Өткізіліп жатқан IPO шеңберінде «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына тиімді ақша салу сылтауымен алаяқтар Play Market-тің ресми дүкенінде күмәнді қосымшаларды белсенді түрде жарнамалауда. App Store-да әзірге мұндай сервистер пайда бола қойған жоқ.
Fingramota.kz мұқият болу қажеттілігін, басқа пайдаланушылардың пікірлерін мұқият оқып шығу керектігін және жүктеуге ұсынылған мобильді қосымшалардың шығарылған күні мен рейтингін қарау керектігін еске салады.
Алаяқтар тегін орнатуға болатын әртүрлі мобильді қосымшалардың көмегімен IPO-да «ақша табуды» ұсынады.
Аңқау азаматтарды көбірек тарту үшін олар «ҚазМұнайГаз» АҚ-тың атауы мен логотипін пайдаланады, ал қосымшаларға сипаттамада аз ғана күш салып жоғары, әрі кепілді табыс алуға уәде етеді. Бұл қосымшалар үкіметтің қолдауымен әзірленді-мыс деп сендіреді.
Алаяқтар IPO шеңберінде бағалы қағаздарға инвестиция салу жеңіл және әр инвестиция үлкен пайда әкеледі деп сендіреді. Дәлел ретінде олар жалған пікірлерді орналастырады. Мына деректерге: қосымшаның шығарылған күніне, ол қаншалықты жиі жаңартылатынына, әзірлеушісі кім екендігіне, пікірлердің саны мен жарияланған күні және пайдаланушылардың аты-жөндеріне назар аударыңыз. Қосымша сіздің деректеріңізді қалайша және қандай жолмен жинайтыны, өңдейтіні және әзірлеушіге беретіні туралы ақпарат маңызды болып табылады.
Басқа ұқсас қосымшаларды ашыңыз, егер онда алданған пайдаланушылардың пікірлері болса, оларды мұқият зерделеңіз.
Fingramota.kz «қомақты пайда» алуға уәде беретін алаяқтардың қызықтыратын ұсыныстарына сенбеуге, зиянды бағдарламалық қамтылымдары бар күдікті қосымшаларды жүктемеуге үндейді. Егер сіз ресми дүкендерде жалған сервистерге тап болсаңыз, онда «Бұзушылық туралы хабарлау» батырмасын басу арқылы әкімшілерге хабарлаңыз.
Достарыңыз бен жақындарыңыз жалған брокерлердің айла-шарғыларына түсіп қалмауы үшін оларға осындай алаяқтық схемалар туралы міндетті түрде айтып беріңіз!
Қай ақпаратқа сенуге болады?
IPO тақырыбы бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің интернет-порталында, Fingramota.kz, ipo.sk.kz, ipo.kase.kz, aifc.kz сайттарында, сондай-ақ қаржы реттеушісінің лицензиясы бар брокерлердің және қор нарығына басқа лицензияланған қатысушылардың сайттарында орналастырылған тек ресми ақпаратқа сенуге болады.
Назар аударыңыз, алаяқтар жалған сайттар аша алады, сондықтан олардың сіздерге электрондық пошта бойынша, әлеуметтік желілерде немесе телефонға жіберуі мүмкін сілтемелер арқылы өтпеңіз әрі мекенжай жолындағы сайттың атауын тексеріңіз.
Fingramota.kz сайты өткізіліп жатқан ІРО-ның шеңберінде «ҚазМұнайГаз» АҚ-тың акцияларын мыналар:
Толығырақ ақпаратты мына: https://fingramota.kz/ru/news/post/kak-uchastvovat-v-ipo-kazmunajgaza сілтемесі арқылы оқыңыз.
Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz сайтымен бірге арттырыңыз!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Бала мен қаржы: қалта ақшасын қалай онлайн басқаруға болады
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Ұзақ демалыс немесе шағын демалысты қалай жоспарлаған жөн
Жаңа қағидалар: коллекторлар бұдан былай борышкерлермен қалай жұмыс істейді
Қазақстанда қаржылық пирамидаларға тыйым салынған!