Астана, 2025 жылғы 17 сәуір — Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Қаржылық сауаттылық: өзіңді алаяқтардан қалай қорғауға болады» тақырыбында қонақ дәріс өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жанындағы Fingramota.kz жобасы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — жастардың жеке қаржы басқару дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ цифрлық қауіп-қатерлер мен алаяқтық схемалар санының артуы жағдайында қаржылық қауіпсіздікке саналы көзқарас дамыту.
«Отбасы банк» АҚ-ның өкілі Гүлжазира Елеубекова студенттерге қаржылық тәртіптің маңыздылығы, жинақтаудың негіздері, тұрғын үйге қаражат жинау мүмкіндіктері мен банк өнімдерін тиімді пайдалану жолдары туралы айтты. Сонымен қатар, студенттік кезеңнен бастап қаржылық мақсаттарды айқындап, оларға жүйелі түрде ұмтылудың қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ Астана қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі Экономикалық тергеу департаментінің маманы Артур Амантайұлы «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында баяндама жасап, жастар жиі тап болатын алаяқтық схемалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Олардың қатарына фишинг, инвестициялық пирамидалар, жалған қаржы қызметтері, сондай-ақ заңсыз операцияларға қатысумен байланысты «жеңіл табыс» ұсыныстары сияқты қауіптер кіреді.
Дәріс барысында келесі маңызды мәселелер қаралды:
цифрлық ортада жеке деректерді қорғау жолдары;
ақшаны жылыстату схемаларына (дропперлік) қатысудың тәуекелдері;
қаржылық ұсыныстар бойынша ақпаратты тексерудің маңыздылығы;
шамадан тыс қарыз жүктемесінің салдары.
Іс-шара соңында спикерлер студенттердің сұрақтарына жауап беріп, нақты өмірлік мысалдарды талдап, қауіп-қатерлерді тану және оларға қарсы тұру бойынша практикалық кеңестер ұсынды.
Мұндай дәрістер — Fingramota.kz жобасының жастар арасында қаржылық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы маңызды бөлігі. Олар жастарға жеке қаржыны басқарудың негізгі қағидаларын меңгеруге және күнделікті өмірде туындайтын қаржылық тәуекелдерге дер кезінде жауап беруге көмектеседі.
Интернеттегі сатып алулар: нақты төлемдерді алаяқтық төлемдерден қалай ажыратуға болады
Банк сіздің қаржыңыз туралы не біледі: операциялар, шоттар және кредиттік тарих
Кредиттік тарих бақылауда: деректерді тексеру және қателерді түзету қалай жүреді
Антифрод-базаға түсті: бұл банк клиенті үшін нені білдіреді
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Сіздің атыңызға кредит: алдын ала қалай рәсімделуіне тыйым салуға болады
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді