Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қызылорда қ. өңірлік өкілдер басқармасының қызметкерлері Мұрат Сарманов пен Қанат Акишев «РУ-6» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорнының қызметкерлеріне көшпелі дәріс өткізді.
Кездесудің мақсаты – өңірлердегі ірі компаниялар қызметкерлерінің қаржылық сауаттылығын арттыру. Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Қарамұрын» кенішінде өткен оқыту іс-шарасының тақырыбы – «Абайлаңыз: алаяқтар: олардан қалай қорғануға болады және цифрлық гигиена туралы не білу керек?».
Өңірлік өкілдер басқармасының өкілдері өндіруші компанияның қызметкерлеріне интернеттегі алаяқтық туралы, сондай-ақ қаскүнемдердің телефон арқылы қалай алдайтыны, жасанды интеллект технологиясын қалай қолданатыны, дауыстарды, фотосуреттер мен бейнелерді, телефон нөмірлерін қалай қолдан жасап алатыны туралы айтып берді.
Қаржы реттеушісінің қызметкерлері фишингпен (интернет-алаяқтық), вишингпен (телефон арқылы жасалатын алаяқтық) квишингпен (жалған QR-кодтарды пайдалану арқылые), фармингпен (жәбірленушіні жалған IP-мекенжайға бағыттау) және смишингпен (SMS-хабарламалар арқылы алдау) байланысты алаяқтық схемаларға жан-жақты тоқталып, өздерін Желіде қалай қорғауға болатыны және киберқылмыскерлердің құрығынан қалай құтылу керектігі жайлы ұсынымдар берді.
Цифрлық әлемде ұдайы орындап отыруды талап ететін өзіндік гигиена қағидалары бар. Тек оларды бұлжытпай орындаған жағдайда ғана олар сіздің киберкеңістігіңізді қорғауға көмектеседі, ал егер сіз оларға немқұрайлықпен қарасаңыз, қаржылық алаяқтардың тұзағына түсіңіз әбден ықтимал.
№1 қағида. Ешқашан және ешкімге, әсіресе, бейтаныс адамдарға, өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін жібермеңіз, картаның толық деректемелерін, әсіресе, артқы жағындағы үш таңбалы кодты, SMS-пен келетін кодты және өзге де жеке ақпаратты айтпаңыз.
№2 қағида. Өзініңіздің цифрлық кеңістігіңізде кезеңмен «толық тазалау» жүргізіп отыруды әдетке айналдырыңыз, антивирусты пайдаланыңыз. Толассыз ақпарат легінде алаяқтардан келген хатты, сондай-ақ сіздің почта жәшігіңізді немесе әлеуметтік желідегі аккаунтыңызды бұзу туралы хабарды байқамай қалуыңыз да мүмкін, сол себепті өзіңіздің гаджетіңізді жиі тазалап, ретке келтіріп отыруды ұсынамыз.
Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Авто-айлакерлік: жолдағы алаяқтар қалай жұмыс істейді және сақтандыру неге сіздің қорғаныңыз бола ал...
Қазақстан азаматтарды қаржылық алаяқтардан қалай қорғайды
«Алдымен өзіңе төле»: неге бұл қағида бәріне бірдей жұмыс істемейді
Қарыз тұзағынан шығудың жаңа мүмкіндігі: Finkelisim платформасы кредиттерді реттеу тәсілін қалай өзг...
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Проблемалық кредиттер: банк және микроқаржы омбудсмандарына жүгініңіз