Елес кредиторлар: алаяқтар алдаудың қандай жаңа тәсілдерін ойлап табады

time 18.07.2022
aye 7402
Елес кредиторлар: алаяқтар алдаудың қандай жаңа тәсілдерін ойлап табады

Сіз аса тартымды шарттармен кредит іздеген кезде қаржылық алаяқтарға тап болуыңыз мүмкін. Мысалы, сізге мүлде м жоқ банктің немесе микроқаржы ұйымының (МҚҰ) менеджері хабарласуы мүмкін. Fingramota.kz бұл туралы т олығырақ айтып береді.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы пайдаланушыдан өзі тап болған ұйымның алаяқтық болып табыла ма деген сұрақ түсті. Ол онлайн-кредит алуға қаржы ұйымдарының интернет-сайттары арқылы өтінім бергенін айтты. Және оған «онлайн-кредитор» қоңырау шалып, ол 300 мың теңге сомасындағы қарызды мақұлдау туралы хабарлады, бірақ ақшаны алу үшін 60 мың теңгені картаға ықтимал мерзімін өткізіп алудан сақтандыру үшін аударуды талап етті. Бұл «кредиттік»  ұйымның «менеджері» хабарлағандай, ақша карточкаға аударылады, ол кейіннен клиент ретінде оған беріледі және жақын арада курьер арқылы жеткізіледі. Пайдаланушы бір шикіліктің болғанын сезіп, онлайн-кредитордың қаржы реттеушісінің ресми тізіліміне енгізілмегенін анықтады.

Кредиттік алаяқтарды қалай әшкерелеуге болады?  

Алаяқтар өздерін екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ), МҚҰ қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін. Көп жағдайда олар ірі және танымал қаржы ұйымдарының атаулары мен логотиптерін пайдаланады, бірақ алаяқтар алдаудың басқа схемаларын да ойлап тапты. Олар клиенттерге белгісіз, дәлірек айтқанда, ойластырылған қаржылық құрылымдардың атынан байланысқа шығады. Бұл елес кредиторлар деп аталады. ТМД елдерінде алаяқтықтың бұл түрі пандемия кезінде кеңінен таралды.

Елес кредитордың интернетте өзінің жеке, оның ішінде фишинг парағы бар. Кейде жалған сайтта ұйымның байланыс деректері көрсетілуі мүмкін, сертификаттар мен лицензиялар орналастырылуы, ал веб-парақтың дизайны көрнекі грамматикалық қателіктерсіз және сапалы орналасумен өте сауатты жасалуы мүмкін. Осыған қарамастан, мұндай алаяқтарды әшкерелеу өте оңай.

Агенттіктің www.gov.kz сайтын ашу керек, «Қаржы нарықтары» бөлімі және одан әрі «Банк секторы» немесе «Басқа қаржы ұйымдары» – бұл сізге қандай ұйымның атынан, банктен немесе МҚҰ-дан байланысқанына байланысты. «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімдері»  деген бөлімде  Қазақстанда заңды түрде жұмыс істейтін және қаржылық реттеушіден тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдардың тізімі ұсынылған. Бұл олардың тарапынан бұзушылықтар орын алған жағдайда, қаржылық қызметтерді тұтынушылар өз құқықтарын қорғау үшін Агенттікке жүгіне алатынын, онда оларға міндетті түрде көмек көрсетілетінін білдіреді.

Сондықтан ақшаға қатысты маңызды шешімдер қабылдаған кезде сәл үзіліс алу керек. Қаржы ұйымдарының жалған қызметкерлерінің нұсқауларын орындауға асықпаңыз. «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы немесе «1459» қысқа нөмірі бойынша call-орталық арқылы (қоңырау шалу тегін) Агенттікте бәрін қайта тексеріп, кеңес алған дұрыс.

Алаяқтар әлеуметтік инженерия әдістерін пайдаланады, сондықтан кейбір адамдар олармен өзара іс-қимыл кезінде қырағылықты жоғалтады және өздерінің жеке және төлем деректерін хабарлауы мүмкін, ақшаны көрсетілген карталарға аудара алады немесе әртүрлі қосымшаларды жүктей алады, осылайша алаяқтрға өз гаджеттеріне қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Толығырақ «Кредиттер» бөлімінен оқыңыздар.

white-arrow Тізімге