Әлеуетті қарыз алушыға банктен кредит алу қажет болып, алайда қарыз алушының бұл мақсаттарға қаражаты жеткіліксіз болатын жағдайлар кездеседі. Мұндай жағдайларда банк алдында өзінің төлем қабілеттілігіне кепілдік беру үшін қосалқы қарыз алушы тартылады. Кредитті ресімдеу кезінде банктің қосалқы қарыз алушыға қойылатын талаптары қарыз алушыға қойылатын талаптарға ұқсас болады.
Қоса қарыз алушы деген кім, оның қандай құқықтары мен міндеттері бар екендігін FinGramota.kz-пен бірге қарастыралық.
Қоса қарыз алушы банктік қарыз шартының толыққанды қатысушысы болып табылады және де оның қарыз алушы сияқты міндеттері бар. Басқаша айтқанда, бұл кредитордың алдындағы ортақ жауапкершілік, яғни қоса қарыз алушы қарыз толық өтелгенге дейін оны қайтару бойынша міндеттемелерді өз мойнына алуға келіседі. Осылайша, қарыз бойынша борыштық жүктеме қарыз алушыға да, қосалқы қарыз алушыға да тең дәрежеде жүктеледі.
Әдетте, қоса қарыз алушы қарыз алушының болашақта ипотека сияқты ірі кредитке қызмет көрсетуі үшін кірісі жеткіліксіз болған жағдайда тартылады. Кредитті ресімдеу кезінде қарыз алушының және қоса қарыз алушының кірістері қосылады, бұл қажетті қарыз сомасын алу мүмкіндігін бір табан болса да жақындатады.
Заңнамада қосалқы қарыз алушы ретінде тартылатын тұлғалардың саны бойынша шектеулер жоқ. Алайда, 3 қоса қарыз алушыға дейін тартуға рұқсат етілетін «үштік қағидасы» бар. Бұл ретте, сонымен қатар банктің талаптарын ескерген жөн: кредитор өз қалауы бойынша қоса қарыз алушы бола алатын адамдар санына шектеулер қоя алады. Олар жақын туыстары (ерлі-зайыптылар, балалары, ата-аналары және т.б.) немесе сіз жақсы білетін адамдар болуы мүмкін.
Қоса қарыз алушының кепілгерден (кепілдік берушіден) айырмашылығы неде
Қоса қарыз алушы – қарыз алушымен бірге қарыз (кредит) шартын жасасқан және қарыз шарты бойынша алынған ақша қаражатын (кредитті) қайтаруға ортақ жауаптылықта болатын тұлға. Осылайша, қарыз алушының кірісі қажетті мөлшерде кредит ресімдеуге жеткіліксіз болса, қоса қарыз алушы тартылады.
Кепілдік берушіге (кепілгерге) қатысты айтатын болсақ, ол басқа адамның кредиторының алдында борышкермен бірге осы адамның міндеттемелерінің толығымен немесе ішінара орындалуы үшін жауап беруге міндетті болады. Яғни, кепілдік беруші кірісінің мөлшері қарыз алушы кредитінің ең жоғары сомасын есептеу кезінде есепке алынбайды.
Айырмашылықтар төлем қабілеттілігіне қойылатын талаптар бөлігінде қатысты болады. Егер қоса қарыз алушының төлем қабілеттілігі мен қарыз алушының төлем қабілеттілігін бірге алатын болсақ, онда кепілдік берушінің төлем қабілеттілігі пайыздармен бірге кредит бойынша төлемдерді дербес түрде өтеу үшін жеткілікті болуға тиіс.
Қоса қарыз алушыны кредит алу үшін қарыз алушының өзі тартады, ал кепілдік беруші банкке борышты қайтару кезінде тәуекелдерді барынша азайту үшін керек. Қарыз алушы бір уақытта қоса қарыз алушыны, сондай-ақ кепілдік берушіні де тарта алады.
Әлеуетті қоса қарыз алушы кредитор алдындағы міндеттемелер бойынша борышкермен тең дәрежеде жауап беретінін, яғни негізгі борышкер өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, банк одан барлық міндеттемелерді орындауды талап етуге құқығы бар қарыздың тең құқылы қатысушысы болып табылатынын есте ұстауы керек. Егер кредит алу үшін бірнеше қоса қарыз алушы тартылса, онда ортақ борышкерлердің бірі міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда, кредитор қалғандарынан толық орындауды талап ете алады. Ал төлемдер қарыз бойынша міндеттеме толық орындалғанға дейін жүзеге асырылуы қажет. Бұл норма ҚР Азаматтық кодексінің 287-бабында жазылған.
Құқықтарға келетін болсақ, қоса қарыз алушы сатып алынатын мүліктің тең иесі болуға құқылы. Алайда, тұрғын үйге меншік құқығының пайда болуы үшін қарыз алушымен өзара міндеттемелер туралы арнайы шарт жасасу қажет.
Сондықтан, кредиттік шартқа қол қоймас бұрын, шарт талаптарының әрбір тармағын мұқият оқып шығыңыз.
Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Әлем жұлдыздары үнемділік пен ақша жинау туралы
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Жаңа қағидалар: коллекторлар бұдан былай борышкерлермен қалай жұмыс істейді