ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, «Қаржылық инклюзия» жобасымен және К.Иманәлиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдар ісі жөніндегі комиссиямен бірлесіп Қазақстанда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында сауалнама жүргізеді.
Сауалнама мүмкіндігі шектеулі адамдардың қаржы өнімдері мен қызметтеріне деген сұранысын анықтауға көмектесіп, оларды алуға байланысты проблемаларды көрсетеді.
Сауалнама нәтижелері бойынша Агенттік қаржылық қолжетімділікті арттыру үшін қажетті шаралар қабылдайтын болады. Нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі адамдар қаржы жүйесіне кірігіп, қаржы өнімдері мен қызметтерінің базалық жиынтығын толыққанды алу мүмкіндігіне ие бола алады.
Сауалнамамен қамтуды ұлғайту үшін Fingramota.kz барынша көп репост жасауды сұрайды! Адамдарға денсаулығының шектеулі болуына қарамастан, қаржы өнімдері мен қызметтерін алуға көмектесейік!
Сауалнаманы мына сілтеме бойынша танысуға болады
Назар аударыңыз! Алаяқтар хабарламамен шабуылдайды: белгісіз eSIM сұраныстары немен қауіпті
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Қалта ақшадан алаяқтарға дейін: қазіргі заманғы оқушы нені білуге тиіс?
Жеңіл ақшаның құны: кәдімгі қосымша жұмыс адамды дропперге қалай айналдыра алады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Алдымен өзіңе төле»: неге бұл қағида бәріне бірдей жұмыс істемейді