Ақылмен қалай үнемдеуге көптеген материалдар мен дәрістер арналған. Интернет әлеміндегі қаржылық гуру өзінің лайфхактарымен бөліседі, оларды іс жүзінде сәтті қолдануға болады. Кейде ақшаны үнемдеу ең қымбат нәрсе – уақытты ысырап етуге әкеледі және керісінше. Дегенмен, уақыт – бұл ресурс және өте қымбат.
Fingramota.kz сізге үнемдеу мүмкіндіктерін басқа қырынан қарауға мүмкіндік беретін, сіздің уақытыңыздың құнын өлшеу әдісі туралы айтып береді.
Нені үнемдеу керек: ақша немесе уақыт?
Біз әрқашан уақытымызды бірдей пайдаға жұмсай бермейміз. Жағдайды елестетіп көріңіз: сізге онлайн режимінде сатып алуға болатын нәрсе ұнады, алайда бір «бірақ» бар – жеткізу ақылы. Оның құны аз емес, мысалы, сізге ұнаған зат 6 000 теңге, ал жеткізу құны – 1 000 теңге.
Егер өзіңіз алып кетуді таңдасаңыз, онда кептелістерді ескере отырып, қоғамдық көлікте сіз шамамен бір сағат немесе одан да көп уақыт және жол жүру үшін 160 теңге жұмсайсыз.
Мынадай сұрақ туындайды: жеткізу ақысын төлеп, уақытыңызды пайдалы бизнеске арнау керек пе, мысалы, отбасыңызбен бірге өткізу керек пе, немесе бір сағатты алып кетуге жұмсап, ақша үнемдеу керек пе?
Күнделікті өмірде тағы қандай сұрақтарға кезігеміз?
Басқа мысал. Сізге жұмысыңыздың бір сағатына 1 000 теңге төлеуге уәде беріп, қосымша жұмыс ұсынылды. Сіз бас тартуыңыз мүмкін. Ал егер сізге сағатына 10 000 теңге ұсынса? Сіздің уақытыңыз бұл ақшаға тұрарлық екенін қалай түсінуге болады? Тағы бір жағдайды қарастырайық. Бұл қайсысы дұрысырақ:
Біздің уақытымыздың бір сағатының құны бар, бірақ әрқайсымыз оның нақты бағасын атай алмаймыз.
Сіздің бір сағатыңыздың құнын қалай есептеуге болады?
Егер сіз уақытыңыздың бір сағаты қанша тұратынын білетін болсаңыз, онда бұл өзіңіздің уақыт ресурстарыңызды ұтымды пайдалануға ғана емес, сондай-ақ өзіңіздің күнделікті бюджетіңізді сауатты түрде жоспарлауға мүмкіндік береді.
Сіздің бір сағатыңыздың құнын есептеу үшін мына формуланы пайдаланыңыз:
Орташа алғанда, сіз айына 22 күн жұмыс істейсіз, бір күнде 8 сағат жұмыс күні.
Сіздің бір жұмыс күніңіздің орташа құны ______ теңге [Т-жұмыс күні =Т-ай/ЖК] болды.
Сіздің жұмыс уақытыңыздың бір сағатының орташа құны ______ теңге [Т-сағат Р=Т-күн Ж/ЖС] болды.
Бұл есепті бірге орындап көрейік. Мысалы, сіздің орташа айлық кірісіңіз бір айда 200 000 теңгені құрайды.
200 000:22 = 9 090,9 теңге (сіздің жұмыс күніңіздің орташа құны сонша тұрады).
9 090,9:8 = 1 136,4 теңге (сіздің сағатыңыздың орташа құны сонша тұрады).
Егер кірісіңіз тұрақты болмаса немесе сіз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын болсаңыз, соңғы 3-6 айдағы кірісіңізді есептеңіз, оларды қосып, тиісті ай санына бөліңіз. Осылайша сіз орташа айлық кіріс сомасын аласыз. Сіздің бір сағатыңыздың құнын анықтау үшін төменде келтірілген формуланы пайдаланыңыз:
Сіздің орташа айлық кірісіңіз ______ теңге [Т-ай] болды.
Сіздің бір айдағы 30 күнді есептеу кезінде бір күніңіздің орташа құны ______ теңгені [Т-күн=Т-ай/30 күн] құрайды.
Сіздің бір сағатыңыздың орташа құны (ұйқыға берілген уақытты шегергенде) ______ теңге [Т-сағат=Т-күн/сергек болу уақыты (шамамен 16 сағ.)] болды.
Бұл білімді қалай пайдалануға болады?
Өзіңіздің уақытыңыздың құнын біле отырып, соған бағдар жасайсыз, сізге сол немесе өзге сатып алулар туралы шешім қабылдау және үнемдеу жеңіл болады.
Біз материалдың басында қаралған ахуалға оралайық. Жеткізуге 1 000 теңге жұмсайсыз – бұл сіздің уақытыңыздың бір сағатынан аз ғана төмен. Егер сіз өзіңіз алып кететін болсаңыз, онда сізге жұмсалған уақыттың құнын ескеру керек: 1 136,4 теңге (сіздің уақытыңыздың орташа құны) және көлік шығыстары шамамен 160 теңге. Нәтижесінде өзіңіз алып келуге 1 296,4 теңге жұмсалады. Сізге жеткізіп беру тиімді болады, сіз бос уақытыңызды туыстарыңызбен өткізуге немесе өзіңізді дамытуға арнайсыз.
Көрнекі мысалдарды қарастырайық:
1. Ұсақ-түйекке кететін ақша. Жұмыс уақытында сіз күні бойы 2 кесе кофе ішесіз. Бір кесе кофенің бағасы – 600 теңге, екі кесе кофенің бағасы – 1200 теңге деп алсақ, онда екі кесе кофе бағасы сіздің жұмыс уақытыңыздың бір сағатына төленетін ақшаға тең болады.
2. Орташа заттарды сатып алу. Сіз телефон сатып алғыңыз келді, сіздің алдыңызда 70 000 теңге және 150 000 теңге тұратын телефонның біреуін таңдау тұр. Бірақ екі ұялы телефонның да функционалдығы бірдей. Егер сіз өзіңіздің уақытыңыздың құнын өлшеу әдісін қолдансаңыз, онда бірінші телефон сізге 61,6 сағатқа, ал екіншісі – 132 сағатқа төленетін ақыға тең болады. Айырмашылық бар ма?
3. Ірі заттарды сатып алу. Сізге шамамен құны – 300 000 теңге компьютер немесе ноутбук сатып алу қажет, бұл сіздің 264 сағатыңызға төленетін ақшаны құрайды. Егер сізге онлайн курстардан, вебинарлардан және біліктілікті арттырудан өту үшін гаджет қажет болса, онда сатып алу өз құнын ақтайды, егер ойын үшін алуды ойласаңыз, онда сіз мұндай ақшаны жұмсамауыңыз керек, сонымен қатар осы мақсат үшін тауарға берілетін кредит алудың қажеті жоқ.
Күнделікті шығындарыңызды қарап шығыңыз, қажетсіз және импульсивті сатып алулардың алдын алып, Сіз осы арқылы қаражатыңызды жақсы үнемдей аласыз. Егер сіздің уақытыңыздың бір бірлігіне ақша аударсаңыз, онда үнемдеу айтарлықтай қомақты болады. Әрине, «тең орта» туралы да ұмытпаңыз, үнемдеу мен өзіңізді марапаттау арасындағы тепе-теңдік қажет.
Fingramota.kz-тен бес кеңес:
- Уақытты дұрыс жоспарлаңыз, уақытыңызды және өзіңізді кәсіби маман ретінде бағалаңыз;
- Ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттар қоя біліңіз;
- Табысты алғаннан кейін бірден тапқан ақшаның 10%-ын жұмсамаңыз;
- Бюджетті тұрақты негізде жүргізіңіз, шығындарыңызды оңтайландырыңыз;
- Үнемі оқып, ізденісте болыңыз, қаржылық сауаттылық деңгейіңізді арттырыңыз.
Бала мен қаржы: қалта ақшасын қалай онлайн басқаруға болады
Жаңа қағидалар: коллекторлар бұдан былай борышкерлермен қалай жұмыс істейді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Қауіпті SMS: алаяқтар азаматтарды алдау үшін мәтіндік хабарламаларды қалай пайдаланады
Дропперлер дегеніміз кім және бұл неліктен қауіпті