6-САБАҚ: Шартқа қол қоймас бұрын нені білу керек?

time 4.09.2021

«ШАРТ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?» 
Шарт – бұл құқықтар мен міндеттерді орнату, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан көп тұлғаның жазбаша келісімі.

Шарт – бұл уағдаласушы тараптардың әрқайсысы өзін және өзінің мүдделерін қорғаудың тәсілі.

ШАРТ: 

не туралы келіскендеріңізді есте сақтау үшін;

не туралы келіскендеріңізді түсіну үшін;

кейін шарт талаптарын  өзгертпеу үшін;

уағдаластық мәнін қасақана бұрмалаудан өзін сақтандыру үшін, бұл екі тарапқа да қатысты;

басқа да тәуекелдерді азайту үшін ҚАЖЕТ.

ШАРТ:

түсінікті;

айқын;

қауіпсіз (клиент үшін де, ұйым үшін де) БОЛУҒА ТИІС.


ҚАЙРАТТЫҢ ОҚИҒАСЫН ҚАРАСТЫРАЙЫҚ 

Қайрат кезекті кредитті аламын деп шешті. Ол бұған дейін отбасының қажеттілігі үшін 12 айға дейінгі мерзіммен екі кредит алған болатын. Оларды уақтылы төлеп бітірді. Өтінімін айтарлықтай жылдам ресімдеп, 4 жылға дейінгі мерзіммен кредит алды.

Қайрат төлемдерін уақтылы төлем тұрды, себебі ол тәртіпті қарыз алушы болатын. Екі ай өткен соң оның отбасының материалдық жағдайы жақсара түсті. Қайраттың жұмыста мансабы өсті, әйелі бала күту демалысынан шықты. Ол кредитін мобильдік қосымшаның көмегімен мерзімінен бұрын жаппақшы болды. Алайда, оған мерзімінен бұрын өтегені үшін төлейтін айыппұл ұнамады. Түсіндіріп беруі үшін кредиторға өтініш жасады. Мұны менеджер осындай талаптар көрсетілген қарыз шартының тармағын көрсеткен кезде бір-ақ біліп, өкініп қалды.

Қайрат наразы болғанымен, өзінің шарасыз екенін түсінді. Себебі шарттың барлық тармағын мұқият оқып шықпаған кінә өзінен болатын.

КРЕДИТТІК ШАРТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ 

Типтік кредиттік шарттың баптары қандай екенін және онымен танысу кезінде неге ерекше назар аудару керектігін мұқият қарастырып көрейік.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:

  • Шарттың барлық негізгі талаптары алғашқы беттерде көрсетіледі.
  • Кесте осы талаптарға байланысты құрастырылады.

Сонымен алғашқы беттерде көрсетілуі керек шарттың негізгі ережелері:

  • Кредит сомасы:
  • Кредит мерзімі:
  • Сыйақының жылдық мөлшерлемесі:
  • Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі:
  • Өтеу әдісі:
  • Өтеу тәсілі:
  • Шарт талаптарын бұзғаны үшін айыпақы (айыппұл, өсімақы) мөлшері

  • Бұл шартқа қол қою кезінде назар аударуды қажет ететін негізгі ұғымдар. Содан кейін олар шартта толығырақ сипатталады. Жоғарыда көрсетілген терминдердің мәнін түсіну үшін шарттың барлық тармақтарын мұқият оқып шығуға кеңес береміз.

ШАРТТЫ МҰҚИЯТ ОҚУ ҚАЖЕТ, ӨЙТКЕНІ ОНДА СІЗГЕ ТИІМСІЗ ТАЛАПТАР БОЛУЫ МҮМКІН.

ШАРТҚА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ КРЕДИТТІ РӘСІМДЕУ БОЙЫНША БАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЛ ҚОЮ КЕЗІНДЕ ҚҰЖАТПЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫП ШЫҒУ ҚАЖЕТ. 

КРЕДИТТІК ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЮ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ОНЫҢ БАРЛЫҚ ТАЛАПТАРЫМЕН ТАНЫСҚАНЫН ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ТОЛЫҚ КЕЛІСЕТІНІН БІЛДІРЕДІ. 

егер бір нәрсе түсініксіз болса, қызметкерден түсіндіруін сұрау керек немесе шартты оқып, онымен мұқият танысУ үшін өзіңізбен бірге алып кету керек.

 

БІЛГЕН МАҢЫЗДЫ!

  • Егер кредит мобильді қосымша немесе сайт арқылы рәсімделсе, оның қағаз нұсқада рәсімделген құжатпен тең күшке ие екенін түсіну керек;
  • Электрондық цифрлық қолтаңба (эцқ) қағазға қойылған қолтаңбамен бірдей күшке ие;
  • Кредитті рәсімдеу кезінде қоятын қанатбелгілер бұл жай ғана қалыптылық емес, бұл сіздің кредит ұйымында бірнеше жыл бойы сақталатын дербес деректеріңізді беруге қол қойған келісіміңіз.

Кредиттік ұйымның сайтындағы жеке кабинетіңіздің құпиясөзін немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны ешкімге бермеңіз, себебі олардың көмегімен сіздің атыңыздан кредит алуға болады, бұл жағдайда кредитті өзіңіз төлеуге мәжбүр боласыз. Кредитті алмағаныңызды дәлелдеу қиынға соғады, ол үшін полицияға не сотқа жүгіну керек.

  •  
  • «Шарттың жалпы талаптары» бөлімінде шартқа қол қоятын тараптардың толық заңды атауы, олардың заңды мекенжайы, тараптардың әрекет етуіне негіз болатын құжаттар, сонымен қатар кредиттік ұйым мен қарыз алушы арасындағы кредиттік қарым-қатынастардың мәні мен мазмұны көрсетіледі және пайыздарды, тұрақсыздық айыбын және басқа төлемдерді есептеу және ұстап қалу рәсімі толық сипатталады.


ТЕКСЕРГЕН МАҢЫЗДЫ!

ШАРТТА КРЕДИТТІК ҰЙЫМНЫҢ ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫС МЕРЗІМІ ІШІНДЕ ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕНІ ӨЗГЕРТЕ АЛАТЫНЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНІҢ БАР-ЖОҒЫН ТЕКСЕРІҢІЗ ЖӘНЕ ЕГЕР ОСЫНДАЙ ЕРЕЖЕ БАР БОЛСА, ОНДА КЛИЕНТКЕ ҚАЛАЙ ХАБАР БЕРІЛЕТІНІНЕ КӨЗ ЖЕТКІЗІҢІЗ. БҰЛ ӨТЕ ҚАУІПТІ ТАЛАП, ӨЙТКЕНІ ОЛ КРЕДИТТІК ҰЙЫМҒА КРЕДИТ ТӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.


  • Стандартты кредиттік шартта «Тараптардың құқықтары мен міндеттері» тармағында осыған дейін айтылып өткен кредитор мен қарыз алушының құқықтары мен міндеттері тағы да, кейде қарыз алушы үшін тиімсіз кейбір жаңа «нюанстармен» жазылады.


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

КРЕДИТТІ ӨТЕУ РАСТАУШЫ ҚҰЖАТПЕН – КІРІС-КАССАЛЫҚ ОРДЕРмен ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ТӨЛЕМ ТЕРМИНАЛЫНАН АЛЫНҒАН ФИСКАЛДЫ ЧЕКпен РӘСІМДЕЛУГЕ ТИІС. ОЛАРДЫ КРЕДИТТІ ТОЛЫҚ ӨТЕГЕНГЕ ДЕЙІН, ТІПТІ ӨТЕП БОЛҒАННАН КЕЙІН ТАҒЫ БІРАЗ УАҚЫТ САҚТАП ҚОЙҒАН ЖӨН. МҰНДАЙ ҚҰЖАТТАР БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ТӨЛЕМНІҢ ЖҮРГІЗІЛГЕНІН ДӘЛЕЛДЕУ ӨТЕ ҚИЫН БОЛАДЫ.

МЕРЗІМІН ӨТКІЗІП АЛҒАНЫ ҮШІН ӨСІМАҚЫ НЕМЕСЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕМЕУ ҮШІН ПАЙЫЗДАРДЫ ЖӘНЕ КРЕДИТТІҢ БІР БӨЛІГІН ӨТЕУДІҢ ЕҢ СОҢҒЫ МЕРЗІМІН НАҚТЫ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАЖЕТ.

 «Міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілдері» бөлімінде қарыз алушының кредиттік шарт бойынша міндеттемелерін орындауын кепілдендіретін нақты қамтамасыз ету (кепіл немесе кепілдік) көрсетіледі.

"кредитті ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ" ДЕГЕН СӨЗ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ КРЕДИТОРҒА кредит пЕН ПАЙЫЗДАРДЫ ҚАЙТАРУ МІНДЕТТЕМЕСІ КЕЗ КЕЛГЕН ЖАҒДАЙДА ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ЖЕКЕ МҮЛКІ НЕМЕСЕ КЕПІЛДІККЕ ҚОЛ ҚОЙҒАН НЕМЕСЕ ӨЗ МҮЛКІН кредит ҰЙЫМЫНА КЕПІЛГЕ БЕРГЕН НЕМЕСЕ САҚТАНДЫРУ АРҚЫЛЫ БЕРГЕН ЖАҚЫН АДАМДАРДЫҢ МҮЛКІ ЕСЕБІНЕН КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕНІН БІЛДІРЕДІ. 

ТАҒЫ БІР МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН КРЕДИТТЕУ КЕЗІНДЕ, ЕГЕР СІЗ БАСҚА ТҰЛҒАНЫҢ КЕПІЛГЕРІ БОЛСАҢЫЗ, СІЗ ОНЫ ЖАҚСЫ БІЛУГЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ СЕНІМДІ БОЛУҒА ТИІССІЗ.

КЕПІЛДІККЕ ҚОЛ ҚОЙҒАН КЕЗДЕ СІЗ КРЕДИТ ҮШІН ТОЛЫҚ ЖАУАП БЕРЕСІЗ. БҰЛ РЕТТЕ КРЕДИТОР СІЗДЕН БЕРЕШЕКТІ ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ ӨНДІРІП АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ.  

кепілдіктен өз қалауыңыз бойынша бас тарта алмайсыз. ол үшін кредитордың келісімі қажет. 

 «Тараптардың жауапкершілігі» бөлімі шарт бойынша міндеттемелер мен талаптарды бұзғаны үшін тараптардың әрқайсысына жүктелетін заңды және экономикалық жауапкершілікті білдіреді.

 

МҰҚИЯТ БОЛЫҢЫЗ!

ЖЕКЕ КУӘЛІКТІҢ НЕМЕСЕ БАСҚА ҚҰЖАТТЫҢ ТҮПНҰСҚАСЫН/КӨШІРМЕСІН ҚЫЗМЕТКЕРДЕ ҚАЛДЫРУҒА НЕМЕСЕ СЕНІМХАТ АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕЛГЕН ТҰЛҒА БОЛМАСА, ОНЫ ҮШІНШІ ТҰЛҒАҒА БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ.

ӨЗІҢІЗДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰЖАТТАРЫҢЫЗҒА (ЖЕКЕ КУӘЛІК, КЕПІЛДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚ БЕЛГІЛЕУШІ ҚҰЖАТТАРЫ ЖӘНЕ Т.Б.) МҰҚИЯТ БОЛУ ҚАЖЕТ.

 Кредиттік шарттың қорытынды ережелері. Бұл бөлімде әдетте шарттың күшіне ену күні, оған қол қою күні көрсетіледі және кредит сомасын, пайыздарды және басқа төлемдерді қарыз алушының толық қайтаруына дейінгі шарттың әрекеті туралы айтылады.  

Бұл бөлімде сондай-ақ кредиттік ұйым қандай да бір өзгерістер туралы хабардар ететін, келесі төлемнің күні туралы ескертетін немесе мерзімін өткізіп алу және оны өтеу қажеттілігі туралы еске салатын байланыс тәсілдері көрсетіледі. Сондай-ақ бұл тәсілдер қарыз алушының кредиттік ұйыммен байланысы үшін қолданылады.


ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:

ЕГЕР ШАРТТА СІЗ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАНЫ КӨРСЕТСЕҢІЗ НЕМЕСЕ СМС НЕМЕСЕ WHATSAPP АРҚЫЛЫ АҚПАРАТ АЛУҒА КЕЛІССЕҢІЗ, ОНДА КРЕДИТТІК ҰЙЫМ СІЗГЕ БАРЛЫҚ ХАБАРЛАМАЛАРДЫ ТЕК СОЛАР АРҚЫЛЫ, ПОШТА АРҚЫЛЫ ҚАҒАЗ ҚҰЖАТСЫЗ ЖІБЕРУГЕ ҚҰҚЫЛЫ. СОНДЫҚТАН БАРЛЫҚ ШЫНАЙЫ НӨМІРЛЕР МЕН МЕКЕНЖАЙЛАРДЫ ДҰРЫС КӨРСЕТКЕН МАҢЫЗДЫ, АЛ ӨЗГЕРГЕН ЖАҒДАЙДА МЕНЕДЖЕРГЕ ЖАҢА МЕКЕНЖАЙЫҢЫЗ ЖӘНЕ НӨМІРІҢІЗ ТУРАЛЫ ДЕРЕУ ЕСКЕРТУ КЕРЕК, ӘЙТПЕСЕ АҚПАРАТ ЕСКІРГЕН ДЕРЕКТЕРГЕ КЕЛЕДІ, БІРАҚ СІЗ АЛҒАН БОЛЫП САНАЛАДЫ. 

 

МАҢЫЗДЫ:

егер сіз микроқаржылық ұйыммен (мқұ) шарт жасасаңыз, 01.01.2020 жылғы мқұ туралы заңға енгізілген мқұ-ға қойылатын кейбір талаптарға назар аударыңыз. 

мқұ:


  • сыйақы мөлшерлемелерін (оларды төмендету жағдайларын қоспағанда) және (немесе) микрокредиттi өтеу тәсiлi мен әдісін біржақты тәртіппен өзгертуге;
  • кепілсіз банктік қарыз және микрокредиттер бойынша күнтізбелік 60 күннен астам, айлық есептік көрсеткiштiң 5 еселенген мөлшеріне тең немесе одан асатын мөлшерде мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаларға қысқамерзімді микрокредитті (мерзімі 45 күнге дейін сомасы 50 АЕК дейін) беруге;
  • микрокредит бойынша сыйақы мен тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемдерді белгілеуге және қарыз алушыдан алуға;
  • жеке тұлға болып табылатын, микроқаржы ұйымына микрокредит сомасын мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарған қарыз алушыдан микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және басқа да төлемдерді талап етуге;
  • кепілге салынған заттарды пайдалануға және оларға билік етуге;
  • жеке тұлға кепілсіз микрокредит бойынша өтеу мерзімін 90 күннен асырғаннан кейін тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) есепке жазуға және талап етуге;
  • Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде сотқа берешекті өндіріп алу туралы талаппен жүгінуге, көрсетілген кезең үшін есептелген сыйақыны төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңде тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға;
  • тұрғын үй және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит бойынша өтеу мерзімін қатарынан 180 күнтізбелік күннен асырғаннан кейін есепке жазылған сыйақыны, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап етуге құқықсыз; 

Егер сіз микрокредиттік ұйым алдындағы берешегіңізді ұзақ уақыт өтемеген жағдайда, ол өз құқықтарын коллекторлық агенттікке бере алады. Бұл жағдайда сіздің микрокредиттік ұйыммен қарым-қатынасыңыз тоқтатылады және борышты өтеуге байланысты барлық мәселелерді сізге осы коллекторлық агенттікпен шешу қажет болады. Бұл ретте микрокредиттік ұйым сізге өсімпұлды немесе сыйақыны өтеу мерзімін ұзарту немесе есептен шығару туралы мәселені шешуге көмектесе алмайды. Бұл жағдайда сіз берешектің барлық сомасын коллекторлық агенттікке төлеуге міндетті боласыз. 

white-arrow Тізімге