Криптовалюта пирамидалары: алданып қалмай, хабардар болыңыз

time 23.05.2022
aye 7400
Криптовалюта пирамидалары: алданып қалмай, хабардар болыңыз

К риптовалют амен жүргізілетін қаржы пирамидасы - бұл хайп.  Ол аталған тақырыптың төңірегінде медиа кеңістікте және әлеуметтік желілерде  дүрлікпе деген мағынаны білдірмейді. «HYIP» (High Yield Investment Program) деген ағылшын сөзінен «хайп» сөзінің басқа мағынасы бар. Ол «жоғары кірісті инвестициялық бағдарлама» деп аударылады және бұл термин негізінен өзін кірістілігі  жоғары инвестициялық қор ретінде көрсететін және қаржы пирамидасының қағидаты бойынша жұмыс істейтін онлайн-жобаларға қолданылады.  

HYIP-пирамидаларын қандай белгілері бойынша әшкерелеуге болатыны және цифрлық активтерге салымдарға басымдық беретін инвесторлар өздерін пирамида құрушылардан қалайша сақтай алатындары жөнінде толығырақ  «BCC Invest» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Александр Дронин айтып берді.

Криптовалюта – бұл цифрлық немесе виртуалды нысандағы валюта түрі, оның бірлігі ағылшын тілінен «coin» – «монета» болып табылады. Оның ең танымал түрі – биткоин (Bitcoin). Қазір интернетте көптеген блокчейн платформалар бар, олардың көмегімен өзіңіздің меншікті криптовалютаңызды жасап, оған өз есіміңізді беруге болады. Алайда, бұл қажетсіз әрекет, себебі сізден басқа ешкім транзакцияларды тексере алмайды және мұндай қызмет Қазақстанда заңсыз болып табылады.

Криптовалюталарды төлем құралы ретінде пайдалану Қазақстан заңнамасына қайшы келеді. Қазақстан Республикасында мемлекет эмитенті болып табылатын теңге заңды төлем құралы болып табылады және ақшалай міндеттемелер ұлттық валютада ғана көрсетілуі мүмкін. Тиісінше, қолданыстағы заңнама тұрғысынан алғанда криптовалюта ресми ақша ретінде қарастырылмайды және пайдаланылмайды.

Бұдан басқа, осы нарықтың жоғары құбылмалылығына және реттелмеуіне байланысты криптовалюталарды сатып алу кезінде қаражатты жоғалту қаупі жоғары – криптовалюта әлеміндегі әрекеттерді жоқ қылу әлдеқайда оңай, яғни алаяқтық фактісін дәлелдеу және ұйымдастырушыларды табу мүмкін емес. Алаяқтар цифрлық активтердің танымалдылығын пайдаланып, сенімді азаматтарды алдаудың түрлі тәсілдерін ойлап тапты.

Мысалы, «жалған тарату» деп аталатын әрекет, онда алаяқтар танымал адамдардың жалған аккаунттарын бүркеніп, инвесторларды криптовалютаның орнына фиат ақшаны өз шоттарына аударуға шақырады. Бірақ іс жүзінде алаяқтар оларға жауап ретінде ештеңе жібермейді.

Фиат ақша – бұл заңды төлем құралы болып табылатын ресми валюталар (АҚШ доллары, еуро, рубль, юань және т.б.).

Онлайн жұмыс істейтін жалған криптобиржалар да бар. Алаяқтар күнделікті табысы жоғары инвестор-сымақтарды тартады, мысалы, күніне 10%-дан жоғары кіріс алуға уәде береді, бірақ қатысушылар бастапқы жарна төлеуі керек. Салымшылар өз ақшаларын қайтарғысы келгенде, яғни оларды криптовалюта биржасынан шығаруға тырысқанда, ұйымдастырушылар дереу олардың шоттарын бұғаттап, барлық ақша қаражатын өздері иемденеді.

Сонымен қатар, алаяқтар көбіне пайдаланушылардың дербес деректерін иемдену мақсатында криптобиржалардың интерфейстерін қайталайтын фишинг сайттар жасайды. Әр түрлі сылтаумен инвесторларды ақша алу үшін қажетті түрлі қосымшаларды жүктеуге мәжбүрлейді. Бұл қосымшаларды ашқан соң вирус іске қосылып, пайдаланушылардың барлық шотына алаяқтардың қол жеткізуіне көмектеседі.

Алдаудың тағы бір кең тараған схемасы классикалық қаржы пирамидасы қағидаты бойынша жұмыс істейтін криптовалюта пирамида лары. Криптобиржаның атын жамылып пирамида ұйымдастырушысы «портфельді басқарушыға» ақша әкелетін және жаңа қатысушыларды тартатын инвесторларды жинайды. Инвесторларға ақша, яғни жоқ инвестициялық құралға инвестиция салудан түсетін «пайда» жаңа салымшылардың қаражаты есебінен төленеді. Осылайша, ақша қаражаты бір қатысушыдан екіншісіне түседі, нақты инвестициялық қызмет жүзеге асырылмайды және ұйымның нақты пайдасы болмайды. Салымшылардың ағыны тоқтағаннан кейін пирамида құлайды, алаяқтар инвесторлардың ақшасымен, оның ішінде олардың бастапқы капиталымен жоқ болып кетеді. 

Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге