Соңғы бірнеше жылда қоғамда скам сияқты құбылыс туралы көбірек айтыла бастады. Ағылшын тілінен аударғанда scam сөзі «афера» немесе «алаяқтық» дегенді білдіреді. Негізінде, скам – бұл тез пайда табу мен байып кетуді мақсат ететін алаяқтық инвестициялық жоба.
Алаяқтықтың бұл түрі туралы не білу қажеттілігін және одан қалай қорғану керектігін Fingramota.kz-пен бірге анықтаймыз.
Скамның қандай түрлері бар
Инвесторлар арасында уәде етілген дивидендтер мен пайыздарды төлеуді тоқтататын, сондай-ақ өзінің мәміле шарттарын бұзатын жобалар скам деп аталады. Негізінен скам жобалары қаржылық пирамида болып табылады. Яғни, жаңа клиенттердің есебінен бұрын келгендерге пайыздар төленеді, оларды осылай тарта отырып, өздерінің адалдығына сендіреді. Адам артық пайда тапқаннан кейін оның сақтығы мен ұтымды ойлау қабілеті төмендейді.
Кез келген скамның мақсаты – сенім білдірген жәбірленушіден алданып қалғанын болжағанға дейін мүмкіндігінше тезірек ақша жинау. Схемалар әр түрлі болуы мүмкін – мұнда бәрі заманауи технологиялардағы алаяқтардың тапқырлығы мен шеберлігіне байланысты. Алайда нәтиже бір болады: алданған салымшылар және тиімді жобалардың жоғалған басшылары.
Әлемде скамның көптеген түрі бар, бірақ ең көп тарағандары мыналар:
Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
«Стоп кредит»: кредиттік алаяқтықтан қорғану
Қаржылық күнтізбе: жыл бойы шығындарды ақылмен жоспарлау және шектен шықпау?
Cyber Digital Security 2025: форум-көрме технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік стратегиялары
Батыс Қазақстан облысында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша іс-шаралар өткізілді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?