Соңғы жылдары бизнес-құрылымдар интернет арқылы сатудың жаңа арналарын аша отырып, онлайн-сауда индустриясын белсенді дамытуда. Ендігі жерде тауарлар мен қызметтерді сатып алу интернетке қол жетімділік болса болғаны кез-келген ыңғайлы жерден мүмкін болады. Электрондық коммерцияның дамуымен қатар киберқауіпсіздік пен желідегі алаяқтыққа байланысты тәуекелдер де артты.
Fingramota.kz онлайн сатып алу кезінде негізгі сақтық шаралары жөнінде еске салады.
Желіде қандай тәуекелдерге тап болуға болады?
Фишинг — бұл пайдаланушылардың дербес деректерін алуға бағытталған алаяқтық схема. Алаяқтар сырт көзбен қарағанда шынайы интернет-дүкендерден немесе төлем беттерінен айырмашылығы жоқ жалған сайттар жасайды. Деректерді енгізгеннен кейін (логин, құпия сөз немесе банк картасы туралы ақпарат) қаскүнемдер сіздің ақшаңызға немесе жеке ақпаратыңызға қол жеткізе алады.
Көп жағдайда фишингтік сайттарға сілтемелер электрондық пошта, әлеуметтік желілер немесе жарнамалар арқылы таратылады. Фишингтік сайттардың белгілеріне мыналар жатады: қате URL мекенжайлары, SSL сертификатының болмауы (https), орфографиялық қателер және қызықтыратын ұсыныстар.
Екінші қатер – Malware зиянды бағдарламалық қамтылым болуы мүмкін. Ол дербес деректерді ұрлау, шпиондық бағдарламалар орнату немесе құрылғыны толығымен бұзу үшін қолданылады. Көбінесе ол компьютерге немесе смартфонға күдікті сілтемелерге өту, пираттық БҚ жүктеу немесе вирус жұққан USB-құрылғылары арқылы түседі.
Зиянды БҚ мынадай түрлері болады:
Трояндар – заңды бағдарламалар ретінде жасырылады, алайда орнатқан кезде пайдаланушының деректеріне қол жеткізеді.
Бопсалаушылар – сатып алуды талап етіп, құрылғыға немесе файлдарға кіруді бұғаттайды.
Шпиондық бағдарламалар – пайдаланушы хабардар болмаған кезде ол жөнінде ақпарат жинайды.
Тағы бір тәуекел - төлем ақпаратына рұқсатсыз қол жеткізу. Бұл электрондық коммерциядағы ең қауіпті тәуекелдердің бірі. Бұзулар сайттардың немесе төлем платформаларының осал тұстарын пайдаланып жүзеге асырылады. Бұл ретте төлем карталарының, PayPal шоттарының немесе басқа қаржы сервистерінің деректері бұзылуы мүмкін.
Тағы бір жанама қауіп - қоғамдық Wi-Fi желісін пайдалану кезінде төнуі мүмкін. Мұндай желіге қосылған кезде сізден құрылғыңызға кіруге рұқсат сұрауы мүмкін, одан кейін оған әртүрлі зиянды бағдарламаларды орнатып қана қоймай, сіздің құпия сөздер мен пин-кодтар енгізуге дейінгі барлық әрекеттеріңізді толығымен қадағалап отырулары мүмкін. Болашақта қаскүнемдер тіпті құрылғының өзін иемдену әрекеттерін жасаулары мүмкін, бұл кем дегенде қысқа мерзімге банктік операциялар жасауға, шоттарыңыздан ақшаны шығаруға және барлық байланыстарға, хат-хабарларға және құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қандай сақтық шараларын қолдану керек?
Интернет-дүкендердің түпнұсқалығын тексеріңіз. Сатып алу жасамас бұрын, сайттың мекенжайы «https://» деп басталатынын тексеріңіз - бұл қауіпсіз байланыстың белгісі. Мекенжай жолағында деректерді шифрлауды көрсететін құлып белгішесі көрсетілуге тиіс. Егер сайт күдікті болып көрінсе немесе URL-да таңбалардың кездейсоқ жиынтығы болса, сатып алудан бас тартқан дұрыс. Сондай-ақ, тәуелсіз ресурстардан дүкен туралы пікірлер іздеу пайдалы: егер тұтынушылар алаяқтыққа немесе тауарлардың сапасына шағым жазса, бұл сақтық танытудың белгісі.
Қорғалған құрылғылар мен желілерді пайдаланыңыз. Қоғамдық Wi-Fi желілері арқылы сатып алу жасау деректерді ұрлау тәуекелін едәуір арттырады, себебі мұндай байланыстар барынша аз қорғалған. Ең дұрысы, қосымша қауіпсіздік үшін жеке интернет-қосылымын немесе VPN қолдану. Өз құрылғыңызға вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылым орнатып, оны уақтылы жаңартып отыруды ұмытпаңыз. Сонымен қатар, төлем сервистерінде екі факторлы аутентификацияны қосу сіздің деректеріңіздің қорғаныс деңгейін біршама арттырады.
Онлайн төлемдер үшін бөлек картаны пайдаланыңыз. Интернетте сауда жасау үшін сіздің негізгі шоттарыңызбен байланысты болмайтын жеке банктік карта ұстау дұрыс болады. Бұл тәсіл деректердің жария болуы немесе алаяқтық жағдайында тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Тағы бір жақсы шешім виртуалды картаны пайдалану, оны әр сатып алу алдында тек қажетті мөлшерде ғана толтырып отыруға болады. Мұндай картадағы күнделікті шығындарға лимитті шектеңіз, ол рұқсатсыз кіру кезінде ықтимал шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Ата-ана бақылауын орнатыңыз. Егер сіздің балаларыңыз смартфонға немесе компьютерге қол жеткізе алса, барлық төлем шоттарыңыздың жабық немесе құпия сөзбен қорғалғанына көз жеткізу маңызды. Балалар кездейсоқ сатып алу немесе ақылы қосымша жүктеп алулары мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін App Store, Google Play немесе басқа платформаларда сатып алуды растау мүмкіндігін қосыңыз. Бұл қажетсіз шығындарды болдырмауға және деректеріңізді қорғауға көмектеседі.
Кері байланыс пен төлем әдістерін талдаңыз. Сатып алуды аяқтамас бұрын, дүкен туралы пікірлерді оның веб-сайтында ғана емес, тәуелсіз ресурстарда да мұқият қарап шығыңыз. Алаяқтар жиі өздері жалған оң пікірлер жазады, сондықтан әртүрлі көздерден алынған ақпаратты тексеру маңызды. Сондай-ақ, қол жетімді төлем әдістеріне назар аударыңыз: сенімді дүкендер тауарды алғаннан кейін төлем жасауды қоса алғанда, бірнеше төлем нұсқаларын ұсынады. Егер сайтта төлемнің тек бір ғана әдісі қолжетімді болса, бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.
Тағы да бірнеше қарапайым кеңестер:
Құпия сөздерді браузерде сақтамаңыз – дұрысы, құпия сөз менеджерін қолданыңыз.
Карта бойынша үзінді-көшірмелерді үнемі тексеріп отырыңыз - бұл рұқсатсыз есептен шығаруларды уақытында анықтауға көмектеседі.
Электрондық поштадағы күдікті сілтемелерге өтпеңіз - фишингтік хаттарда көбінесе зиянды сілтемелер болады.
Интернетте сауда жасау — бұл, әрине, ыңғайлылық, түрлі таңдау және уақыт үнемдеу. Алайда, алаяқтық тәуекелдеріне ұрынбас үшін киберқауіпсіздіктің негізгі қағидаларын сақтау және онлайн-төлемдер кезінде сақтық таныту аса маңызды. Қаржылық сауаттылық пен сақтық шаралары цифрлық кеңістікте сіздің деректеріңіз бен жинақтарыңызды қорғауға көмектеседі.
Өзіңізді, өз ақшаңызды қорғаңыз және Fingramota.kz-пен қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Сауда алаңдарындағы алаяқтық: онлайн сатып алуларды қалайша қауіпсіз жасауға болады
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Қазақстанда азаматтардың банкроттығы: ол қалай жұмыс істейді және қандай жаңалықтар енгізілді
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық