Қысқаша қорытынды: қаржы секторына мамырдағы шолу

time 2.07.2021
aye 5108
Қысқаша қорытынды: қаржы секторына мамырдағы шолу

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2021 жылғы мамырдағы қаржы секторына шолуды жариялады. Ағымдағы жылдың мамыр айында қаржы реттеушісіне азаматтар қандай сұрақтар қойғаны туралы Fingramota.kz айтып берді. 

2021 жылғы мамырда Агенттіктің тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі қызметі негізінен қарыз алушылардың борыш жүктемесін азайту үшін жәрдем көрсету және шаралар қабылдау туралы өтініштерін қараумен байланысты болды. 

Есепті кезеңде Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымдарының, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 1 194 өтінішін қарады, бұл 2021 жылғы сәуірмен салыстырғанда 19,3%-ға аз (немесе 285 өтініш). Өтініштердің ең көп үлесі банк секторына (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар) тиесілі, ол өтініштердің жалпы санынан 77%-ды құрады.

Атап айтқанда, азаматтар көтерген мәселелер бойынша қаралған өтініштердің жалпы санының пайыздық көрсеткіші мынадай болды: микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне қатысты – 10%, сақтандыру нарығы субъектілерінің қызметіне қатысты – 2,5%, коллекторлық агенттіктердің қызметіне қатысты – 4,5%, сондай-ақ өзге де ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша – 6%.

Қолданылған ықпал ету шаралары және санкциялар

2021 жылғы мамырда екінші деңгейдегі банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың іс-әрекеттерінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар бойынша Агенттік 13 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасын, 9 жазбаша ұйғарым және жалпы сомасы 1,6 млн теңгеге 6 әкімшілік жаза, оның ішінде мыналарға қатысты: 

1) екінші деңгейдегі банктер – 12 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы, 1 жазбаша ұйғарым; 

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары – 1 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы; 

3) коллекторлық агенттіктер – 1 жазбаша ұйғарым, жалпы сомасы 641,7 мың теңгеге 3 әкімшілік жаза. 

4) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар – 7 жазбаша ұйғарым, жалпы сомасы 1,05 млн теңгеге 3 әкімшілік жаза қолданды. 

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру барысы туралы

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыруды 18 банк және 3 ипотекалық ұйым жүзеге асырады.

2004 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде ипотекалық қарыздар алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтап қалуға бағытталған Бағдарламаның бірінші бөлігі шеңберінде банктер 2021 жылғы 1 маусым бойынша 185,6 млрд теңге сомасында қайта қаржыландыруға 29 165 өтініш мақұлданды, 173,3 млрд теңге сомасында 28 206 қарыз қайта қаржыландырылды, олардың ішінде 2020 жылдан бастап 15 млрд теңге сомасындағы 1 556 қарыз қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде 2020 жылғы желтоқсанда банктер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздардың конвертациясы аяқталды. Бағдарламаның бірінше және екінші бөліктерін жүзеге асыру кезеңінде банктер 222,6 млрд теңге сомасында 27 202 валюталық ипотекалық қарыздарды конвертациялауды жүзеге асырды.    

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер қарыздары осыған дейін Бағдарлама шеңберінде ХӘОТ санаты бойынша қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және жеңілдікті төлем кестелерін белгілеу түріндегі қосымша көмек көрсету, сондай-ақ қарыз алушының банктің балансында тұрған жалғыз баспанасын меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізуде.

Қазіргі уақытта қосымша көмек 15,7 млрд теңге сомасында 3 194 қарыз алушыға көрсетілді.

Қаржылық шолудың толық нұсқасын мына сілтеме бойынша көре аласыз. 

white-arrow Тізімге