27.02.2024 ж. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) студенттеріне қаржылық сауаттылық негіздері жөнінде дәріс оқылды.
Іс-шараға спикер ретінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) өкілдері, «Rahym» әлеуметтік үйі» қоғамдық қорының «Isker isi» әлеуметтік жобасының басшысы және Алматы қ. Заң консультанттары палатасының Төрағасы қатысты.
Іс-шара барысында Агенттік өкілі қаржылық сауаттылық негіздері және қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлері жөнінде айтып берді.
«Бүгінгі күні қаржы алаяқтары фишингтік шабуылдарды, телефон соғуды (вишинг), дипфейк технологиясын және түрлі инвестициялық схемаларды белсенді қолдануда. Олар айла-шарғыларын бүге-шігесіне дейін ойластырып, ең қырағы және сақ деген адамдардың өзін алдап түсіреді. Сол себепті құпия сөз, пароль, банктік шоттың нөмірі, код сөз, банк картасындағы CVV-код сияқты дербес деректерді үшінші қолға беруге болмайтынын есте сақтау қажет.
«Аталған мәліметтерді қолға түсірмекші болған кез-келген әрекет алаңдаушылық туғызуға тиіс және тиісті органдарға жүгінуге себеп бола алады», - деді Агенттіктің қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бас маманы Мұхамед Бағдатұлы.
Қоғамдық ұйымдардың өкілдері, өз кезегінде, жастар арасында алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткені туралы айтып берді.
«Соңғы уақытта күн сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жас қазақстандықтарды алаяқтық жолмен кредит ресімдеуге немесе қаржы пирамидасына кіруге мәжбүрлеген алаяқтар туралы мақалалар шығады. Бұл тақырыптың қазіргі уақытта жауыр болғаны сонша, адамдар да қырағылық танытып, ұялы телефонға қоңырау шалған «банк қызметкерімен» сөйлесуді дереу тоқтатып, қақпан аузындағы ірімшіктің тегін болмайтыны туралы шындықты біліп қалды. Дегенмен, бұған дейін көбісі қылмыскерлердің алдауына түсіп, оларға барлық жинақтарын беріп, онымен қоймай, кредит ресімдеп, оны пайызбен қайтаруға мәжбүр болып отыр», - деп атап өтті «Rahym» әлеуметтік үйі» қоғамдық қорының, «Isker isi» әлеуметтік жобасының басшысы Бибінұр Шералиева.
Айта кетейік, қаржылық сауаттылық бойынша дәрісті ҚазҰАЗУ-дың 100-ге жуық студенті тыңдады. Дәріс барысында студенттер спикерлерге қаржылық терминдер, фишингтік сайттар, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, отбасылық бюджетті сауатты басқару туралы сұрақтар қойды. Сондай-ақ шақырылған сарапшылар студенттердің жеке кейстеріне талдау жасады.
Fingramota.kz жобасының шеңберінде Агенттік өткізетін барлық оқыту іс-шаралары тегін және қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер мен вебинарлар өткізуге қызығушылық танытқан жағдайда, Сіз Сall-орталықтың: + 7 727 237 1000 нөміріне қоңырау шала аласыз.
Әлеуметтік желілердегі біздің парақшаларға жазылыңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды