Ұлттық валюта – Теңге күні және Қаржыгерлер күні мерекелері қарсаңында Алматы технологиялық университетінде студенттер мен оқытушылар үшін «Интернет-алаяқтықтың негізгі тәсілдеріне қарсы іс-қимыл. Лудомания мен нашақорлықтың алдын алу» деген тақырыпта оқыту семинары өтті.
Іс-шараны «RAHYM» әлеуметтік үйі» қоғамдық қорының өкілдері ЖОО басшылығымен бірге Fingramota.kz қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы және Isker isi әлеуметтік жобасы шеңберінде ұйымдастырды.
Семинар барысында оқушылар көптеген пайдалы жобалар туралы біліп, қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті білім алды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі Дмитрий Акмаев алаяқтықтың негізгі түрлері туралы, ең алдымен цифрлық ортадағы алаяқтық түрлері туралы айтып, киберқауіптерге қалай қарсы тұру керектігі туралы нұсқаулар берді. Қоғамдық қордың басшысы Бибінұр Шералиева қаржы пирамидалары және қаржылық сауаттылықты арттыру қажеттілігі туралы ақпаратпен бөлісті. Ал Алматы қаласы прокуратурасының өкілі Эльдар Дүйсенбаев жастарды есірткіден сақтандырып, жастардың тыйым салынған заттардың тәуелділігі мен таралуына байланысты қиын жағдайларға қалай тап болатынын мысалдармен айтып берді.
Сондай-ақ студенттер Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жүргізетін жастарды қолдауға арналған әлеуметтік жобалар туралы білді. Нейромаркетолог Олжас Шарипов жасанды интеллект қалай дамитыны және оны оқуда қалай қолдануға болатындығы туралы презентация жасады.
Fingramota.kz. жобасының қолдауымен ұқсас іс-шаралар бүкіл Қазақстан бойынша оқу орындарында өткізіледі, себебі жастар мен студенттер негізгі аудиториялардың бірі болып табылады. Сіз де өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Әлем жұлдыздары үнемділік пен ақша жинау туралы
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар