Бұдан әрі Агенттік деп аталатын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Төрағаның орынбасары Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов арқылы, бұдан әрі «КҰП» ЗТБ деп аталатын «Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі, Төрағасы Нұрбол Жомартұлы Жапаров арқылы, бұдан әрі «ҚКҚ» ЗТБ деп аталатын «Қазақстан коллекторларының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, Төрағасы Мәулен Асқарұлы Омар арқылы, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталады, коллекторлық агенттіктердің берешекті сотқа дейін өндіріп алуды және реттеуді, сондай-ақ берешекпен байланысты ақпарат жинауды жүзеге асыру кезінде өркениетті және ашық тетіктерді қолдануы мақсатында Тараптардың күш-жігерін шоғырландыру қажеттілігін жете түсіне отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ұсынымы бойынша әзірленген Коллекторлық агенттік қызметкері кәсіби этикасының үлгі кодексін ескере отырып, Тараптар мыналар жайында уағдаласты:
Тараптардың әрқайсысы осы Меморандумның ізгі ниет актісі болып табылатынын растайды және Тараптардың белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін адал ынтымақтасуға деген өзара ниетін растайды, сондай-ақ шарт немесе құқықтар мен міндеттерді белгілейтін өзге құжат ретінде түсінілмейді.
Мыналар:
борышкер мен коллекторлық агенттіктің арасындағы қатынастарды қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына, Коллекторлық агенттік қызметкері кәсіби этикасының үлгі кодексінің берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге, сондай-ақ берешекпен байланысты ақпарат жинауға бағытталған қызметке қолданылатын ережелеріне сәйкес орнату;
борышкерге қалыптасқан жағдайдан оңтайлы түрде шығуға жәрдемдесу мақсатында коллекторлық агенттіктердің мерзімі өткен берешекті өндіріп алудың өркениетті әдістерін қолдануы және қоғамдағы күйзелісті азайту;
Коллекторлық агенттік қызметкері кәсіби этикасының үлгі кодексін «КҰП» ЗТБ және «ҚКҚ» ЗТБ мүшелері – коллекторлық агенттіктердің қызметінде пайдалану Меморандумның мақсаттары болып табылады.
Тараптар өкілеттіктер шеңберінде әрекет етудің этикалық стандарттары мен қағидаларын, берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге, сондай-ақ берешекпен байланысты ақпарат жинауға бағытталған қызметті жүзеге асыру барысында коллекторлық агенттіктің әрбір қызметкері орындауға міндетті борышкермен өзара іс-қимыл қағидаттарын белгілейтін Коллекторлық агенттік қызметкері кәсіби этикасының үлгі кодексіне коллекторлық агенттіктердің қосылуына бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.
Коллекторлық агенттіктер - "КҰП" ЗТБ және " "ҚКҚ" ЗТБ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін тәсілмен борышкердің кредитор алдындағы берешегін оңтайлы реттеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.
«КҰП» ЗТБ және «ҚКҚ» ЗТБ мүшелері – коллекторлық агенттіктер борышкерлермен берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге, сондай-ақ берешекпен байланысты ақпарат жинауға бағытталған қызметті жүзеге асыру барысында олармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Коллекторлық агенттік қызметкері кәсіби этикасының үлгі кодексін басшылыққа алады.
Әрбір тарап Меморандум талаптарын орындау кезінде туындайтын өз шығыстарын өтейді.
Тараптардың ешқайсысы басқа Тараптан алған ақпаратты ақпарат берген Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермейді.
Меморандум Тараптар оған қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және мерзім бойынша шектеусіз қолданылады.
Меморандумға жаңа қатысушылар қосылуы мүмкін.
Қажет болған жағдайда Меморандум Тараптардың келісімі бойынша Меморандумның ажыратылмас бөлігі болып табылатын жазбаша құжатқа қол қою арқылы өзгертіледі және толықтырылады.
Тараптар Меморандумды орындау барысында туындайтын дауларды шешуге қол жеткізу үшін тиісті шаралар қабылдайды.
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма