбірек ақша салуға көндіру. Алаяқтар әлеуетті клиенттеріне жалған есептер мен графиктерді көрсетіп, виртуалды шотта кірістердің табысты инвестициялардан өсіп жатқанын көрсетіп, одан да көбірек инвестиция салуды ұсынады.

Сізге «баланс», «өсу графиктері» мен есептелген табысы бар интерфейс көрсетіледі. Бұл сенімді көрінуі мүмкін – бірақ барлығы толығымен жалған.

Сізге: «Сіздің пайдаңыз – 450 000 теңге! Оны шығару үшін 15 000 теңге комиссия төлеңіз» немесе «Аккаунтты белсендіру керек – тағы біраз ақша аударыңыз» деп айтуы мүмкін. Бұл шексіз жалғаса беруі мүмкін. Жәбірленуші ақша аудара беруге дайын болса, алаяқтар да ақшаны талап ете береді.

Тағы бір кең таралған алаяқтық схема – инвестициялық деп көрсетілген жалған веб-сайтқа (фишингтік сайтқа) тіркелу үшін пайдаланушылардан сауалнамаға жауап беру талап етіледі. Ол үшін аты-жөні, электрондық мекенжайы және телефон нөмірі көрсетілген деректерді енгізу қажет.  Алаяқтар адамның ұзақ ойланғанын қаламайды, сондықтан өз жазбаларында олар платформаның тіркелуі аяқталуға жақын екендігін жазады. Егер сіз сауалнамадан өтсеңіз, өзіңіздің компьютеріңізде не смартфоныңызда зиянды бағдарламалық қамтылым орнатылып, ол сіздің деректеріңізді ұрлап, оларды алаяқтарға беруі мүмкін.

Кеңес: Инвестициялық шешім қабылдаған кезде танымал адамдардың пікірлеріне немесе мақұлдауына сенбеңіз. Алаяқтар сізді адастыру үшін белгілі мемлекет қайраткерлерінің, атақты адамдардың фотосуреттерін, дауыстарын және бейнежазбаларын пайдаланады. 

Сондай-ақ, Қазақстан заңнамасы бойынша қарапайым азаматтың қор биржасында бағалы қағаздарды өз бетінше сатып алуға немесе сатуға құқығы жоқ. Ол мұны тек брокер - нарыққа кәсіби қатысушы арқылы жасай алады. Брокердің міндетті түрде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болуы керек және биржаның тікелей мүшесі болуға тиіс.

Инвестициялық алаяқтықты болдырмау үшін не істеу керек 

Инвестициялық алаяқтар жәбірленушінің психологиялық профиліне бейімделген көптеген сендіру әдістері арқылы өз мақсаттарына қол жеткізеді. Мынадай жайттарға назар аудару қажет: 

  •   Бұл құлаққа жағымды болып естілгенмен, шындық болуы екіталай. Уәде етілген кірісті белгілі қор индекстерінің ағымдағы кірістілігімен салыстырыңыз. Табатын пайда неғұрлым көлемді болса, тәуекелдер де соғұрлым жоғары болады деген қағиданы бәріміз білеміз, бұл сіздің пайда аламын деп өз ақшаңызды жоғалтуыңызға алып келеді. Бұл инвестициялар «керемет кіріс» әкеледі, «орасан пайдалы  акциялар» болып табылады немесе «өсу қарқыны ғаламат және ешқандай тәуекел болмайды!» Мұндай мәлімдемелер төтенше тәуекелдің немесе ашық алаяқтықтың белгісі болып табылады. «Кепілдік берілген» кірістілік деген болмайды. Әрбір инвестиция белгілі бір тәуекел дәрежесімен қатар жүреді, бұл күтілетін кірістен көрінеді. Егер сіздің ақшаңыз толығымен қауіпсіз жерде болса, сіз төмен пайда табуыңыз мүмкін. Жоғары кірістілік жоғары тәуекелдерді, соның ішінде инвестициядан толық айырылуға әкелуі мүмкін. Көптеген алаяқтар инвесторларды «кепілдік берілген» өте жоғары кірістілік немесе «жіберіп алмауға болмайды деп сендіруге көп уақыт жұмсайды. Олар сіз бай болған кезде өміріңіздің қандай болатынына сендіруге тырысады. Бұған сенбеңіз.

  •  Алдамшы әсерден сақ болыңыз. Алаяқ сүйкімді немесе сенім білдіруге тұрарлық болып көрінгенде, инвесторлар оның «керемет әсерінен» арыла алмауы мүмкін. Сенімділік жалған болуы мүмкін. Нақты біліктіліктілігін тексеріңіз.

  •  «Барлығы сатып алуда». Барлығы инвестиция салуда, сондықтан сіз де инвестиция салыңыз деген таныстырылымдардан сақ болыңыз. Бұл өнім Сізге қажет па. Егер таныстырылым өнімді қанша адам сатып алғанына назар аударса, бұл ойланарлық  дабыл болуы мүмкін.

  •  ДӘЛ ҚАЗІР ақша жіберу үшін қысым жасау. Алаяқтар өз құрбандарына мұндай ұсыныс өмірде бір рет қана болатынын және ертең бұл ұсыныстың болмайтынын жиі айтады. Бірақ тез инвестициялауға қысымға жасауға жол бермеңіз және ақша жібермес бұрын зерттеуге уақыт бөліңіз.

  •  Өзара пайда. Алаяқтар көбіне инвесторларды ақысыз инвестициялық семинарлар арқылы тартуға тырысады, Сіз оларға жауап қайтарып, олардың өніміне инвестиция саласыз деп сенеді. Ешқашан инвестициялау туралы асығыс шешім қабылдамаңыз. Егер сіз мұндай іс-шараларға қатысатын болсаңыз, материалды үйіңізге апарып, оны мұқият оқып шығыңыз да барлық «артықшылықтар» мен «кемшіліктерді» бағалаңыз. Өнімнің сізге лайық екенін және сіз оған байланысты барлық алымдарды бірге сатып алатыныңызды түсініп тұрғаныңызға көз жеткізіңіз.    

Толығырақ "Абайлаңыз алаяқтар" бөлімінде оқыңыз

white-arrow Тізімге