Халықаралық әйелдер күніне орай сегіз қаржылық лайфхак

time 5.03.2021
aye 3475
Халықаралық әйелдер күніне орай сегіз қаржылық лайфхак

8 наурыз мерекесінің жақындауына байланысты көпшілігіміз уақыт тақалғанда, сыйлық алып үлгермейтіндей, қолымызға түскенді аламыз. Сыйлыққа жұмсалатын қаржыны үнемдеу – сараңдық емес, шығынды әлдеқайда азайтуға мүмкіндік беретін ақылға қонымды шешім. Пайда дегеніміз – нақ сол ақшаға көбірек зат алу мүмкіндігі. Сондықтан да кез келген сыйлық қымбат емес, пайдалы, ұтымды, сонымен қатар бағалы да ұнамды болуы керек.

1.  Сыйлықты өз қолыңызбен жасаңыз

Сүйікті әйелдеріне зергерлік бұйым немесе саясатқа жолдаманы кез келген адам сыйлай алмайды. Қазіргі кезде өз қолыңызбен жасалған сыйлықтар - «hand made» кеңінен таралуда. Бұл сіздің ақшаңызды үнемдеп қана қоймайды, махаббатпен әрі мейіріммен істелген сыйлық дүкеннен сатып алынған сыйлықтан әлдеқайда құнды әрі қымбат. Мәселен, авторлық рецептпен кешкі ас дайындауға, фотокітап істеуге, қолдан қайнатып сабын жасауға және шағын гүлшоғын сатып алуға болады.

2. Сыйлықтардың тізімін жасаңыз

«Тізім» деген сиқырлы сөз. Сыйлық жасағыңыз келген арулардың тізімін жасаңыз. Әр арудың атының тұсына сыйлықтың болжамды нұсқасын және жоспарланған бюджетті жазыңыз. Сонымен бірге тізімге кез келген жасқа сәйкес келетін екі бейтарап сыйлық қосқан жөн.

3. Көтере сатып алыңыз

Егер сізге жұмыстағы әріптестеріңізге көп сыйлық алу қажет болса, онда оны көтерме сауда дүкендерінен алған дұрыс – ол айтарлықтай үнемдірек болады. Бұл гүлдерге де қатысты. Кейде құмырадағы гүлдер әрі арзан, әрі ұтымды болатынына назар аударыңыз. Тірі гүл кесіп алынған гүлшоқтарына қарағанда қызығырақ әрі ол ұзағырақ гүлдейді.

4. Бағаларды салыстырыңыз

Сыйлықтардың басқа дүкендердегі, оның ішінде интернет-дүкендегі бағаларын салыстырыңыз. Көбіне сауда орталықтарына қарағанда онлайн дүкендерде сыйлықтар арзанырақ болып жатады, себебі интернет-сатушылар жалдау және жабдық үшін аз шығындалады. Бұдан басқа интернет-дүкендер қосымша жеңілдіктер мен акциялар ұсынады, бұл да шығынды қысқартуға көмектеседі. Тағы бір артықшылық – үйге дейін жеткізіп береді, бұл жолға кететін уақыт пен шығынды азайтады.

5. Мерекелік дүрбелеңде сақ болыңыз

Мерекенің алдында барлық дүкендер жеңілдіктер мен акциялар ұсынады. Алайда мынаған назар аударыңыз: ұсынып отырған жеңілдіктер, баға көрсетілген жапсырмада көрсетілген бағаға сәйкес келе ме. Дүкендер бастапқы бағаны алдын ала көтеруі немесе оны баға көрсетілген жапсырмада «акция» деп жазып сол күйінде қалдыруы мүмкін. Сондықтан бағаларды қадағалаңыз және оларды түрлі орындардағы бағамен салыстырыңыз. Сондай-ақ әрине, өзіңізді бақылаңыз – бағасы төмен екен деп, ойламаған және қажет емес затты сатып алмаңыз!

6. Пайдалы сыйлықтар

Таңдаудың өте көп болуына қарамастан, «сыйлау үшін сыйлық» жасағаннан гөрі, ең дұрысы, расында пайдалы және әмбебап затты сыйлау керек. Заманауи пайдалы гаджеттерге, қолшатырларға назар аударыңыз, олар әрқашан маңызды. Сыйлық алатын адамның немен айналысатынын еске түсіріңіз және ол қызығатын затты таңдаңыз. Егер таңдау жасау үшін идеяңыз немесе уақытыңыз болмаса, сертификат немесе сыйлық картасы жақсы сыйлық бола алады.

7. Кэшбэкпен сатып алыңыз

Кешбэгі бар төлем карталарымен есеп айырысыңыз, онда сатып алу сомасының белгілі бір пайызы қайтарылады. Сол арқылы сіз сұлу аруларға ғана емес, өзіңізге де сыйлық жасайсыз. Сонымен қатар, кешбэк бойынша науқандар әдетте ең өзекті және қажетті тауарларға қолданылады. Басқалай жасауға да болады: қазір қандай тауарларға кешбэк бар екеніне мониторинг жасап, сол арқылы сыйлық үшін идея табуға болады.

8. Ортақ ақшаға сыйлық алу

Өзіңізге сыйлық сатып алуға болады, бірақ бюджет шеңберінен шығып кетпеу керек екенін талдау қажет. Достармен, әріптестермен немесе туыстармен бірлесіп «ортақ ақшаға сыйлық» сатып алу нұсқасын қараған дұрысырақ. Бірлесіп сыйлық жасаған кезде сіз ақшаңызды үнемдеп, расында пайдалы, ыңғайлы және құнды сыйлық жасай аласыз.

Сыйлық алар алдында сатып алуға қанша шығын жұмсауға дайын екеніңізді есте сақтаңыз және шығыныңыз бен бір күнгі бюджетіңізді қадағалаңыз.

 

Өзіңізді, ақшаңызды сақтаңыз, қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

white-arrow Тізімге