Жаңа жылдық сатылымдарға әуес болсаңыз - абай болыңыз!

time 27.12.2022
aye 4715
Жаңа жылдық сатылымдарға әуес болсаңыз - абай болыңыз!

Әдетте, қаскүнемдер Ж аңа жыл қарсаңында белсенділік танытады. Мысалы, олар жаңа фишингтік сайттар құрып, оларды белгілі онлайн-дүкендер мен сауда желілері және әлеуметтік желілердегі жалған аккаунттар ретінде бүркемелейді.

Алаяқтар сатып алушыларды көбінесе үлкен «мерекелік жеңілдіктермен», акциялармен, сыйлықтармен қызықтырады. Интернетте тарататын өз жарнамаларында, сондай-ақ  электрондық пошта мен  мессенджерлер арқылы алаяқтар «Жаппай сатылым», «90%-ға дейін жеңілдік», «Бұрын-соңды болмаған ұсыныс», «Ескі жылдағы соңғы мүмкіндік» деген сөздерді қолданады. Алаяқтар өз ресурстарында «акцияның» аяқталуына дейін қалған уақытты көрсететін түрлі есептегіштерді жиі қолданады.

Алаяқтардың «сататын» тауарларының ішінде - шыршалар, жаңа жылдық атрибутика, электртехникасы,  киім-кешек, аяқ-киім, тағамға белсенді қоспалар және тағы басқа көптеген тауарлар бар.

Тұтынушылардың сеніміне кіру үшін қаскүнемдер танымал әлеуметтік желілерде пайдаланушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, аккаунттар жүргізеді. Шын мәнісінде алаяқтар бос ауа «сатады», яғни олар ештеңе сатпайды, олардың мақсаты  –  өздерінің әлеуетті құрбандарының дербес және төлем деректеріне ие болу.  

Алданып қалмаңыз

Қызығушылық танытқан сатып алушылар онлайн тапсырыс беру туралы шешім қабылдап, фишингтік бетке түседі. Егер олар таңдаған тауарларына ақы төлеу үшін өз карточкаларының деректерін енгізсе, алаяқтар олардан барлық ақшаны есептен шығара алады.

Есіңізде болсын! Банк карточкасының артқы жағындағы үш таңбалы кодты және қолданыс мерзімін қоса алғандағы, толық деректемелері –  бұл құпия мәліметтер болып табылады және оларды алаяқтарға өз еркімен бергеніңіз  ақшаңызды  қайтару мүмкін емес дегенді білдіреді.

Сол себепті, онлайн-сауда жасамас бұрын, киберқауіпсіздік ережелерін естен шығармау қажет, алаяқтардың психологиялық айла-шарғыларына берілмеу керек.

Толығырақ «Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімінен оқыңыз

white-arrow Тізімге