Ағымдағы жылғы 12 қазанда Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері үшін «Қаржылық сауаттылық не үшін қажет» тақырыбында public talk форматында қаржылық сауаттылық бойынша тренинг өткізілді. Іс-шараға спикерлер ретінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік), Ішкі істер министрлігі Бостандық ауданының ішкі істер басқармасының және Алматы қаласы прокуратурасының өкілдері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, жастар арасында қаржылық, әлеуметтік және құқықтық жауапкершілікке тәрбиелеу, жеке бюджет басқармасында мәселелерді шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдану тәжірибесін қалыптастыру, студенттерді қаржы пирамидалары мен алаяқтардан абай болуға шақыру.
Іс-шара барысында Агенттік өкілдері қаржылық, кредиттік және цифрлық сауаттылық негіздері туралы айтып берді.
«Жеке қаржылық мақсаттар қоя білу және оларға қол жеткізе білу маңызды, себебі қаржылық тұрғыдан сауатты адамдар қаржылық тәуекелдер мен алаяқтардан көбірек қорғалған. Қаржылық сауаттылықты зерделеу болашақ ересектерді қажетсіз қателіктерден сақтайды. Сондықтан біздің жобаның тақырыбы бүгінгі күні өзекті және уақтылы. Ең күрделі техникалық құзыреттілікке ие, көптеген пәндер бойынша білімі бар студенттер әртүрлі қаржылық алаяқтықпен айналысатын түрлі алаяқтардың қармауына оңай түседі. Елдің орнықты даму перспективалары, азаматтардың әл-ауқаты көбінесе қаржылық сауаттылық деңгейіне байланысты. Қаржы жүйесінің сенімділігі мен тәуелсіздігі елдің экономикалық қауіпсіздік негіздерінің бірі болып табылады», - деп атап өтті агенттіктің қаржылық сауаттылығын арттыру басқармасының бас маманы Мұхамед Бағдатұлы.
Құқық қорғау органдарының өкілдері өз кезегінде фишинг сайттар арқылы азаматтардың жеке деректерін ұрлаумен, алаяқтарды банк қызметкерлері немесе мемлекеттік органдар өкілі ретінде жасырумен байланысты алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткені туралы айтып берді.
Іс-шара әртүрлі курс студенттері мен оқытушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Дәріс барысында студенттер қаржылық терминдер, инвестициялар, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, отбасылық бюджетті сауатты басқару, фишинг сайттар туралы сұрақтар қойды, сондай-ақ кейбір студенттер QR-код арқылы жасырын сұрақтар қойды. Дәріс аяқталғаннан кейін кейбір студенттерге жеке кеңес берілді.
«Іскер ісі» әлеуметтік жобасы 2022 жылы басталды және ол тәрбие-білім беру бағытындағы жұмысты күшейтуді, еліміздің 25-тен астам колледжі мен 38 жоғары оқу орнын қамтуды жоспарлап отыр. Fingramota.kz жобасы жоба құрылған сәттен бастап екінші жыл қатарынан түрлі жастағы азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі оқулардың жүргізілуіне белсенді қатысады.
«Жаңа жылдық фейктер»: мереке қарсаңындағы қарбаласта алаяқтардың қақпанына түспеу жолдары
AQYL дегеніміз не және білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады
Егер сізде бірнеше кредитіңіз болса: оларды мерзімінен бұрын қалай дұрыс өтеуге болады
Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?