Сіздің кірістеріңіз бен шығыныңызды ақылмен бөле білу – бұл өте құнды дағды. Бұл тұрмыстық шығындарға да қатысты, мысалы, азық-түлік сатып алу және оларды ұтымды пайдалану.
Азық-түлікті қалай үнемдеуге болады, бірақ бұл ретте дұрыс және сапалы тамақтануды ұйымдастыруға болады, бұл туралы Fingramota.kz айтады.
Апталық мәзір әдісі
Алдын ала жасалған мәзір сізге қандай өнімдер қажет болуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі. Мұндағы басты қағидат – артық ештеңе жоқ. Жартылай фабрикаттарға деген көзқарасыңызды қайта қарастырыңыз. Тек қажетті және пайдалы өнімдерді таңдаңыз, мысалы, маусымдық көкөністер мен жемістер.
Мәзірдің негізінде сатып алу тізімін жасаңыз
Дүкенге барар алдында қажетті өнімдердің тізімін жасаған дұрыс. Осылайша сіз өзіңізді аяқ асты сатып алудан қорғай аласыз. Негізгі сатып алуды супермаркеттерде және көтерме базарларда жасаңыз. Мысалы, «дәмді бір нәрсе» сияқты импульсивті сатып алулардан аулақ болыңыз. Сондай-ақ жасалған тізімді нақты басшылыққа алыңыз. Бұл әдісті қолдану сіздің шығыныңызды 20-30%-ға дейін азайтуға көмектеседі және денсаулыққа жағымды әсер етеді.
Қарап көрмей, сатып алмаңыз
Өнімдердің жарамдылық мерзімі мен сыртқы түрін мұқият зерттеңіз. Супермаркеттерден сатып алған кезде төменгі және жоғарғы сөрелерге назар аударыңыз. Әдетте, «алтын аймақ» деп аталатын орталық сөрелерде дүкендер сату кезінде өте қызығушылық танытатын тауарлар бар. Олардың бағасы жоғары және кейде жарамдылық мерзімі қысқа. Басқа сөрелерде сіз ұқсас, бірақ арзанырақ өнімдерді таба аласыз.
«Бос тоңазытқыш» әдісі
«Бос тоңазытқыш» әдісінің мәні тоңазытқышта азық-түлік өнімдері бар болса, дүкендерге сатып-алу үшін бармауды білдіреді. Көп жағдайда азық-түлік ала береміз, біздің тоңазытқышымыз «тола» беретін жағдай болады. Нәтижесінде азық-түлік өнімдерінің көп бөлігін лақтыруға тура келеді. Бұл тиімсіз пайдалану болып табылады.
Ас үйге ревизия жүргізіңіз
Бұл үшін «тоңазытқыш» тестін пайдалануға болады. Тоңазытқышта бар азық-түлік өнімдерінің тізімін есіңізге түсіріп, «үйден тыс» жасап көріңіз. Үйге келіп тексеріңіз: барлық азық-түлік өнімдерін ескердіңіз бе. Егер бұл тізімге бір нәрсе кірмей қалса, бір нәрсені ұмыт қалдырсаңыз – демек, ұмыт қалған азық-түлік өнімдері сіздің рационға соншалықты қажет емес. Шкафтарға және ас үй сөрелеріне осылай жасап көріңіз, жоғары сөреде макарон немесе таңертеңгілік ас орамы жатып қалуы мүмкін. Бұл ретте біз оларды көрмей, тағы да сатып алуымыз мүмкін. Сол себепті артық ревизияның зияны жоқ.
«Үйден тыс» тамақтануға үнемдеңіз
Егер сіз үнемдеуді көздейтін болсаңыз, онда кафеге және мейрамханаларға баруды шектеген жөн. Жұмысқа үйден тамақ алып барыңыз, ол пайдалы, арзан және қызығушылықпен жасалған. Егер сізде өзіңізбен тамақ алуға мүмкіндік болмаса, онда жеңілдік берілген карталарды пайдаланыңыз немесе арзан және пайдалы тамақ жеткізетін орындарды тауып алыңыз. Кейде, кейбір банктер көтеріңкі кешбэк немесе «Мейрамханалар» санатындағы орындардан сатып алуға жеңілдіктер ұсынады.
Азық-түлік өнімдеріне жұмсалатын шығыстардың төмендеуі рацион сапасының төмендеуін болжамайды. Ең алдымен, керісінше, біз зиянды тамақтан/фаст-фудтардан бас тартуды және барынша пайдалы және теңестірілген тамақтануға өтуді ұсынамыз.
Міндетті түрде жеке немесе отбасы бюджетін жүргізіңіз. Барлық шығыстар мен кірістерді жазып жүріңіз. Апта сайын жұмсаған шығынға талдау жүргізіңіз. Жоғарыда аталған әдістерді пайдалана отырып, барынша аз ақша жұмсағаныңызды және азық-түлік өнімдерін сатып алуға қанша үнем жасағаныңызды байқайсыз.
Деніңіз сау болып, өзіңізді, ақшаңызды сақтаңыз және Fingramota.kz бірге қаржылық сауаттылықты арттырыңыз!
Fake Boss схемасы: алаяқтардан қалай сақтануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Микроқаржы омбудсманы: ол қандай мәселелерді қарайтын болады
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Менің зейнетақы жоспарым. Зейнетке жинақтауды қашан бастау керек?
Банк омбудсманы: ол не үшін қажет және оған қандай жағдайда жүгінуге болады