Онлайн төлемдер

time 6.11.2018

Онлайн-төлемдер: интернетте картамен қалай төлеуге болады

Қажет затты, көбінесе үйдің жанындағы дүкенге қарағанда шетелдегі интернет-дүкеннен сатып алған біршама арзан болады. Ақы төлеу үшін ең алдымен банк картасын пайдаланған жөн.

Бірақ, өзіңізге қауіп төндірмеу үшін сенімді танымал интернет-дүкендерді немесе интернет-порталдарды таңдау қажет.

Есеп айырысулардың осындай түріне арналған арнайы виртуалды карта алу үшін банкке өтініш жасаған жөн деп саналады.

Сатып алу жүргізілетін сайтқа тіркелу кезінде өзіңіздің атыңызды және тегіңізді картада жазылғандай етіп енгізу қажет. Бір әріпті қате жазу салдарынан қосымша сұрақтар туындайды.

Интернетте қандай карталармен төлеуге болады?

Интернетте Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің дебеттік және кредиттік карталарымен төлейсіз. Бұл үшін интернет-транзакциялар жүргізуге тыйымды алып тастайсыз: мұны карта ашқан кезде банкте немесе кейінірек, банктің бөлімшесінде өтініш жазып істеуге болады.

Егер сіздің мобильдік телефоныңызда немесе компьютеріңізде интернет-банкинг орнатылған болса, онда сіз интернеттен сатып алуға шектеуді өзіңіз де ала аласыз. Сонымен қатар төлемдер үшін картаны интернетте белгілі бір уақытқа аша аласыз: кейбір банктер мұны сіздің call-center-ге соққан қоңырауыңыздан кейін жасайды.

Онлайн-төлемдер үшін не қажет?

  • 16 цифрдан тұратын картаның нөмірі
  • картада жазылған, карта иесінің аты және тегі
  • картаның қолданылу мерзімі: айы және жылы
  • үш цифрдан тұратын CVV-код
  • қосымша пароль, егер ол картаға орнатылса

Интернет-төлемдер қалай қорғалады?

Банктер картадағы сіздің ақшаңыздың қауіпсіздігін ойлай отырып, онлайн-төлемдерді қорғаудың жаңа технологияларын енгізеді. Интернетте картамен төлеу мынадай түрде қорғалады:

  • CVV-код. Картаның қолданылу мерзімі және CVV-код конфиденциалды ақпаратқа жатады. Бұл картаның сырт жағындағы бұл үш цифр, сіз оны сатып алуды растау үшін сайтқа енгізесіз.
  • Verified by Visa және MasterCard SecureCode сервистері. Бұл Visa (Verified by Visa) және MasterCard (MasterCard SecureCode) карточкалық жүйелерін қосымша қорғау. Сіз банктің сайтындағы «Жеке кабинетке» пароль енгізіп, дербес қабылдайсыз. Егер интернет-дүкен бұл сервистерді қолдайтын болса, онда дербес деректер енгізілгеннен кейін сіздің жеке қабылдауыңызбен банкіңізде жеке «терезе» ашылады: оған пароль енгізесіз.
  • Біржолғы смс-пароль. Банк интернет-транзакцияны растау үшін сіздің телефоныңызға цифр коды бар смс-хабар жібереді. Төлемді қорғаудың тағы бір тәсілі: егер алаяқ сіздің картаңыздан төлегісі келетін болса, онда сіздің мобильдік телефоныңызсыз ештеңе жасай алмайды. Банк әрбір төлем үшін цифрлардың айрықша комбинациясын жинақтайды. Бұл код бір рет ғана жарамды болады.
  • Виртуалды карта. Өзіңіздің ақшаңызға уайымдамау үшін онлайн-сатып алуға арналған арнайы карта ашыңыз. Виртуалды карта интернетте ғана жұмыс істейді: супермаркетте өнімдерге ақы төлей алмайсыз, бірақ онлайн-дүкеннен заттар сатып ала аласыз. Виртуалды карта негізгі картаға байланыстырылады: сатып алудың алдында оған төлеуге қажетті соманы аударыңыз.

Онлайн төлеу неліктен тиімді?

Интернет арқылы төлеуге болатын тауарлар мен қызметтер саны біртіндеп ұлғайып келеді. Бүгін, сіз үйден шықпай-ақ, мобильдік байланысты, кабельдік теледидарды, интернетті, коммуналдық қызметтерді, салықтар мен айыппұлдарды төлей аласыз. Банктер қызмет көрсету желісін үнемі кеңейтіп отырады, сіз оларды кредиттік ұйымдарда, күзет агенттіктерінде, балалар бақшасында, желі және сақтандыру компанияларында, сондай-ақ турагенттіктерде онлайн – ақы төлей аласыз. Банк төлемдер үшін комиссия алады, оның мөлшерін менеджерден нақтылаңыз. Бірақ кейбір компаниялар қызметтерді өзінің сайтында комиссиясыз төлеуді ұсынады.

Сіз уақытты үнемдейсіз

Сіз дүкенге бару үшін немесе коммуналдық қызметті төлеуге почтаға бару үшін жұмыстан сұранбайсыз және уақыт кетірмейсіз. Интернетте ақы төлеу кемінде бес минут болады, ал қағаз растаманы қажет болған кезде банктің бөлімшесінен аласыз немесе принтерден басып шығарасыз. Бұл онлайн-опция көптеген банктердің сайттарында көзделген.

Ең жақсысын таңдайсыз

Сіз оңтайлы ұсынысты таңдайсыз. Мысалы, сіз демалысты жоспарлап, тиімді ұшуды іздейсіз. Сіз интернеттен уақыт бойынша тиімді авиакомпаниялардың бағасы мен кестесін зерделейсіз. Билеттерді электрондық почтадан аласыз.

Онлайн-төлемдер туралы білу маңызды:

  • Интернетте онлайн-транзакциялар үшін ашылған Visa немесе MasterCard карталарымен төлеңіз.
  • Банктер онлайн-төлемдердің қауіпсіздігі туралы ойлайды және оларды CVV-кодының көмегімен, біржолғы смс-парольдар немесе картаға қосымша парольдар орнату арқылы қорғайды.
  • Интернеттен сауда-саттық жасай отырып,сіз уақытыңызды үнемдейсіз және ең жақсы ұсынысты таңдайсыз.

white-arrow Тізімге