ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) қаржы секторының 2021 жылғы ақпандағы шолуын жариялады .
2021 жылғы ақпанда Агенттіктің тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі қызметі негізінен қарыз алушылардың борыш жүктемесін азайту бойынша жәрдем ету және шаралар қабылдауға, оның ішінде Бағдарлама шеңберінде жәрдем көрсету, сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібі туралы өтініштерін қарауға байланысты болды.
2021 жылғы ақпанда Агенттік жеке және заңды тұлғалардың қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің қызметімен байланысты 1 868 өтінішін қарады, бұл өткен есепті кезеңмен салыстырғанда 28%-ға көп. Өтініштердің ең көп үлесі банк секторына (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға) тиесілі, ол өтініштердің жалпы санының 70%-ын құрайды.
Атап айтқанда, азаматтар микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша – 10.2%, сақтандыру нарығы субъектілері – 1.6%, бағалы қағаздар нарығының субъектілері – 1% және коллекторлық агенттіктер – 4%, сондай-ақ өзге де ұйымдар – қаралған өтініштердің жалпы санынан 13.4% өтініш жасады.
Есепті кезеңде өтініштердің өзекті мәселелері мыналар болды:
1) банк секторында:
- қарызды қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру (оның ішінде Бағдарлама талаптары бойынша) және берешекті кешіру;
- екінші деңгейдегі банктердің басқа банктердегі ақшаға акцептсіз тәртіппен ақшаға айналдыру арқылы өндіріп алуы;
- банктік сектор бойынша нормативтік құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру;
- банктік қарыз шарты талаптарының ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес келуін тексеру.
2) сақтандыру секторында:
- сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмау;
- сақтандыру шарты талаптарының ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес келуін тексеру.
3) микроқаржылық секторда:
- микроқаржылық қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру;
- микроқаржы ұйымының қызметіне тексеру жүргізу;
- микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту.
4) коллекторлық агенттіктердің қызметі бойынша:
- коллекторлық агенттік қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері.
Қолданылған ықпал ету шаралары және санкциялар
2021 жылғы ақпанда екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және коллекторлық агенттіктердің әркеттерінде ҚР заңнамасының анықталған бұзушылықтары бойынша Агенттік 15 қадағалап ден қою ұсынымдық шарасын, 3 жазбаша ұйғарым қолданды және жалпы сомасы 2 839,7 мың теңгеге 11 әкімшілік айыппұл салды, оның ішінде мыналарға қатысты:
1) екінші деңгейдегі банктер – 13 қадағалап ден қою ұсынымдық шарасы, жалпы сомасы 2 037,5 мың теңгеге 5 әкімшілік айыппұл;
2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар - 1 қадағалап ден қою ұсынымдық шарасы;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары – 1 қадағалап ден қою ұсынымдық шарасы;
4) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар – 2 жазбаша ұйғарым, 364,6 мың теңге сомаға 5 әкімшілік айыппұл;
5) коллекторлық агенттік – 1 жазбаша ұйғарым, 437,6 мың теңге сомаға әкімшілік айыппұл.
Негізінен қаржылық қызметтерді тұтынушылар құқықтарының бұзылуы: кредиттік есепті алушының кредиттік есепті беру туралы сұратуды кредиттік тарих субъектісінің келісімінсіз беруіне; банктік қарыздарға тиісінше қызмет көрсетпеуге; банктік қызметтер туралы жарнамада берілген лицензия нөмірі және лицензияны берген орган атауы туралы мәліметтердің дұрыс көрсетілмеуіне; Қарыздар бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібі талаптарының бұзылуына; банктің ішкі қағидаларды, рәсімдерді, процестерді сақтамауына; шот шартының талаптарына сәйкес келмейтін нысаналы мақсатпен шоттар ашуға; сондай-ақ өтініштерді белгіленбеген нысанда қабылдауға; өтініштерді сақтандыру омбудсманына уақтылы жібермеуге; сондай-ақ өтініштерге жауаптарды дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып бермеуге; әрекеттерді (операцияларды) уәкілетті органға микрокредиттерді беру жөніндегі қызметтерді бекіту туралы хабарламаны жібермей жүзеге асыруға; Микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібі талаптарының бұзылуына; коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасайтын адамды берешектің туындау негіздеріне қатысты шатастыруға әкелетін жосықсыз әрекеттерді жүзеге асыруға; уәкілетті органға коллекторлық қызмет туралы дәйексіз ақпарат беруге қатысты болды.
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыруды 18 банк және 3 ипотекалық ұйым жүзеге асырады.
Ағымдағы жылдың 1 наурызында 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтап қалуға бағытталған Бағдарламаның бірінші бөлігі шеңберінде банктер қайта қаржыландыру бойынша 182,8 млрд теңге сомаға 28 949 өтінім мақұлдады, 170,2 млрд теңге сомаға 27 952 қарыз қайта қаржыландырылды, оның ішінде 2020 жылдан бастап 11,9 млрд теңге сомаға 1 302 қарыз қайта қаржыландырылды.
Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 2020 жылғы желтоқсанда 01.01.2016 жылға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды конвертациялауды аяқтады.
Бағдарламаның бірінші және екінші бөлігін іске асыру кезеңінде банктер 222,6 млрд теңге сомаға 27 202 валюталық ипотекалық қарызды конвертациялауды жүргізді.
Банктер Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде қарыздары бұрын ХӘОТ санаты бойынша Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және жеңілдік берілген төлем кестелерін белгілеу түрінде қосымша көмек көрсету, сондай-ақ банктің балансындағы қарыз алушының жалғыз баспанасын оның меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізуде.
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт