Олардың әдеттегі салымнан айырмашылығы не? ҚДКҚ-ның кепілдігі бар ма? Осы сұрақтарды Fingramota.kz-пен бірге талқылаймыз.
Депозиттік сертификат деген не?
Қаражатты сауатты түрде салу біздің азаматтар үшін ең басты маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Банктік депозит сертификаты жеке тұлғалар үшін банктік нарықтағы басым түрде жаңа инвестициялық құрал болып табылады. ҚР АК[1] 139-1-бабына сәйкес банктік депозит сертификаты – өз ұстаушысының шығару шарттарында белгiленген айналыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн не ол аяқталғанға дейiн номиналды құнын, сондай-ақ шығару шарттарында белгiленген мөлшерде сыйақы алу құқығын растайтын атаулы эмиссиялық емес бағалы қағаз. Яғни банктік депозит сертификаты – банктен сатып алуға, сондай-ақ белгілі бір уақыт өткеннен кейін оған сатуға болатын бағалы қағаз. Бұл жерде оның бағасын биржа немесе нарық емес, банктің өзі белгілейтінін атап өту маңызды. Яғни, бұл банктің сізбен шарт жасау кезінде белгілі бір мерзім аяқталғаннан кейін сізден осы қағазды сатып алатынына және сыйақы төлейтініне кепілдік беретінін білдіреді.
Сондықтан депозит сертификаты өзінің атына қарамастан, банктік салым болып табылмайды, эмиссиялық емес бағалы қағаз болып табылады. Депозит сертификатын ресімдеу кезінде клиентке банкте шот ашылмайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасының күші банктік депозит сертификатына қолданылмайды.
Тиісінше ҚДКҚ олар бойынша мөлшерлемені реттемейді, осыған байланысты депозит сертификаттары бойынша мөлшерлемелер депозиттер бойынша ҚДКҚ айқындайтын барынша жоғары ұсынылатын мөлшерлемелерге қарағанда, жоғары болуы мүмкін.
Сертификатқа немесе депозитке ақшаны қайда салуды таңдаған салымшы ол үшін неғұрлым маңызды екенін шешеді: жоғары пайыз, бірақ банк таратылған кезде ақшаны қайтару кепілдігі жоқ немесе төмен пайыз, бірақ депозит сомасын кепілдік шегінде міндетті кепілдік өтемімен. Жоғары табыс, әдетте, жоғары тәуекелді білдіреді. Сонымен бірге, бір адам алған сертификаттардың саны мен құнына ешқандай шектеулер жоқ.
Депозит сертификатын ұстаушылар үшін қарастырылған пайыздар
Мерзіміне байланысты қазақстандық банктер банктік өнімнің осы түрі бойынша жылдық 14-тен 15%-ға дейін есептейді.
Шартты мұқият оқып шығыңыз!
Егер бағалы қағазға салынған ақша қажет болған жағдайда, оны мерзімінен бұрын алуға болады. Клиенттің шотына сертификаттың қолданылу басынан бастап «өсіп үлгерген» барлық пайыздар осы сомадан алынады. Сонымен қатар, ақша белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана қайтарылады: клиент банкке өтініш жасағаннан кейін бір айдан екі айға дейін.
Депозит сертификаттарын шығару және оларды айналыс эмитент-банк пен депозит сертификатын ұстаушы арасында жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады және онда мыналар қамтылады:
1) эмитент-банк туралы ақпарат:
толық және қысқаша атауы;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні;
орналасқан жері және нақты мекенжайы;
байланыс телефондары, факс нөмірлерін және электрондық пошта мекенжайын қоса алғанда, байланыс деректері.
2) депозит сертификаты туралы мәліметтер:
Депозит сертификатының номиналды құны;
Депозит сертификатының айналысқа жіберілген күні және айналысқа жіберілген мерзімі.
3) депозит сертификаты бойынша сыйақы туралы мәліметтер:
депозит сертификаты бойынша сыйақы мөлшерлемелер түрі;
депозит сертификаты бойынша сыйақы сомасын есептеу үшін, оның ішінде депозит сертификатын ұстаушының депозит сертификатын айналысқа жіберу мерзімі аяқталғанға дейін номиналды құнын төлеген жағдайда сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері және есеп айырысу базасы;
депозит сертификаты бойынша сыйақыны есептеу басталатын күн;
депозит сертификаты бойынша сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) сыйақыны төлеу күні (күндері);
депозит сертификаты бойынша сыйақыны есептеу үшін пайдаланылатын уақыт кезеңі.
4) эмитент банктің депозит сертификатын егер осы құқықты эмитент банк көздеген кезде сатып алу тәртібі және талаптары.
Егер депозит сертификатын ұстаушы эмитент банкке депозит сертификаты номиналды құнын оның айналысқа жіберу мерзімі аяқталғанға дейін төлеу туралы өтініш жазса онда эмитент банк күнтізбелік 30 (отыз) күннен кейін шартта көзделген мөлшерде номиналды құнын және сыйақыны, бірақ айналысқа жіберу мерзімі күнінен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен кешіктірмей төлейді.
Онлайн-салымдар
Жаңа технологиялардың дамуымен, жаңа инновациялардың пайда болуымен онлайн-депозиттер қаржы нарығында танымал бола бастады. Онлайн-салымдар – бұл онлайн режимінде өзінің ашылу нысанымен ғана ерекшеленетін әдеттегі депозиттер. Оларға сұраныс бар, себебі клиент бөлімшеге бармай-ақ, ұзақ кезек күтіп, көптеген құжаттарға қол қоймай-ақ оларды оңай және тез аша алады. Бүгінгі таңда көптеген банктер өз клиенттеріне осы мүмкіндікті ұсынады, атап айтқанда интернет-банкинг пайдаланушыларына онлайн-салымдар ашуды ұсынады. Онлайн-салымдар ұстаушысы онлайн режимінде орналастырылған қаражатты дербес басқара алады.
Сонымен, онлайн-депозит 5-10 минут ішінде қашықтан интернет-банкингте ашылады. Бұл ретте клиентке интернет-банкинг жүйесінен өтініш пен шартты қарауға және басып шығаруға мүмкіндік беріледі.
Бұл салымның жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жасалатын мерзімді банктік салым шартының нақты параметрлеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Салымшы банкке жүгінген кезде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің өзгерген мөлшері туралы мәлімет ала алады.
ҚДКҚ кепілдігі қашықтан ашылған және банк шоты немесе банктік салым шарттарымен куәландырылған депозиттерге беріледі. Ол кепілдік егер банк (екі ислам банкін қоспағанда барлық банк) депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған жағдайда беріледі. Дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, жеке тұлғалардың депозиттері, атап айтқанда мерзімді салымдары, жинақ салымдары, шартты салымдары, талап еткенге дейінгі салымдары, теңгемен және шетел валютасындағы ағымдағы және карточкалық шоттары ғана депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері болып табылады. Ең бастысы, депозит қандай да бір микроқаржы ұйымында емес, банкте ашылуға тиіс.
Депозитті онлайн режимде қалай ресімдеуге болады
Мұндай депозитті мобильдік қосымшаның көмегімен ашуға болады. Ол үшін банктің клиенті болып, мобильдік қосымшада тіркелу қажет.
Онлайн-депозит ашу оңай, бірақ «мобильдік банкинг» қызметін ұсынатын банктерде оны ашудың тәсілдері әр түрлі. Сондықтан да банктердің бірін мысалға алайық:
Қаржылық тұрғыдан сауатты болыңыз, сенімді қаржы құралдарына инвестициялаңыз!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Әлем жұлдыздары үнемділік пен ақша жинау туралы
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар