ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке сенімгерлік басқаруға беру туралы айтып берді.
2021 жылы Қазақстанның азаматтарына инвестициялық портфельді басқарушыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке сенімгерлік басқаруға өткізу мүмкіндігі беріледі. Қабылданған заңның нормаларын іске асыру үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зейнетақы активтерін жеке басқарушы компанияларға беру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.
«Жұмыс істеп жүрген азаматтар басқарушы компанияны дербес таңдай алады. Зейнетақы активтерін реттеушінің лицензиясы бар, жұмыс істеп тұрған компаниялар ғана басқара алатынын атап өтемін. Жеке басқаруға берілген қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті реттеушілік талаптар белгіленеді", - деді Мария Хаджиева 28 желтоқсанда өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.
Хаджиева атап өткендей, реттеушілік талаптар басқарушы компаниялардың қаржылық орнықтылығына қойылатын болады. Атап айтқанда, меншікті капитал жеткіліктілігіне, зейнетақы активтерінің ең аз кірістілігіне, инвестициялық портфельді басқару тәжірибесіне (соңғы үш жыл), сондай-ақ қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары инвестициялануы мүмкін қаржы құралдарының рұқсат етілген тізбесіне.
« Басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің кірістілігіне кепілдік беру құқығы жоқ, алайда оның іс жүзіндегі кірістілігі белгіленген деңгейден төмен болса, ол салымшыларға өз қаражаты есебінен бұл айырманы өтеуге тиіс болады. Мәлімет үшін, бүкіл мерзім ішінде салымшылардың қаражатты Ұлттық Банкке қайтару немесе басқа компанияға аудару мүмкіндігі сақталады. Бұл шара азаматтардың өзінің зейнетақымен қамсыздандыруын жоспарлау жөніндегі жауапкершілігін арттырады», - деп түсіндірді Мария Хаджиева.
Зейнетақы жинақтары жеке басқарушы компанияларға берілуі және олардың басқаруында салымшылардың зейнетақы жасқа жетуіне дейін болуы мүмкін. Қажет болған жағдайда салымшылар өз жинақтарын бір басқарушы компаниядан басқасына аудара алады, бірақ жылына бір реттен жиі емес, деп атап өтті Агенттікте.
Зейнетақы активтерінің бір бөлігін жеке басқарушы компанияларға беру инвесторлардың институционалдық сегментінің нығаюына алып келетіні және еліміздің қор нарығының дамуына оң ықпал ететіні күтіледі.
Интернеттегі сатып алулар: нақты төлемдерді алаяқтық төлемдерден қалай ажыратуға болады
Кредиттік тарих бақылауда: деректерді тексеру және қателерді түзету қалай жүреді
Антифрод-базаға түсті: бұл банк клиенті үшін нені білдіреді
Бөліп төлеу, BNPL немесе бөліп төлеу: сатып алушы нені білуі маңызды
Сіздің атыңызға кредит: алдын ала қалай рәсімделуіне тыйым салуға болады
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді