Арманға ақша жинау, мысалы, өз көлігіңізді сатып алу, л о фт стилінде жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе еуротурға бару – бұл өте нақты және қолжетімді, бұл үшін керемет ақша табудың қажеті жоқ. Арманды жүзеге асыру жолындағы ең басты нәрсе – нақты тұжырымдалған мақсат және оны іске асыру кезеңдері.
Өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды арттырып , армандарыңызды жүзеге асыры п, қаржылық қауіпсіздік жастықшасын қалай жасауға болады – біз оны Fingramota.kz -пен бірге талдаймыз .
Армандар ішкі сезімдерге тікелей байланысты, ал адамның нақты мүмкіндіктері мен қабілеттеріне әрдайым байланысты бола бермейді. Алайда, арманның негізгі функциясы – адамды шабыттандыру. Арманды шындыққа айналдыру үшін нақты қаржылық мақсат қалыптастыру керек. Мысалы, өзіңізге мақсат қою – «тамызға демалыс үшін 500 мың теңге жинау », әрі қарай осы бағытта жұмыс істеу керек. Бұдан әрі ай сайын қанша ақша жинау керек, одан кейін отбасылық бюджетті талдау қажет. Мысалы, сіздің күнделікті таңертеңгі кофеңіздің құны 1 000 теңге, алайда сіз үйден кофе дайындауды шештіңіз, бұл 1 000 теңгені сіздің жинақ қобдишасына салу керек. Арифметикалық және геометриялық прогрессия қағидаттары бойынша жинақтау әдістерін қарастырайық.
Арифметикалық прогрессия қағидаты
Қаржы саласында арифметикалық прогрессия өте жақсы жұмыс істейді –біртіндеп қоса отырып елеулі соманы жинауға болады. Бұл алгебра мен математикалық талдаудың негізгі ұғымдарының бірі. Кішкентай сандар көбеюге бейім, бұл тек уақытқа байланысты. Кез келген адам қауіпсіздік жастықшасын жасап, төтенше жағдайларға аздап ақша жинақтай алады.
Геометриялық прогрессия қағидаты
Ең алдымен геометриялық прогрессияның негізгі мағынасын еске түсірейік – бұл ең алдымен сандар тізбегі, онда осы тізбектің әр элементі екіншісінен бастап бірдей көбейткішке көбейтілген алдыңғы санға тең болады. Егер сіз арифметикалық прогрессияда соманы қоссаңыз, геометриялық прогрессияда көбейтуіңіз керек.
Мысалы, алты апталық жинақтардың мысалын алайық. Сома екі еселенгендіктен, осы қағидат бойынша аптасына бір рет жинақ жасауға кеңес береміз. Сіз 1 000 теңгеден бастайсыз және әр апта сайын алдыңғыға қарағанда екі есе көп сомаға үнемдейсіз. Бірінші жарна – 1 000 теңге, екіншісі – 2 000, содан кейін 4 000 және т.б. Соңғы, алтыншы аптада қобдишаға 32 000 теңге саласыз. Негізгі ереже – күндерді өткізіп алмау. Сонда 6 апта ішінде сіз 63 000 теңге жинайсыз. Бастау үшін Сіз кез келген соманы таңдай аласыз, бірақ аптасына бір рет қатаң түрде салып отыруыңыз керек.
Толығырақ "Бюджетті жоспарлау" бөлімінен оқыңыздар
Балаларға арналған қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы жобаны іске қосу туралы
Бағалы қағаздарға инвестициялардың артықшылықтары және тәуекелдер
Сақтандыру не үшін қажет және сақтандыруда қандай тәуекелдер болуы мүмкін?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Жинақ күні: ақша жинауды және қаржылық мақсаттарға жетуді қалай үйренуге болады