Кредиттік алаяқтар: алдаудың бес белгісі

time 23.10.2024
aye 85
Кредиттік алаяқтар: алдаудың бес белгісі

Алаяқтар адамдардың сенгіштігін пайдаланыполардың атына қарыз ресімдейді.

Осындай жағдай сіздің басыңызға түспеуі үшін Fingramota.kz жаңа материалын оқыңыз – біз сізге кредиттік алаяқтарды оңай анықтауға көмектесетін бес белгі туралы айтып береміз.

Кредит  тарихын тексерусіз қарыз туралы уәде

Бұған дейін біз кредиттік тарихтың маңыздылығы және неге банктер мен МҚҰ оны әрдайым зерттейтінін түсіндірген едік. Жаман несие тарихы бар азаматтар жиі алаяқтардың құрбаны болады, себебі олар ақшаға мұқтаж болып, несиені жылдам және аз талаптармен рәсімдеуді қалайды. Сол себепті алаяқтар өздерінің «қызметтерін» ұсына отырып, мынадай сөздерді қолданады: «Несие тарихын тексермей несие мақұлдаймыз, артық сұрақ қоймаймыз» немесе «Қарызыңыз болса да, кепілдендірілген несие береміз»,- деп.


Алайда есте сақтаңыз: кредит берушілер сенімсіз адамға ақша беріп шығынға ұшырап қалмау үшін, әрқашан клиенттің несие тарихын тексереді, себебі олар тәуекелдерді бағалайды. Тексеру жүргізбеу – алаяқтардың сізден ақша алуға мүдделі екенінің айқын белгісі.

«Таңертең ақшакешке орындықтар»

Кредиттік алаяқтар несие ресімдеу барысында «міндетті сақтандыру төлемін» немесе «алдын ала төлемді» сұрауы мүмкін. Жалған несие берушілер бұл ақшаны несие мақұлданған соң қайтарамыз немесе оны кредитті өтеу кезінде ескереміз деп сендіреді.

Алайда ешбір банк немесе МҚҰ несие беру үшін алдын-ала төлем талап етпейді. Егер керісінше болса – сіз кредиттік алаяқтардың құрбаны болдыңыз деген сөз. Олар алдын-ала төлемді алған соң байланысқа шықпай, сіздің нөміріңізді бұғаттап тастауы мүмкін.

Лицензияның болмауы

Егер сіз білмей, интернеттен «Жылдам несие» деп іздесеңіз, лицензиясы жоқ алаяқтарға тап болуыңыз мүмкін. Олар сізге қандай да бір құжат жіберуі мүмкін – әдетте ол сапасыз сканерленген көшірме болады. Мұндай құжатта мөрлер мен қолтаңбалар болуы ықтимал, бірақ ол жалған екенін ұмытпаңыз.

Қазақстандағы кез келген банк немесе МҚҰ өз қызметін жүзеге асыру үшін лицензияға ие болуы тиіс. Оның бар-жоғын тексеру оңай – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында лицензиясы бар қаржы ұйымдарының тізімі бар. Егер сіз жүгінген ұйым бұл тізімде жоқ болса, бұл – сізді алаяқтар алдап жатыр деген сөз. Қаншалықты тиімді ұсыныс сияқты көрінсе де, олардың қызметінен бас тартыңыз.

Кредиттік келісімнің түсініксіз шарттары

Көп жағдайда алаяқтар клиентке кредиттік келісіммен танысуға жеткілікті уақыт бермейді, «Бұл – стандартты келісімшарт» деп ақталады. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Кредиттік келісім стандартты бола алмайды, себебі ол сіздің жеке шарттарыңызды, төлемдер кестесін және жеке құжаттарыңыздағы мәліметтерді ескеруі қажет.

Алаяқтардың келісімді оқуға мүмкіндік бермеуі – алдаудың ең айқын белгісі. Егер лицензиясы бар қаржы ұйымы келісімді жасырса, бұл сіздің қаржылық қызметтер тұтынушысы ретіндегі құқықтарыңызды бұзу болып табылады. Кез келген келісімшартқа қол қоймас бұрын, оны міндетті түрде оқып шығыңыз!


Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге