Онлайн-банкинг – банктің қызметтерін үйден шықпай, қашықтан алуға мүмкіндік беретін қолайлы құрал.
Ол карантин кезеңінде ерекше қажет. Коммуналдық немесе басқа қызметтердің ақысын төлеу үшін денсаулығыңызға қауіп төндіріп банктің бөлімшесіне барудың, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Байланыс жасайтын адамдар аз, мүмкіндік көп.
Онлайн-банкинг дегеніміз не? Бұл – шотыңыздағы ақшаны қашықтан басқару тәсілі. Банктің веб-сайты немесе мобильдік қосымшасы арқылы қол жеткізуге болады. Онлайн-банкингтің көмегімен шоттағы ақша қозғалысын қадағалауға, түрлі қызмет ақысын, салықты және айыппұлдары төлеуге, жақындарыңызға ақша аударуға, депозитіңізді толықтыруға және кредиттік өнімдерді басқаруға болады.
Бұл операцияларды банктің мобильдік қосымшасы арқылы жүргізген ыңғайлы. Оны смартфоныңызға жүктеп алыңыз, браузерден сайтты іздеп, жеке кабинетіңіз бар интернет-парақшаны жүктеуге уақыт жұмсамай, қажетті операцияларды санаулы секундтарда жүргізе аласыз.
Толығырақ мына бөлімнен оқыңыздар.
Сұр кредиторлар: борыш қақпанына қалай түсіп кетпеуге болады
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Қазақстандағы жеке тұлғалардың банкроттығы: қалай жұмыс істейді және ол кімге қажет
Ломбард және кредит тарихы: қарыз кредитті мақұлдауға әсер ете ме
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?