Өте құпия: қандай деректерді үшінші тұлғаларға хабарлауға болады, қайсысын құпия ұстау керек

time 26.08.2021
aye 4201
Өте құпия: қандай деректерді үшінші тұлғаларға хабарлауға болады, қайсысын құпия ұстау керек

Алаяқтар әрқашан ашық қолжетімді дербес деректерге қызығушылық танытады. Жетіспейтін ақпаратты алу үшін олар әлеуметтік инженерия әдістеріне жүгінеді: олар жалған банк нөмірлерін жасайды және өз клиенттеріне қауіпсіздік қызметі атынан қоңырау шалады, вирусы бар хаттар жібереді, танымал дүкендер мен басқа ұйымдардың беттерін клондайды.

Өзіңізді және деректеріңізді алаяқтардан қалай қорғауға болатыны туралы Fingramota.kz айтып береді.

Дербес деректер дегеніміз не ?

Кейбір адамдар жеке деректерге тек ресми құжаттардағы деректер, мысалы, жеке куәлік немесе төлқұжат жатады деп санайды. Бірақ іс жүзінде бұл адамның аты-жөні, ЖСН, мекенжайы, телефоны, фото-, бейнематериалдары, физиологиялық ерекшеліктері және т.б. сәйкестендіруге болатын барлық нәрсе.

 «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, айқындалған немесе олардың негізінде айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдағышта тіркелген мәліметтер дербес деректер болып есептеледі.

 Жоғарыда көрсетілген заңның 6 және 15-баптарына сәйкес дербес деректер қолжетімділігі бойынша жалпыға қолжетімді және қолжетімділігі шектеулі болып бөлінеді.

Жалпыға бірдей қолжетімді – бұл субъектінің келісімімен еркін қол жеткізуге болатын немесе қазақстандық заңнамаға сәйкес конфиденциалдылықты сақтау талаптары қолданылмайтын дербес деректер. Мысалы, мұндай дербес деректердің көздері – бұл өмірбаяндық анықтамалықтар, телефон, мекенжай кітаптары, жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар, БАҚ.

Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге адамның анықтамалық деректері (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, күні, ұлты), тұрғылықты жері (тіркелген жері), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), жеке басын куәландыратын құжаттар (нөмірі) және басқалар жатады. Бұл деректерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген. Олар қаржылық алаяқтардың үлкен қызығушылығын тудырады.

Толығырақ « Абайлаңыз алаяқтар» бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге