Мүгедектігі бар адамдарға арналған оқыту тренингтері басталды

time 3.04.2023
aye 3257
Мүгедектігі бар адамдарға арналған оқыту тренингтері басталды

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (МША) арналған қаржылық сауаттылық бойынша өңірлік тренингтер циклі басталды. Алғашқы тренингтер Алматы қаласында 2023 жылғы 27 – 31 наурыз аралығында өтті.

Ағымдағы жылғы 3 – 5 сәуір аралығында Қарағанды қаласында МША үшін оқыту іс-шаралары өтеді.

Тренинг барысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің, қаржы ұйымдарының спикерлері өңір тұрғындарына мынадай өзекті тақырыптарды ашады:

- қаржылық қызметтерді алудағы МША құқықтары;

- депозиттер;

- банктердің кредиттері мен қаржылық өнімдері;

- кредиттік тарих;

- кредит бойынша мерзімі өткен кездегі іс-қимыл алгоритмі;

- арнайы шот дегеніміз не;

- салық шегерімдері: бұл не және олардың көмегімен қалай үнемдеуге болады;

- Fingramota.kz оқыту жобасы туралы;

- қаржы пирамидасы дегеніміз не және оны қалай тануға болады;

- егер сіздің атыңызға бөтен кредит ресімделсе, не істеу керек, қаржылық алаяқтар кімнің атымен жасырынуы мүмкін, сондай-ақ қаржылық алаяқтық пен қаржылық сауаттылық туралы қызықтыратын тақырыптар бойынша басқа да көптеген мәселелер.

Тренингтер Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709 мекенжайы бойынша сағат 10.30-дан 13.30-ға дейін өтеді.

МША үшін келесі оқыту тренингтері Ақтау және Орал қалаларында өтеді.

Fingramota.kz жаңалықтарын қадағалаңыз!

white-arrow Тізімге