Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (МША) қаржылық қолжетімділікті және қаржылық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмыс тобының өкілдері банк ұйымдарының төрт бөлімшесінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті аспектілердің болуы тұрғысынан мониторинг жүргізді.
Атап айтқанда, кіре беріс алаңының қолжетімділігі талданды: ыңғайлы және жабдықталған пандустардың, көздері нашар көретін адамдарға арналған арнайы жолдардың болуы, қызметкерді шақыру батырмасы және көмек көрсету процесі. Сонымен қатар, банкоматтар мен терминалдарды МША түрлі санаттарының қолдана алу мүмкіндігі тұрғысынан технологиялық құрылғыларға талдау жүргізілді.
Мониторингке қозғалысы шектеулі, көздері нашар көретін топтағы мүгедектердің өкілі, сондай-ақ Қ. Иманалиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы Вениамин Алаев, жұмыс тобының хатшысы Дмитрий Акмаев және банк ұйымдарының өкілдері қатысты.
Мониторинг шеңберінде Алматы қаласындағы әр түрлі банк ұйымдарының 4 бөлімшесіне талдау жасалды, сәйкессіздіктер тізімі жасалды және бірқатар ұсынымдар әзірленді. Бұған дейін банк ұйымдарының өздері бұл бөлімшелерді МША қажеттілігіне бірден-бір сай келетін бөлімшелер деп анықтағанын айта кету керек.
Заттай қол жеткізу
Банкоматтарға қол жеткізу үшін ыңғайлы пандус бар. Бөлімшеге кіруге арналған пандустар да бар (алайда, екінші таяныштары жоқ). Қызметкерді шақыруға арналған бастырма бар. Бөлімшеде арбадағы МША санатындағы клиенттер үшін арнайы касса бар, сондай-ақ жабдықталған әжетхана бар. Көру қабілеті төмен клиенттерге арналған арнайы белгілеулер, сондай-ақ бөлімшенің есігінде түрлі-түсті таңбалау жоқ.
Құрылғылардың қолжетімділігі
Банкоматтардың биіктігі мүгедек арбасында отыратын клиентке қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Банкоматтар мен терминалдар брайль қарпімен және дыбыстық көмекшілермен жабдықталмаған, бұл клиенттердің нашар көретін санаттарының оларды пайдалануына мүмкіндік бермейді.
Өнімнің қолжетімділігі және қызметкерлердің біліктілігі
Қызметкерлер МША өкілдеріне тез, білікті және кезексіз қызмет көрсетті, бұл ағымдағы заңнамаға сәйкес келеді. Құжаттарға қол қою үшін көру қабілеті төмен клиенттерге факсимилені қолдануға рұқсат берілді. Жұмыс тобының қатысушысы бар-жоғы 10 минут ішінде есепшот ашты және қызмет көрсетудің барлық талаптарымен танысты.
Жалпы қорытынды
Аталған бөлімше МША барлық санаттарының сұраныстарына неғұрлым сәйкес келген бөлімше болып шықты және біраз кемшіліктерді жойған жағдайда (көру қабілеті төмен клиенттерге брайль қарпін және таңбалауды белгілеу) 100% инклюзивті болмақ.
Заттай қол жеткізу
Бөлімшеде ыңғайлы пандус, қызметкерді шақыру түймесі, көздері нашар көретіндерге арналған белгі бар. Мамандандырылған касса жоқ.
Құрылғылардың қолжетімділігі
Банкоматтар мен терминалдардың биіктігі мүмкіндігі шектеулі адамдардың құрылғыларды пайдалануына мүмкіндік бермейді. Брайль қаріптері мен дыбыстық көмекшілер жоқ. Сонымен қатар, көп жағдайда қызметті алу үшін құрылғыға орнатылған бейнекамера арқылы идентификаттаудан өту қажет.
Өнімнің қолжетімділігі және қызметкерлердің біліктілігі
Қызметкерлер жедел көмекке келіп, туындаған барлық мәселелерді сауатты түсіндіреді. Сонымен қатар, қызметкерлер азаматтардың барлық санаттарына арналған мобильдік қосымша арқылы кез келген банктік қызметтерді алуға көмек көрсетуге дайын. Бұл жағдайда өзі келіп қол қоюдың қажеті жоқ.
Айта кету керек, бұл банктен қолма-қол кредит алу Kaspi фирмалық банкоматтары арқылы ғана жүзеге асады. Бұл жағдайда орнатылған қос бейнекамера арқылы бірдейлендіруден өту қажет, бұл МША барлық санаттары үшін мүмкін емес. Сондықтан, осы санат үшін кредиттер ресми қолжетімді болғанның өзінде, іс жүзінде оларды санаулы адамдар ғана ала алады.
Жалпы қорытынды
Құрылғыларды брайль қарпімен жабдықтау және банкоматтарды пайдаланудан басқа, кредит өнімдерін өзге тәсілмен алу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Қолжетімді жерде орналасқан
Пандус болғанымен, онда таяныш жоқ. Қызметкерді шақыру батырмасы және көзі нашар көретіндерге арналған белгі жоқ. Бұл фактілер МША-ға бөлімшеге кіруіне қиындықтар туғызады. Мамандандырылған касса да жоқ.
Құрылғылардың қолжетімділігі
Банкоматтар мен терминалдар іс жүзінде барлық санаттағы МША-ға арналмаған. Брайль қарпі және дауыстық көмекшілер жоқ, биіктігі сәйкес келмейді.
Өнімнің қолжетімділігі және қызметкерлердің құзыреттілігі
Қызметкерлер толығымен құзыретті, кезектен тыс қызмет көрсету және кез келген қызмет алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Нотариалды сенімхат болған жағдайда құжаттар мен шарттарға мөртаңбаның немесе факсимиленің көмегімен қол қоюға жол беріледі.
Жалпы қорытынды
Бөлімше салыстырмалы түрде қолжетімді және айтарлықтай жетілдіруді қажет етеді. Сонымен қатар, нотариалды сенімхаттың қажеттілігі алғашқы байланыста қосымша кедергі келтіреді, өйткені МША санатындағы клиент нотариусқа барғаннан кейін бөлімшеге қосымша баруды талап етеді.
Заттай қол жеткізу
Пандус тек қана ресми түрде бар және ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сондай-ақ кез келген басқа да арбасы бар адамдарға бөлімшеге кіруді қамтамасыз ету үшін бейімделіп жасалмаған. Көздері нашар көретіндер үшін арнайы белгілері жоқ. Арнайы касса жоқ. Бөлімшеге кіруге көмектесетін қызметкерді шақырту батырмасы ғана бар. Жұмыстың көп болуы себебінен кезектен тыс қызмет көрсету ұсынылмады.
Құрылғылардың қолжетімділігі
Банкоматтар мен терминалдар мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктерін не биіктігі бойынша, не жабдықталуы бойынша өтемейді, дыбыстық көмекшілері мен Брайль қаріптері жоқ.
Өнімнің қолжетімділігі және қызметкерлердің біліктілігі
Ықыласты және білікті қызметкерлер кез келген сұрақтарға жауап беруге дайын. Кез келген қаржылық қызметті алу мүмкіндігі бар, соның ішінде факсимиле арқылы. Аталмыш банк мүмкіндігі шектеулі адамдарды қаржылық, соның ішінде кредиттік өнімдермен қамтамасыз етуге барынша тырысып жатқанын айта кеткен жөн.
Қорытындылай келгенде, барлық дерлік банк ұйымдарының техникалық құрылғылары көптеген мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктерін өтей алмайтынын айтуға болады. Брайль қаріптерінің арнайы қаптамаларын жасау арқылы мәселені ішінара шешуге болады. Алайда құрылғылардың биіктігі көп жағдайда қозғалыстары бәсең мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктерін өтей алмайды.
Бұл арнайы кассасы жоқ банктерде ерекше өзектілікке ие, өйткені сол арқылы белгілі бір қаржылық қызметтерді алу мүмкін болмайды немесе олардың қауіпсіздігі мен құпиялылығының дәрежесі төмендейді. Себебі бұл жағдайда клиентке барлық операцияларды тек қана менеджердің көмегімен орындауға тура келеді.
Осы орайда қаржы ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігі мен көмектесуге даярлылық деңгейінің жеткілікті түрде жоғары екендігін атап өту қажет. Негізгі қаржылық қызметтерді алу, шот ашу, төлем жасау секілді әрекетттерді кез келген бөлімшеде жылдам әрі ыңғайлы орындауға болады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың кредиттік өнімдерді алу мәселесі өз өзектілігін сақтауда. Ол жақын арада мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қаржылық қолжетімділікті және қаржылық қызметтер сапасын арттыру жөніндегі жұмыс тобының қызметі аясында орындалатын қосымша талқылауды қажет етеді.
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма