Нархоз университеті және Economics fundamentals Initiative халықаралық қоры Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (Агенттік) Fingramota жобасының қолдауымен «Орталық Азиядағы экономикалық және қаржылық сауаттылық» тақырыбында форум ұйымдастырды. Іс-шара өңірдегі қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында сарапшылар мен инфлюенсерлердің басын қосты.
Economics Fundamentals Initiative қоры Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерінің әріптестерімен бірлесіп экономиканы зерделеуге және оқытуға, оның ішінде қаржылық сауаттылықты арттыруға қызығушылықты ынталандыруға және арттыруға бағытталған инновациялық бағдарламаларды іске асырады.
Форум аясында АҚШ, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжаннан келген қаржылық сарапшылар мен инфлюенсерлер Орталық Азиядағы қаржылық білім беру процестерін жетілдіру мүмкіндіктерін талқылады. Форумның негізгі мақсаты – қаржылық сауаттылықты арттыру әдістерін практикалық тұрғыдан қолдану бойынша тәжірибе алмасу, білім беру-қаржы саласында бірлескен идеялар қалыптастыру үшін табысты жобаларды көрсету.
Форум аясында түрлі елдердің спикерлері қаржылық сауаттылықты оқытудағы трендтерді, курстарды оқытуда мнемотехника мен инновациялық технологияларды қолдануды талқылады. Заманауи білім беру жүйесінде дәстүрлі емес әдістерді, жасанды интеллектті қолданудың өзектілігі мен қажеттілігі мәселелері қаралды. Мәселен, мнемотехниканы пайдалану ақпаратты есте сақтаудың, сақтау мен қайталаудың тиімділігін қамтамасыз етеді, бұл өскелең ұрпақта қаржылық сауаттылықтың алғышарттарын барынша табысты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Economics Fundamentals Initiative Президенті Рэндалл Файлер өзінің құттықтау сөзінде: «Қаржылық сауаттылық халықты қаржылық өнімдер мен қызметтерге кеңінен қамтуды және олардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе, қаржылық білім беру реформалары болашақта дағдарыстың алдын алуға бағытталған әлемдік тәжірибеде айқын көрінеді. Қаржылық сауаттылықтың жоғары деңгейі ел экономикасына жеке инвесторлар қаражатының түсуіне ықпал етеді, қаржы нарықтарындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырады, елдің қаржылық тұрақтылығын нығайтады және әл-ауқатты арттырады»,- деп атап өтті.
Форум барысында Қырғыз Республикасының спикері, Америка Сауда палатасының атқарушы директоры Айсулуу Сыдығалиева Fingramota жобасының және Қазақстанда қаржылық сауаттылықты дамытудың жоғары деңгейде екеніне назар аудара келе: «Қазақстанда қаржылық сауаттылық қарқынды өсуде, бұл бағыттағы бастамалар өте қуанышты. Бүгінде Қазақстанда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Біз қаржы секторының әр түрлі тақырыптарын қамтитын Fingramota сияқты жобаларға қуаныштымыз. Өңірде қаржылық сауаттылықты одан әрі дамыту үшін Қазақстанның тәжірибесінен үйрену және оны қабылдау біз үшін үлкен мәртебе»,- деп баға берді.
Қырғыз Республикасы Ұлттық банкінің қаржылық сауаттылық бөлімінің бастығы Кубанычбек Мусуралиев өз сөзінде «Қырғыз елінде Fingramota жобасына қызығушылық аса үлкен деңгейде екеніне баса тоқталды, өйткені мақалалар халық үшін қолжетімді, түсінікті тілде жазылады, инфографикамен өміршең мысалдар келтіріледі. Жоба Орталық Азияның барлық елдері үшін жарқын үлгі болып табылады.».
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт