Мәлім болғандай, көп ақша табатын адам ғана емес ақшаны үнемдейтін және отбасының бюджетін ұлғайтуды білетін адамдар да ауқатты болады. Үнемдеу мәселесі қазір, дағдарыс кезеңінде, жалақының төмендеуі байқалғанда, өте өзекті. Сіз бастықты жалақыны бірден екі есе ұлғайтуға мәжбүрлей алмайсыз, бірақ сіздің қажетсіз шығыстарды қысқартуға мүмкіндігіңіз бар. Бірінші қадам – бар қаражатыңыздың шегінде өмір сұру және ақшаны қаншалықты, неге жұмсайтыныңызды білу.
Шығыстарды қалай бақылауға болады
Әрбір күн қанша ақша жұмсайтыныңызды есептеңіз. Негізгі жұмсалатын ақша әрбір адамда, әдеттегідей, бірдей болады:
Күрделі ден саналмайтын есептерден кейін сізде 93 000 теңге қалады, оған киім-кешек сатып алу, киноға бару және достарды туған күндерімен құттықтау кіреді.
93 000 теңгені 30 күнге бөлеміз, бір күндік бюджетті шығарамыз – 3100 теңге.
Егер сіз жалақыны алған күні достарыңызбен барға барсаңыз, ал таңертең
15 000 теңге жетпей қалса, онда осы айдың бір күндік бюджеті тағы да қысқарады.
Енді сіз 2689 теңгеден көп жұмсай алмайсыз.
Бір күндік лимит – қажетсіз сатып алудан қорғау. Азғандай болса да, әр күндік шығындарыңызды жазып тұрыңыз. Біз көбінесе кофе ішуге баруға және жеңілдік кезіндегі қажетсіз заттарға ақша көп жұмсаймыз. Уақыт келе, сіз ойлана бастайсыз: әрбір күнді үнемдеген ақшамен аяқтағыңыз, ірі заттарды сатып алғыңыз келе бастайды және үнемдеу тәсілін іздестіре бастайсыз.
Шығыстарды қалай қысқартуға болады
Егер сіз бірнеше ай бойы шығыстарыңызды тіркейтін болсаңыз, онда талдауға кірісесіз:
Сіздің ақшаңыз қайда кетеді және шығыстарды қалай азайтуға болады? Бұл сіздің әдеттегі өмір сұру тәртібінен бас тартуыңызды білдірмейді, сіз ақшаны ойланып жұмсайтын боласыз.
Төлем картасы туралы барлық ақпаратты біліңіз
Банктер қолма-қол ақшасыз төлемге мүдделі және клиенттер үшін жеңілдігі бар бағдарламаларды әзірлейді. Кейбір кезде картамен ақша төлегенде, ақшаның бір бөлігі кері қайтарылады – бұл кэшбек деп аталады. Банктің менеджері картаның артықшылықтары туралы айтып береді. Мысалы, сіз автомобильге бензин құясыз немесе достарыңызбен кофе ішесіз, ал жұмсалған ақшаның бір бөлігі картаға кері қайтарылады. Сіз картадан ақша алмайсыз және айдың соңында банктерден картадағы ақшаның қалдығына сыйақы аласыз.
Менюді бір аптаға жасаңыз
Жұмыстан кейін біз кіріп шығатын үйдің қасындағы дүкендегі баға супермаркеттегі бағадан 10-15%-ға жоғары. Бір аптаға меню жасаңыз, қажетті азық-түліктің тізімін жасаңыз және оларды супермаркетке барғанда бірден сатып алыңыз. Осылай төрт апта өмір сүріңіз және чектерді өткен айдағымен салыстырыңыз: сіз айырмашылықты көресіз.
Тарифтер мен акцияларды байқаңыз
Ұялы байланыс немесе кабельді теледидар операторлары әрбір клиент үшін күресуге дайын. Олар жеңілдіктерді жария етеді: мысалы, 50%-дық жеңілдігі бар мобильді интернеттің жылдық пакетін сатады. Хабарламалары бар смс-хабарларды елемей қоймаңыз: кейбір кезде спам арасында қолайлы ұсыныстар кездеседі.
Интернеттен сатып алыңыз
Интернет дүкендердегі бағалар төмен, себебі сатушы үй-жайды жалдағаны үшін ақыны және консультант сатушылардың жалақысын төлемейді. Сатып алу алдында бағаларды салыстырыңыз, бұл маркетингтік тәсіл емес, аз төлеудің нақты тәсілі болуына көз жеткізіңіз. Сайттан әуе билеттерін сатып алғанда, сіз әуе кассасының немесе турагенттіктің комиссиясын үнемдейсіз.
Клиентке жеңілдік жасау бағдарламаларына қатысыңыз
Дүкендердің, әуе компанияларының немесе мейрамханалардың жеңілдігі бар бағдарламаларына қатысыңыз: тегін десерттерді, клубтың қатысушылары үшін арналған жеңілдіктер мен арнайы бағаларды алу үшін балдармен мен бонустарды жинаңыз. Маркетологтардың айласына түспеңіз: керексіз тауарды оған жеңілдік болғандықтан ғана сатып алмаңыз.
Ай сайынғы шығыстарды қысқарту тәсілдерін естен шығармаңыз:
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды