Агенттік Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп мүгедектігі бар адамдардың өкілдеріне сауалнама жүргізді

time 12.01.2023
aye 5777
Агенттік Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп мүгедектігі бар адамдардың өкілдеріне сауалнама жүргізді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жанындағы Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – МБА) өкілдеріне сауалнама жүргізді.

Сауалнама қаржылық қызметтерді алу сапасы туралы сұрақтар қойылған 2 500 респондентті қамтыды. Сауалнаманың мақсаты –мүгедектердің барлық санаттары үшін қаржылық өнімдер мен қызметтердің қолжетімділік дәрежесін анықтау және МБА үшін қаржы ұйымдарының бөлімшелеріне кедергісіз кіру деңгейін анықтау.

МБА әлеуметтік портреті

Сауалнама нәтижелері бойынша МБА әлеуметтік портреті төмендегідей қалыптасты. Респонденттердің жасы 30-дан 49 жасқа дейін – 41,6% немесе 1 040 адам, негізінен әйелдер – 58,6% немесе 1 465, ерлер – 41,4% немесе 1 035.

Сауалнамаға қатысқандардың 55,8%-ы немесе 1 395 адам –  үйленген, 34,8%-ы немесе 870 адам – бойдақ, тұрмыс құрмаған немесе ажырасқан, 9,4%-ы немесе 235  адам жесір қалған. Білім деңгейі бойынша 64,2% немесе 1 605 адамның арнаулы орта немесе жоғары білімі бар және тек 0,8% немесе 20 респонденттің жоғары оқу орнынан кейінгі дипломы бар.

Сауалнамаға қатысқандардың арасында екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар басым – 32% немесе 800 адам, іс жүзінде бірдей саны 28% немесе 700 және 27% немесе 675 сәйкесінше бірінші және үшінші мүгедектік тобына жатады. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 2%-ы немесе 50-і қамқоршы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырғанын атап өтті.

 Респонденттер негізінен Алматы қаласында (18,4% немесе 460 адам), Қостанай облысында тұрады, онда 11,4% немесе 285 респонденттен, ал Батыс Қазақстан облысында – 9,6% немесе 240 респонденттен сауалнама алынды.  Қазақстан астанасынан 2,2% немесе 55 респондент, Шымкент қаласынан 7,8% немесе 195 респондент қана қатысты.

Жұмыспен қамту түрі бойынша сауалнама көрсетіп отырғандай, респонденттердің 43%-ы немесе 1 076-сы бюджет немесе мемлекеттік салаларда тұрақты табысқа ие, жеке секторда жұмыс істейді немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған, олар жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін, оның ішінде: 18,3% немесе 457 респондент жұмысшы, 9,2% немесе 229 респондент бюджеттік ұйымда жұмыс істейді, 7,1% немесе 178 респондент жеке еңбек қызметінде. Бірдей көрсеткіштер жеке салада және мемлекеттік қызметші ретінде жұмыс істейтін сауалнамаға қатысқан МБА-да 4,2%  немесе 106 респондент бойынша болды.

Бұл ретте, респонденттердің 35,1%-ын немесе 880 адамды мүгедектігіне байланысты жұмыс істемейтіндер немесе ресми түрде жұмыссыз болып табылатындар құрайды: 25,9% немесе 649 респондент мүгедектігіне байланысты жұмыс істемейді, 9,2% немесе 231 респондент – жұмыссыз. 13,5% немесе 338 респондент зейнеткер, 0,9% немесе 23 респондент –  студенттер.

Толығырақ "Қаржылық инклюзия" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге