Кредиттерді онлайн режимде алудың жылдам әрі ыңғайлы болуына қарамастан, оларды ақылмен пайдалану қажет. Теріс және жауапкершіліксіз көзқарас болған кезде айтарлықтай қаржылық шығындарға ұшырап, алғаннан гөрі одан көбірек беруге тура келеді.
Онлайн-кредиттердің ыңғайлы болуы өте айқын. Бөлімшеге барудың қажеті жоқ, кезек жоқ. Бұдан басқа, онлайн-кредит беру кезінде әдетте кепіл болжанбайды. Қазіргі уақытта оларды алу үшін онлайн-режимде кредиторға өзіңіз туралы шамалы ақпарат ұсыну жеткілікті: ЖСН және мобильді телефон нөмірі. Онлайн-кредиттер бойынша шешім өте тез қабылданады, ал мақұлдау пайызы аса жоғары.
Алайда бұл ретте тұтынушылар, сол сияқты қаржы ұйымдары да қаржылық алаяқтық және үшінші тұлғаларға жалған кредит алу фактілеріне тап болды. Сондықтан 2021 жылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі клиенттерді идентификаттау жөніндегі талаптарды қатаңдатты және барлық микроқаржы ұйымдары үшін міндетті болатын клиенттерді идентификаттаудың жаңа тәртібін қабылдады.
Жаңа талаптарға сәйкес енді клиентті аутентификаттау үшін мынадай үш тәсілдің біреуін пайдалану көзделген:
- Ұлттық куәландыру орталығы беретін электрондық цифрлық қолтаңба;
- ҚР Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының Жеке деректерді өңдеу орталығы көрсететін қызметтерді пайдалану арқылы биометриялық идентификаттау;
- Екі факторлы аутентификаттау.
Клиентті идентификаттауды жүргізбей микрокредиттер беруге тыйым салынған.
Бұдан басқа, көп адамдар, егер мысалы телефон нөмірін немесе тұрғылықты жерін ауыстырса, кредитор қарыз алушыны таба алмайды және міндеттемелер бойынша төлемеуге де болмайды деп ойлайды. Мұндай көзқарас бүлінген кредит тарихынан бастап, елеулі айыппұлдар мен өсімпұлдарға дейін өкінішті салдарға әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар мұндай жағдайлар өте жиі кездеседі. Жылдам ақша тегін ақша емес. Ал онлайн-қарыздар бойынша мөлшерлемелер өте жоғары болуы мүмкін.
Банктік қарыздар және микроқаржы ұйымдарындағы қарыздар үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 56%-дан аспауға тиіс. Бұл ұзақ мерзімге алынған қарыздарға қатысты. Егер сіз ақшаны қысқа – 45 күнге дейінгі мерзімге алатын болсаңыз, онда мөлшерлеме айына 30%-ға дейін жетуі мүмкін. Бұдан басқа мұндай қарыз көлемі 50 ЕАК немесе 145 850 теңге мөлшерінде шектеулі.
Қысқа мерзімді онлайн-қарыздар бойынша негізгі борыш және пайыз сомасын бірден және толығымен қайтару қажет болатын фактіні де ескеру қажет. Оның үстіне мұны мерзімін өткізбей істеген дұрыс. Олай болмаған жағдайда, айтарлықтай көлемде өсімпұл есептеледі.
Сонымен бірге микрокредит берген кезде қаржы ұйымы әлеуетті қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін, яғни кез келген кредиттік ұйымдардағы барлық кредиттеріне қызмет көрсету үшін ай сайын төлейтін соманы ескеруі қажет екенін атап өткен жөн. Егер жаңа кредит бойынша төлемдерді есептегенде ай сайынғы төлем қарыз алушының бүкіл ай сайынғы кірісінің 50%-нан асып кетсе, қаржы ұйымы мұндай кредитті беруге құқылы емес.
Бұдан басқа қарыз «жылдам» болғандықтан, кредитор оны өндіріп алу процесін де жылдам бастауы мүмкін. Мұндайда онымен төлеу мерзімін кейінге қалдыру, қайта қаржыландыру немесе қарыз мерзімін ұзарту туралы келісу мүмкін болмайды.
Сондықтан да кез келген қарызды, әсіресе, қашықтан отырып алмас бұрын, талаптары мен шартты мұқият зерделеген жөн. Онда сіздің қандай соманы алатыныңыз, қандай соманы қай уақытта қайтаратыныңыз нақты жазылған.
Мәселен, кейбір онша адал емес компаниялар кредиттің өзін ұйымдастырғаны үшін қарыз сомасының үштен бір бөлігіндей ақы алады: мысалы 130 мың теңге болатын алдын ала кредиттің 30 мыңы қызмет көрсеткені үшін алынатын төлем болуы мүмкін. Сонда сіз шотыңызға 100 мың ғана алып, 130 мыңды пайызымен қайтаруыңыз қажет болады.
Шарт талаптары нақты – қандай да бір екі түрлі түсінетіндей болмай, қарыздың барлық сомасы, мерзімі және өтеу тәсілдері көрсетілуі керек. Қандай да бір талаптары түсініксіз болып не күмән туғызса, мұндай қарыздан және шартқа қол қоюдан бас тартқан жөн.
Айта кету керек, қазіргі уақытта қарыз түрінде ақша берумен айналысатын барлық компаниялар есептік тіркеуден өтуге міндетті. Ал 2021 жылғы наурыз айынан бастап міндетті түрде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы болуға тиіс. Қазіргі уақытта 1016 микрокредиттік ұйым есептік тіркеуден өтіп, лицензия алды. Жыл басынан бері олардың саны 181-ге азайды. Осылайша, кейбір ұйымдар лицензиялау рәсімінен өтпеді. Ешқандай жағдайда лицензияланбаған ұйымдармен шарт жасасуға болмайды. Проблемалар туындаған кезде сіз мұндай компанияның әрекеттерін реттеушінің қолдауынсыз, тек сот тәртібімен ғана шеше аласыз.
Компанияның тіркеуден өткен-өтпегенін https://www.gov.kz/memleket/ entities/ardfm сайтында тексеруге болады
Кредит алу туралы шешім – бұл жауапты шешім, сондықтан кредитті қайтару қарыз алушы үшін кредит берушімен және бүлінген кредит тарихымен байланысты болмауы үшін сізге мыналарды істеу қажет
Fake Boss схемасы: алаяқтардан қалай сақтануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Микроқаржы омбудсманы: ол қандай мәселелерді қарайтын болады
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Менің зейнетақы жоспарым. Зейнетке жинақтауды қашан бастау керек?
Банк омбудсманы: ол не үшін қажет және оған қандай жағдайда жүгінуге болады