Қазіргі күні қаскүнемдер айлаларын асырғаны соншалық, зардап шегушілер ерікті түрде кепілсіз кредиттер ресімдейді және ақшаны үшінші адамдардың шотына өз еркімен аударады.
Fingramota.kz алаяқтықтық мұндай түрі жөнінде айтып береді және өз ақшаңыздан айырылып қалмаудың, сондай-ақ басқаның кредитімен қалмаудың жолдары жөнінде ұсынымдар береді.
Мысалы, алаяқтар фишингті немесе вишингті, сондай-ақ әртүрлі ұйымдардың, коммуналдық қызметтердің қызметкерлері, курьерлер, сатушылар және т.б. ұсынатын дипфейктерді белсенді пайдаланады. Олардың басты мақсаты – басқа адамдардың дербес деректерін, сондай-ақ SMS-кодты және шоттардың толық деректемелерін қолға түсіру.
Егер құпия ақпарат қылмыскерлердің қолына түссе, онда олар мобильді банкингті бұзып, өз құрбандарының шоттарын иемденіп, ақшаларын дроперлердің карталарына аудара алады. Алайда, одан зорғысы да болуы– ақшадан айырылып қана қоймай, жәбірленушіге кредит ресімделуі мүмкін.
Бұл схема алаяқтар қарыз алушыны банктің мобильдік қосымшасында немесе микроқаржы ұйымының сайтында өз еркімен тексеруден өтуге мәжбүрлеуді көздейді.
Әрі қарай оқиға екі сценарий бойынша дамуы мүмкін. Бірінші сценарийде жәбірленушіні қорқыту немесе сендіру арқылы ақшалай кредит алдырып, кейіннен картаға немесе шотқа дербес аударуға мәжбүр етеді, картаның деректемелерін (дропперлер картасы) оған қаскүнем хабарлайды. Бұл ретте, барлық операциялар мен аудармаларды зардап шеккен адам бір реттік парольдер мен смс енгізу арқылы дербес растайды.
Екінші нұсқа зиянды бағдарламалық қамтылымды және қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатуды қамтиды. Алаяқтар үшін ең бастысы – жәбірленушінің биометриялық идентификаттаудан өтуі. Барлық басқа операциялар қашықтан қосылу арқылы жүзеге асырылады.
Ақша аударылғаннан кейін алаяқтар жәбірленушімен қарым-қатынасты тоқтатады, нөмірлерді бұғаттайды және жоқ болып кетеді.
Егер банк күмәнді операцияларды байқаса, бұл әр түрлі банктік карталарға қатарынан бірнеше аударымдардың жасалуы, банкоматтардан немесе банк бөлімшелерінен қолма-қол ақша алу болуы мүмкін, онда банк карталар мен клиенттің қосымшасын бұғаттайтынын атап өткен жөн. Қаржы институттарының қауіпсіздік жүйесі осылай жұмыс істейді.
Толығырақ "Абайлаңыз алаяқтар" бөлімінде оқыңыз
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Кредиттермен жасалатын алаяқтық схемалар: өзіңізді алдауға қалайша жол бермеуге болады
Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін қаржылық қолжетімділікті арт...
Satbayev University -де қаржылық сауаттылық бойынша семинар өтті
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт