Қызметін жаңа бастаған инвесторларға кеңестер: нені білу керек?

time 9.09.2024
aye 1866
Қызметін жаңа бастаған инвесторларға кеңестер: нені білу керек?

Қызметін жаңа бастаған инвесторлар инвестиция құюдан және өз ақшасын салудан бұрын қор нарығының негіздері туралы оқудан өтіп, бағалы қағаздар нарығы дегеннің не екенін білуі қажет. Қазіргі уақытта қазақстандық, сондай-ақ шетелдік ресурстардан ақпарат пен материалдар алуға мүмкіндіктер өте көп. 

Қор нарығында сауда жасаудан бұрын қызметін жаңа бастаған инвестор қысқа және танысу сипатындағы оқудан өтуі қажет. Инвестициялық-брокерлік компанияны «Қазақстан қор биржасы» АҚ не Astana International Exchange ресми тізімінен таңдап алу керек. Қазіргі уақытта «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми тізімінде 27 брокерлік компания, ал Astana International Exchange сауда тізімінде 45 компания бар.

Екі биржаның сайттарынан брокерлік компанияда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен AFSA лицензиясының бар немесе жоқ екенін білу өте маңызды. Брокерлік компанияларға ақша салудан және беруден бұрын бұл тармақты міндетті түрде тексеріп алу керек. Реттеушінің лицензиясы жоқ компания заңсыз жұмыс істейді.

Әрі қарай қызметін жаңа бастаған инвестор компания таңдауы керек. Бұл мәселеде беделге, көрсеткіштерге, компанияның ауқымы мен тәжірибесіне  назар аударған жөн. Келесі қадам - брокерлік компаниямен брокерлік қызметтер көрсету шартын жасау. Содан кейін қағаздар мен ақшаны есепке алу үшін шот ашылады. Сондай-ақ, KASE мен AIX-де сауда-саттық жасау үшін қолжетімді қаржы құралдарын зерттеу маңызды. Келесі қадам - брокерге бағалы қағаздар сатып алу туралы бұйрық беру. Сатып алынған бағалы қағаздардың кірістілігіне кезеңді мониторинг жүргізіп отырудың пайдасы көп.

Сондай-ақ, инвестор ретінде өзіңіздің қанша ақшаны және қандай мерзімге салуға дайын екеніңізді айқындап алу қажет. Инвестициялық жоспар құру маңызды. Бағалы қағаздар нарығында сауда жасай отырып, нарықтағы жаңалықтармен және бағалы қағаздары инвесторлар, оның ішінде қызметін жаңа бастаған инвесторлар үшін қызығушылық тудыруы мүмкін эмитенттердің жаңалықтарымен тұрақты түрде танысып отыру керек.

Қандай құралдар бар?

Бөлшек инвесторлар үшін компаниялардың, оның ішінде ірі әлемдік компаниялардың акциялары қолжетімді болады;

Облигациялар;

Еурооблигациялар;

ИПҚ және ETF пайлары;

Фьючерстер. 

Бір сөзбен айтқанда, инвесторлар үшін опциялардың үлкен таңдауы бар. Инвесторлар үшін акциялар, облигациялар, еурооблигациялар, ETF және фьючерстер деген не екенін білу маңызды. Барлық толық ақпаратты қазақстандық биржалар сияқты сайттардан, шетелдік биржалар сайттарынан және ашық көздерден алуға болады.

Қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Қор нарығының ерекшелігі - бұл жылдам және тез өзгеретін орта. Бағалы қағаздардың құнына әлемдік және жергілікті ауқымдағы кез келген жағдайлар  әсер етуі мүмкін екенін білу маңызды.     Сондықтан қаржы нарығында болып жатқан жаңалықтарды, үрдістерді және барлық оқиғаларды қадағалау, сондай-ақ осы жаңалықтарды дұрыс түсіну және түсіндіру және оларды пайдаға айналдыра білу маңызды. 

Белгілі бір жаңалықты жариялау әрдайым инвестор жоспарлаған бағытта іске асырыла бермейтінін атап өткен жөн. Болжамдар орындала бермейді. Кейде жағымды жаңалықтар шыққанмен, акциялардың бағасы жаңалықтар жарияланғанға дейін төмендеу үрдісін жалғастыруы мүмкін. Нарықта аса маңызды оқиғалар және инвестор сауда жасауға тырысқан жаңалық орын алуы мүмкін және бұл жаңалық нарықтық ахуалды өзгерте алмады. Кейбір жағдайларда жаңалықтарға мән берілмеуі мүмкін. Бұл нарық жариялануға күтілетін деректердің алдын ала ескерілгеніне және олар қазіргі биржалық бағамдарда көрсетілуіне негізделуі мүмкін.

Бағалы қағаздарға инвестиция салу кезінде біз осы мақалада жазған негізгі ережелерді білуіңіз керек деп айта аламыз. Бағалы қағаздар нарығы құбылмалы және қауіпті сала екенін білу де маңызды. Егер сіз бұған сауатты, білімді, дайындалған және кәсіби кеңесшілердің көмегімен келер болсаңыз, онда сіз тәжірибелі бөлшек инвестор бола аласыз.

Толығырақ "Бағалы қағаздар нарығы" бөлімінен оқыңыздар!

white-arrow Тізімге