Салымшылардың назарына: теңгемен салымдар бойынша өтемақы алуға өтініштер беру мерзімі аяқталуда

time 8.12.2022
aye 4884
Салымшылардың назарына: теңгемен салымдар бойынша өтемақы алуға өтініштер беру мерзімі аяқталуда

Теңгемен депозиттерге өтемақы  (сыйлықақы) алу үшін салымшылар депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы-банкке 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін өтініш жолдауға тиіс.

ҚДКҚ-ның мәліметтерінше, 2022 жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша 1,8 млн адам өтемақы алуға өтініш берген, бұл салымшылардың салымдары өтелуге жататын азаматтардың жалпы санының 35%-нан аз.

Қазақстанда салымшыларды қолдау мақсатында Жеке тұлғалардың ұлттық валютада орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйақы)  төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) әзірленді, ол 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.

Агенттікке кері байланыс арналары арқылы келіп түскен өтініштердің мониторингі және талдауы көрсеткендей, екінші деңгейдегі банктердің басым көпшілігі халыққа Қағидалардың талаптары жөнінде ақпараттандыру және түсіндіру бойынша жұмыстың толық көлемде жүргізілмейтінін көрсетті. Кейбір банктердің фронт-офистерінің қызметкерлері азаматтарға консультациялар беру кезінде:

  • өтемақы алу тәртібіне қатысты толық ақпарат ұсынбайды;
  • салымшыларға депозиттерді қайта ресімдеуден, оның ішінде неғұрлым тиімді талаптармен ресімдеуден, сондай-ақ өтемақыға өтініштерді қабылдаудан бас тартады;
  • клиенттердің салымдарының жаңа салым ашумен салыстырғанда көрінеу тиімсіз талаптармен ұзартуды жүзеге асырады және басқалары.

Қандай салымдар бойынша мемлекеттен сыйлықақы алуға болады?

Өтемақыны тек 2022 жылғы 24 ақпанға дейін теңгемен ашылған депозиттер бойынша ғана алуға болады.

Өтемақы мынадай салымдар бойынша төленеді:

  • жинақ, яғни ақшаны ішінара алу құқығынсыз қайтарып алынбайтын депозит;
  • мерзімді салым (білім беру жинақтау салымдарын және тұрғын үй құрылыс жинақтарын қоса алғанда). Сыйлықақы тек осы салымдар бойынша және 20 миллион теңгеден аспайтын сомаға төленетін болады.

Бұл ретте, сыйлықақы мыналарға:

  • талап етілгенге дейінгі салымдарға, яғни банк белгісіз мерзімге ашатын және клиенттің бірінші талабы бойынша қайтарылатын салымдарға;
  • шартты салымдарға;
  • ағымдағы банктік шоттарға қолданылмайды.

Депозиттер бойынша өтемақы төлеу жеке тұлғаларға, резиденттерге және бейрезиденттерге, оның ішінде дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға,  жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға төленуге тиіс.

Егер салымшының бір банкте бірнеше депозиті болса, онда өтемақы жалпы сомасы 20 млн теңге көлемінде төленеді. Ал егер салымшыда түрлі банктерде депозиттер болса, онда сыйлықақы әрбір салым бойынша ол да 
20 млн теңге шегінде төленетін болады.

Салымшылар өздерінің теңгемен салымдары бойынша, егер:

  • олардың салымдарының мерзімі аяқталмаған немесе 2023 жылғы 23 ақпанға дейін (бір немесе бірнеше рет) ұзартылған;
  • банктік салым шарты тоқтатылмаған және салымшы өзінің барлық жинақтарын депозиттен толығымен алмаған жағдайларда сыйлықақы алуларына болады.

Толығырақ "Депозиттер" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге