«Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес, микроқаржылық ұйымдар:
1) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 20 мың АЕК-тен (айлық есептік көрсеткіштен) аспайтын мөлшерде қамтамасыз етілетін не қамтамасыз етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға микрокредиттер;
2) жеке тұлғаларға республикалық бюджет туралы заңда тиісті жылға белгіленген 50 АЕК-тен аспайтын сомаға күнтізбелік 45 күнге дейінгі мерзімге микрокредиттер ұсынуға құқылы.
Микрокредиттің бірінші түрі бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) жылына 56%-дан аспайды.
Егер мынадай шарттар сақталса, заң бойынша микрокредиттердің екінші түріне ЖТСМ мөлшері туралы 56%-дық талап қолданылмайды:
- жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы осындай микрокредит бойынша кепіл берілген жағдайда берілген микрокредит сомасының 20%-ынан және кепілмен қамтамасыз етілмеген мүлік бойынша 25 %-ынан аспайды. Осылайша, микрокредиттің осындай түрі бойынша сыйақы мәні қарапайым арифметикалық тәсілмен есептеледі;
- шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5%-ынан аспауға тиіс;
- қарыз алушының шарт бойынша барлық төлемдері, сыйақы және айыпақы (айыппұл, өсімпұл) сомасын қоса алғанда, жиынтығында микрокредит беру туралы шарттың бүкіл қолданылу кезеңі үшін берілген микрокредит сомасынан аспайды;
- шарт микрокредит сомасын ұлғайтуға тыйым салуды қамтиды;
- тараптардың келісімі бойынша қолданыстағы немесе жақсарту талаптарында микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімі ұзартылуы мүмкін.
Білу маңызды! Мерзімі өткен жағдайда микроқаржы ұйымынан (МҚҰ) жасырынбаған жөн. Микрокредиттерді өтеуде қиындық көріп отырған қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін 2021 жылғы 1 қазаннан бастап кредиттік ұйымдар үшін міндетті азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеудің бірыңғай тәртібі заңнамалық түрде енгізілді.
Проблемалық берешекті реттеу рәсімін бастау үшін қарыз алушы кредиторға тиісті өтінішпен жүгінуі керек. Өтініште растайтын құжаттарды қоса бере отырып, аты-жөнін, ЖСН, байланыс деректерін, микрокредит туралы мәліметтерді, мерзімін өткізіп алу себептерін көрсету қажет.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін өтініштер жазбаша да, қашықтан да, яғни ресми интернет-ресурстар және кредитордың электрондық поштасы арқылы МҚҰ бөлімшелеріне бармай-ақ берілуі мүмкін.
Өтінішті және растайтын құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде МҚҰ борышкердің қаржылық және әлеуметтік жағдайын жеке-жеке талдайды. Кредитор қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша келіскен кезде МҚҰ алдағы күнтізбелік 15 күн ішінде кредитті өтеудің жаңа кестесін қабылдай отырып, микрокредит беру туралы шарттың талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге міндетті.
Проблемалы несиелер: банк және микроқаржы омбудсмендеріне жүгініңіз
Цифрлық алаяқтық дегеніміз не және одан қалай сақтануға болады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Жеке қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!
Зейнетақы аннуитеті: ол қалай жұмыс істейді