«Fingramota Online» – қаржы мәселелері бойынша кеңес беруге арналған мобильдік қосымша

time 30.03.2021
aye 3539
«Fingramota Online» – қаржы мәселелері бойынша кеңес беруге арналған мобильдік қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) қызметі бойынша халықпен және бизнеспен жедел өзара іс-қимыл жасау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында ыңғайлы және пайдалануға жеңіл «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы жұмыс істейді.

Мобильдік қосымша қаржылық қызметтерді тұтынушылар құқықтарының бұзылуына, қаржы өнімдерін пайдалану талаптарына, қаржы институттарымен өзара іс-қимыл тәртібіне қатысты сұрақтар қоюға, қаржылық алаяқтық жағдайлары және қызметінде қаржы пирамидасының белгілері байқалатын күмәнді ұйымдар туралы 24/7 режимінде хабарлауға мүмкіндік береді.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін «Fingramota Online» мобильдік қосымшасында 14 негізгі тақырыптық бөлім ұсынылған:  

  • Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
  • Қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық;
  • Банктерде қызмет көрсету;
  • Ипотекалық кредиттер;
  • Тұтынушылық кредиттер;
  • Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
  • Депозиттер бойынша кепілдік;
  •  Сақтандыру;
  • Бағалы қағаздар нарығы;
  • Коллекторлық агенттіктердің қызметі;
  • Зейнетақы жүйесі;       
  • Төлемдер мен аударымдар;
  • Еңбекпен қамту;
  •  өзгелер.

Тіркеу процесі қарапайым және 2 минуттан аспайды, ыңғайлы және интуитивті интерфейс пайдаланушыларға мобильдік қосымшаны оңай басқаруға, сондай-ақ олардың қоңырауларының тарихын көруге мүмкіндік береді.

 «Жаңалықтар» бөлімінде қаржы реттеушісінің қызметі мен қаржы нарығындағы жағдай туралы мобильдік қосымшаны пайдаланушыларға арналған жедел ақпарат әрқашан қолжетімді.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін «Fingramota Online» веб-нұсқасы қолжетімді, онда смартфон емес, жеке компьютер арқылы сұрақтар жіберіп, жауап алуға болады.

Жіберілген жауаптар ақпараттық және түсіндірмелік сипатта болатындығын және қаржы реттеушісінің ресми жауаптары болып табылмайтынын ескеру қажет.

Ресми жауап алу қажет болған жағдайда пайдаланушылар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес Агенттікке жүгінуі керек.

Қосымша мемлекеттік және орыс тілдерінде көшіріп алу үшін мынадай сілтемелер бойынша қолжетімді. App Store: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211  Play Market: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals

white-arrow Тізімге