Кейбір мобильді қосымшаларды гаджеттерде сақтау неліктен қауіпті?

time 10.02.2022
aye 5377
Кейбір мобильді қосымшаларды гаджеттерде сақтау неліктен қауіпті?

Көптеген мобильді қосымшалар өмірімізге айтарлықтай жеңілдік әкелді. Олардың көмегімен, мәселен, таксиге тапсырыс беруге, үйге тамақ, дәрі-дәрмек және басқа да тауарларды тапсырыспен  алдыртуға, кино мен театрларға билеттер броньдауға, сурет салып үйренуге, мәтіндер аударуға немесе қаржылық операциялар жүргізуге болады. Алайда, пайдаланушылардың конфиденциалды деректерін оқитын мүмкіндігі бар,  олардың банктік шоттарына көз салған алаяқтық қосымшалар болады.  Олар жөнінде Fingramota.kz толығырақ айтып береді.

 Пайдаланушылар қауіпті мобильді қосымшаларды байқаусызда, немесе біреудің нұсқауы бойынша білместіктен жүктеп алулары мүмкін. Мәселен, банктің қауіпсіздік қызметінің өкілі қоңырау шалып, хакерлік шабуыл туралы хабарлап, оны тек деректерді қорғауға арналған белгілі бір қосымша қорғай алады деп айтуы мүмкін. Немесе пайдаланушы электрондық пошта немесе SMS арқылы келген сілтеме бойынша өтіп, телефонға күмәнді бағдарламаны автоматты түрде жүктеп алуы ықтимал. 

Көп жағдайда балалар девайстарға тексерілмеген көздерден ойындар, түрлі модтар, яғни түрлі жаңартылған ойындар жүктеп алып жатады, ал олар шпиондық болулары мүмкін. 

Ұтыс ойындарының әуесқойлары сүйікті блогерлерінің гивтеріне қатысу үшін қосымшалар орнатады, ал сенгіш жасөспірімдер шығу көзі беймәлім сәнді виджеттер мен фоторедакторларды жүктеп алады. 

Күдікті софттарды  кез келген адам, тіпті ресми дүкендерден жүктеп алулары мүмкін.  Иә, тіптен осындай тексерілген алаңдардың өзінде кей жағдайларда танымал бағдарламалардың астыртын вирус кіргізілген жаңартылған «нұсқалары» кездеседі – бұл жерде хакерлердің кейбір жалған қосымшаларды қаншалықты сапалы жасайтынына таң қалу ғана қалады.  Бағдарламаларды әр жаңартқан сайын оның осал тұстары да арта түседі. 

Өз смартфоныңызға қосымша жүктегіңіз келсе, онда Play Market және App Store-ға басымдық беріңіз, ол белгісіз ресурстарға қарағанда қауіпсіз. Мобильді қосымшаны жүктер алдында оның рейтінгін зерттеп, сондай-ақ пайдаланушылардың пікірлерімен танысыңыз. Сондай-ақ, басқа пайдаланушылардың оның қанша рет жүктегеніне көңіл аударыңыз: неғұрлым көп болса, соғұрлым сенімді.

Толығырақ "Абалаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар

 

white-arrow Тізімге