Жалақы картасы қалай жұмыс істейді?
Жалақы картасы – бұл сіздің ұйымыңызда жалақы, сыйлықақы, қызметкерге іссапар шығындарын төлеу үшін қолданылатын банк картасы. Ұйым жалақы картасына қызмет көрсету үшін банкпен шарт жасасады. Мұндай картаның жалақыны қолма-қол ақшамен алумен салыстырғанда артықшылықтары көп. Жалақыны есептеу үшін дебет карталары қолданылады. Бұл сіздің картаңызда қанша ақша болса, тек сонша ақшаны ғана пайдалана алатыныңызды білдіреді. Алайда, банк картаға овердрафтлимит белгілей алады. Овердрафт – ол артық шығын. Мұндай жағдайларда сіз картаңызда жатқан ақшадан көп ақша жұмсай аласыз. Ал келесі жалақыны алғанда, одан пайыз ұсталып, сіздің борышыңыз өтеледі. Көп жағдайда овердрафт лимиті екі жалақыдан аспайды.
Жалақы күні картадан бар ақшаны алуға бола ма?
Өз кірісін қалай жұмсау әр адамның жеке ісі, алайда ақшаны бірмезетте қолма-қол ақшаға айналдыра отырып, сіз жалақы картасының артықшылығын пайдалану мүмкіндігінен айырыласыз. Мысалы, сатып алынған заттар мен көрсетілген қызметтер үшін картамен төлем жасаған кезде (терминалдар қазір көптеген дүкендерде, сервистік ұйымдар мен дәмханаларда бар) сіз cashback ала аласыз. Cashback ағылшын тілінен аударғанда «ақшаны кері қайтару» дегенді білдіреді. Аталған функцияның көмегімен сіздің сатып алуларыңыздан белгілі бір пайыз картаңызға кері қайтарылады. Cashback–тің артықшылықтары туралы жалақы картасына қызмет көрсететін банктен сұрап білуге болады.
Жалақы картасының ыңғайлығы неде?
Сіз бухгалтерияда жалақы алу үшін кезекте тұрмайсыз. Банк сіздің ұйымнан ақша аудару ала салысымен ақшаны қызметкерлердің жалақы карталарына бөледі. Жалақы картасы ақшаңызды қорғайды, картаны жоғалтып алсаңыз оны дереу бұғаттауға болады, ал ақшасы бар әмиянның кері қайтарылатыны екіталай. Қолыңызда жалақы картасы болса, үйден шығысымен әмиянда ақшаның бар-жоғына алаңдамауға болады.
Жалақы картасын шетелде қолдануға бола ма?
Болады, себебі ол әлемнің көп елінде қабылданатын кәдімгі дебет картасы. Сонымен бірге, сіз жалақы картасын түрлі валюталарда аша аласыз. Тіптен сізге жалақыны теңгемен төлесе де, сапар алдында сіз жалақы картаңызға еуро, доллар және рубль салып қоюыңызға болады. Шетелде сатып алған заттар үшін төлем тиісті валютада жасалады, яғни сіз конвертациялау кезінде ақшадан ұтылмайсыз. Егер сіздің шотыңызда теңге болғанның өзінде де, шетелде осы картамен төлеуіңізге болады. Тек операция кезінде валюталарды конвертациялау үшін комиссия алынады.
Жалақы картасына арналған интернет-банк
Жалақы картасын көрсетілетін қызметтер мен тауарларға ақы төлеу үшін қолдануға болады. Оны жасамас бұрын менеджердің кеңесін алған дұрыс, ол оның егжей-тегжейін түсіндіріп, интернет-транзакциялардың (интернет- дүкендерде сатып алу, қашықтағы курстарға немесе киноға билеттерді төлеу) қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша пароль беруі мүмкін.
Жалақы картасымен бірге қызметкер интернет-банкке қолжетімділік алады. Бұл шоттың жай-күйін, ол бойынша жүргізілген операцияларды қадағалай алады, коммуналдық төлемдерді жасай алады, интернет, телефон үшін ақы төлейді, жол қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлей алады, картадан картаға аударымдар жүргізіп, тіпті қайырымдылықпен айналыса алады. Интернет-банкке қосылу уақытыңызды үнемдейді!
Мыналарды есте сақтау маңызды:
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды