2018 жылдан бастап Қазақстанда «Antidolg.kz» жобасы жұмыс істейді, оның шеңберінде азаматтар қаржылық қызметтерді тұтынушылардыың құқықтарын қорғау, азаматтардың борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша консультациялық және заңгерлік көмек ала алады, сондай-ақ қаржылық сауаттылық бойынша оқудан өтулеріне болады.
Қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтарға біздің негізгі ұсыныстарымыз:
1. Жаңа қарыз алуды тоқтатыңыз!
2. Барлық қарыздарыңызды тізімге жазып, келесі төлем қашан және қандай мөлшерде болатынын көрсетіңіз. Егер сіз туыстарыңыз бен таныстарыңыздан қарыз алсаңыз, оларға қазір қарызды қайтара алмайтындығыңыз туралы хабарлаңыз, бірақ төлемдерден бас тартпаңыз. Егер бұл жеке тұлға болса, онда төлемдердің икемді кесте шартымен қолхат жазуды немесе сізге мерзімін кейінге қалдыруды сұрауды ұсынамыз. Егер сіз банкте қарыз немесе МҚҰ-да микрокредит рәсімдеген болсаңыз, бірақ қазір төлем жасай алмасаңыз, сізде мерзімін өткізіп алу туындаса, өзіңіздің проблемалық берешегіңізді қайта құрылымдау мәселесі бойынша кредиттік ұйымға хабарласыңыз. Бұл сәтті бірден шешкен дұрыс. Қарызды қайта қаржыландыру жолдарын қарастырыңыз.
3. Күйзеліс. Біз бұл тармақты өткізіп жіберсек пе деп едік, бірақ оған тоқталмау мүмкін емес. Күшіңіз таусылған кезде, психологтың көмегіне жүгініп, сүйікті ісіңізбен айналысуға кеңес береміз. Оның дұрыс жолы – спортпен шұғылдану! «Қараңғыдан» шығу оңай емес, ол үшін оған бар күш-жігеріңізді жұмсауыңыз керек. Ал бірақ оның сәті түскенде, түспеуі мүмкін емес, сіз «бұлтты күндердің» артта қалғанын анық байқайсыз. Бұл кезде сіздің бір іспен айналысуға деген шабытыңыз оянады. Егер ондай жағдай болып жатса, демек, сізде аурудың белгілері жоқ, ал егер құлшыныңыз болмаса, бұл – күйзеліс.
4. Кез келген істі қолға алудан қорықпаңыз. Қайталаймын, кез келген! Сонда сіз өзіңіздің не істеу әрі қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінесіз. Өзіңіз қуана-қуана айналысатын кез келген істен табыс табуға болады. Қосымша кіріс көздерін іздеңіз. Егер сіз бұған дейін борыштарыңызды орайы келгенде төлесеңіз, оларды өтеуді бастаңыз, ал одан кейін өзіңізге деген сенім пайда болғанда, сізді ешкім де тоқтата алмайды!
5. Ең аз борышты айына ең көп сомамен төлеңіз. Үлкен жетістік кіші жеңістерден басталады!
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды