Қаржы жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Оны арттыру үшін Қазақстанның Ұлттық Банкі қаржы ұйымдары үшін жаңа талаптар енгізді.
Оларды түсіну үшін Fingramota.kz-тің көмегіне жүгінелік.
Қандай жаңалықтар жұмыс істей бастады?
Деректердің жария болуы, ұрлануы, фишингі және алаяқтық тәуекелдерді азайту үшін пайдаланушы жөніндегі ақпараттың қауіпсіздігін және оны беру процестерін бақылау маңызды.
2025 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Ұлттық Банкі қаржы ұйымдарына міндетті жаңа талаптар енгізді. Оның нәтижесінде банктер, шетелдік банктердің филиалдары, сондай-ақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Қазпочта» АҚ Ұлттық Банкке мыналарды:
Банктік шоттың (салымның) иесі туралы есеп — деректерді алғаннан немесе өзгерткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде;
Банктік шот (салым) шарты туралы есеп — 10 жұмыс күні ішінде;
Банктік шоттың өзі туралы есеп — сол мерзімдерде;
Шот бойынша қаржының қозғалысы туралы айлық есеп — келесі айдың 10-шы жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті.
Бұл есептілік шоттардың барлық түрлеріне қатысты — ағымдағы, мерзімді, жинақтаушы, инвестициялық, шартты, ұлттық және шетел валюталарында, тіпті нөлдік қалдықпен. Есептердің мазмұны мыналарды қамтитын болады:
Шоттың иесі туралы мән-жайлар: пайдаланушының санаты (жеке тұлға, ДК, заңды тұлға), туған жылы, жынысы, азаматтығы, өңір
Шарт талаптары: сомасы, валютасы, салым мерзімі, мөлшерлемесі, мультивалюталығы, мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі
Шоттың техникалық деректері: валюта, қалдық, төлемдер мен аударымдардың мақсаты.
Операциялар типологиясы: түсімдер, есептен шығару, пайыздарды есептеу, тыйым салу және т. б.
Жеке деректерді қорғау қалай қамтамасыз етіледі
Деректерді тұрақты беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту үшін қорғау шаралары көзделген. Мәселен, азаматтардың банктік шоттары (салымдары) бойынша ақпарат анонимді болады. Атап айтқанда, дербестендіруден шығару қолданылады: ЖСН орнына ДСН қолданылады – ұзындығы 15-64 таңбадан тұратын бірегей шифрланған код, оны арнайы жабдық пен бағдарламалық қамтылымсыз үшінші тұлғаларға ЖСН-ға қайта түрлендіру мүмкін емес. Нәтижесінде тек уәкілетті органдар – Ұлттық Банк, ҚНРДА, Салымдарға кепілдік беру қоры және т. б. – сұрау салу бойынша қорғалған арналар арқылы осы ЖСН/ BIN ала алады
Сол сияқты, аты-жөнінің орнына АСН – анонимді сәйкестендіру нөмірі қолданылады. Бұл шешім қаржы ағындарын бақылауды, көлеңкелі операциялармен ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен күресті күшейтуге мүмкіндік береді.
Жеке деректерді өз бетінше қалай қорғауға болады?
Жеке деректерді үнемі қауіпсіз сақтау керек екенін ұмытпаңыз. Ұстануға тиіс негізгі қағидаларды еске саламыз:
1. Банкпен жасалған шарттарды мұқият оқып шығыңыз: сіздің деректеріңіз қалай қолданылатынына және банк қандай қорғау шараларын ұсынатынына назар аударыңыз.
2. Операцияның дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда, дереу үзінді- көшірмені сұратып, оны мобильді немесе веб-қосымша арқылы тексеріңіз.
3. Банкпен ресми байланыс арналарын ғана пайдаланыңыз, өздерін «банк» немесе «Ұлттық Банк» деп таныстыратын хабарламалардан/қоңыраулардан сілтемелер бойынша өтпеңіз.
4. Интернет-банкинг және мобильдік қосымшалар үшін екі факторлы аутентификацияны (2FA) орнатыңыз.
5. Құрылғылардағы операциялық жүйе мен бағдарламаларды жаңартыңыз: банктер мен мемлекеттік қызметтер бағдарламалық қамтылымның қорғалған нұсқаларын қажет етеді.
6. Телефондар мен компьютерлерге лицензияланған антивирустық бағдарламаны орнатыңыз, ал Android-ты қолданған кезде қосымшаның қолжетімділік құқығын тексеріңіз.
7. Операцияларды растау үшін телефон арқылы жеке деректерді (құпиясөздер, SMS-кодтар) жіберу қажет емес — банктер ешқашан оны сұрамайды.
8. Маңызды құжаттар мен мәлімдемелердің резервтік көшірмелерін жергілікті немесе шифрланған бұлтта сақтаңыз.
9. Күрделі құпиясөздерді және сенімді құпиясөз менеджерлерін пайдаланыңыз.
10. Онлайн-банкке барлық кірген кезде және транзакциялар жасағанда хабарлама келетін функцияны орнатыңыз — бұл күдікті әрекеттерді дер кезінде білуге мүмкіндік береді.
11. Өзіңіздің банктік деректеріңізді үнемі тексеріп отырыңыз – егер белгісіз операцияларды байқасаңыз – картаны/шотты дереу бұғаттап, банкке хабарласыңыз.
Жеке деректерді қорғау тек қаржы ұйымдары мен мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, сонымен қатар сіздің жауапкершілігіңіз екенін ұмытпаңыз.
Құрылғылар мен шоттардың қауіпсіздігін үнемі тексеріп, Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Цифрлық қауіпсіздік құпиялары: дербес деректерді қорғау
Ұлттық Банк қазақстандықтардың шоттары туралы есептер алатын болады
Кредиттерді отбасылық бюджетке зиян келтірмей қалай жоспарлауға болады
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық