Цифрлық өнімдер арқылы қалайша ақша жинауға және көбейтуге болады

time 29.11.2024
aye 1122
Цифрлық өнімдер арқылы қалайша ақша жинауға және  көбейтуге болады

Заманауи әлемде цифрлық технологиялар біздің өміріміздің ажырамас бөлігінің біріне айналды, бұл, өз кезегінде, қаржыны басқару, әсіресе өскелең ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда

«OYLA» ғылыми-танымдық журналының кезекті санында  балалардың цифрлық қаржы құралдарын қалай пайдалануға болатыны, депозиттер, мобильдік қосымшалар түрінде өздеріне «ақша қобдишаларын» ашу, үнемдеу және жинақтау дағдыларын меңгеру, сондай-ақ кибералаяқтардан қорғану тәсілдері жөнінде баяндалады

Балаларды онлайн-кеңістікте ақшаны дұрыс пайдалану дағдыларына үйрету оларды қаржылық тұрғыдан тәрбиелеудің маңызды аспектісі болып табылады. Қаржылық сауаттылық негіздеріне, оның ішінде күнделікті қалта шығынын басқара білуге үйрету балаларға жастайынан ақшаның құнын, сондай-ақ қажеттіліктер мен «керектің» арасындағы айырмашылықтарды түсінуге көмектеседі.

Осындай оқытудан өтудің маңыздылығының тағы да бірнеше себептері бар:

Онлайн-алаяқтықтан қорғану. Интернетте алаяқтық схемалар өте көп. Цифрлық гигиенаны сақтау ықтимал қауіп-қатерлерді танып-білуге және өзіңіздің қаржылық және дербес деректеріңізді қорғауға көмектеседі.

Қаржыға жауапкершілікпен қарау.  Балаларды ақша жұмсау кезінде ойланып, саналы таңдау жасауға үйрете келе, біз олардың бойында өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау сезімін дамытамыз.

Бюджетті жоспарлау. Баланың жеке бюджетті құра білу, үнемдеу және өз шығындарын бақылап отыру жөніндегі білімі болашақта оны ақшаны ұтымды жұмсауға үйретеді.

Цифрлық құралдарды пайдалану. Бүгінгі күні жеке қаржыны басқаруға арналған көптеген қосымшалар бар. Балаларды мұндай құралдарды пайдалануға үйрету арқылы сіз олардың ақша мәселелерін шешуге оң көзқарасын қалыптастырасыз.

Инвестициялауға үйрету. Балаларға инвестициялау тақырыбы бойынша, яғни инвестициялау не үшін қажет екені және ол қалай жұмыс істейтіні жөнінде бастапқы білім беруге болады. Болашақта бұл дағды оларға табыс әкелетін қаржылық стратегияны дамытуға көмектеседі.

Осылардың барлығы жөнінде қарапайым және түсінікті тілде «OYLA» журналының қаржылық сауаттылық жөніндегі балаларға арналған қосымшасында баяндалады. Танымдық ақпарат, глоссарий, түрлі-түсті суреттер, коллаждар – мұның барлығы жас қаржыгерлерге материалды тез игеруге көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, балаларға арналған қосымшалар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Fingramota.kz. қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы шеңберінде мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады. 

Толығырақ "Балаларға арналған бөлімнен" оқыңыздар

white-arrow Тізімге