Танымал WhatsApp мессенджері арқылы алаяқтық схемалар

time 20.12.2023
aye 4083
Танымал WhatsApp мессенджері арқылы алаяқтық схемалар

WhatsApp мессенджері – күн сайын миллиондаған адамдар бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу және бөлісу үшін пайдаланатын ең танымал мессенджер. Бұл мессенджердің халық арасындағы танымалдығы алаяқтардың назарынан тыс қалған жоқ.

Бұл материалда Fingramota.kz-пен бірге азаматтардың аккаунттарын бұзудың және қадағалаудың ең кең таралған тәсілдерін қарастырамыз, сонымен қатар алаяқтардың айла-амалдарынан қорғану үшін практикалық кеңестер береміз. 

Әлемдік компаниялардың ІТ-қауіпсіздік қызметі қаншалықты белсенді жұмыс істесе де, алаяқтар әлі де адамдардың WhatsApp-тағы есептік жазбасын бұзудың және оны қадағалап отырудың жолдарын табуда. Мессенджер әзірлеушілері пайдаланушылардың деректерін шифрлау жүйесін жетілдіру бойынша күнделікті жұмыс істейді, бұл алаяқтардың жұмысын қиындатады, дегенмен хакерлер өздерінің жеке мақсаттарын жүзеге асырудың түрлі амалдарын табады.   

Телефонда WhatsApp-тағы есептік жазбаны бұзу үшін құрылғыға кіру қажет. Ең қарапайым әдістердің бірі – телефонға шпиондық бағдарлама орнату. Бүгінгі күні оның құрылғыдағы белсенділігін қадағалауға және бақылауға мүмкіндік беретін көптеген осындай қосымшалар бар.  Мұндай қосымшалар көптеген елдерде заңсыз деп танылады және бұғатталады. Мысалы, алаяқтар азаматтарды алдаудың фишинг немесе вишинг сияқты танымал әдістерін белсенді түрде қолданады. Қажетті ақпаратты алу үшін алаяқтар пайдаланушыларға қоңырау шалады немесе сілтемелер жіберуі мүмкін.

Бір реттік код арқылы WhatsApр-ты қалай бұзуға болатыны туралы бірнеше сценарийді қарастырайық.

1. WhatsApр мессенджерін бір реттік код арқылы бұзу. Сіздің телефоныңызға алаяқтар WhatsApр-ты авторизациялайтын коды бар SMS жібереді. Әрі қарай мессенджер арқылы таныс адамнан ол өз шотына кірген кезде кездейсоқ енгізген осы кодты қайта жіберуді сұрайтын хабарлама келеді.

Әдетте, бұл жағдайда олар сіздің досыңыздың аккаунты арқылы жазады, ол қазірдің өзінде бұзылған. Бірақ бұл WhatsApp-ты бұзудың жалғыз жолы емес.

2.  WhatsApр мессенджері арқылы кездесуге шақыру. WhatsApp арқылы алаяқ сіздің танысыңыздан/досыңыздан кездесуге шақыру жібереді. Әрі қарай, алаяқ кафеге/мейрамханаға тапсырыс беру үшін нөмір иесі көрсетілгенін айтып, бронь кодын жіберуді сұрайды.

Егер сіз осы кодты жіберетін болсаңыз, онда алаяқтар сіздің есептік жазбаңызға автоматты түрде қол жеткізеді. 

3. WhatsApр мессенджері арқылы қарызға ақша алу. «Сәлем, қарызға N...сомада ақша бере тұрасың ба. Менің карточкам үйде қалып кетіпті, ақшаны жұбайымның/досымның +7............ нөміріне жібер, кешке қайтарамын».

Соңғы уақытта мұндай хабарлар көпшілік сипатқа ие болып отыр, хакерлер пайдаланушының WhatsApp желісін бұзып, оның атынан достарына, әріптестеріне немесе туыстарына белгілі бір ақша сомасын қарызға сұрап хабарлар таратады. Мұндай қулықты түсінбей, көп адам ақша жібереді, ал барлығы әшкере болған уақытта ештеңе істей алмайды.


Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге